10-12 СОӨЖ тақырыбы: Уақыт бедері
Тапсырмалар: Тәуелсіздік кезеңі әдебиетін зерттеген ғалымдардың ұжымдық еңбектеріне шолу жасау.
Есеп беру түрі: конспект жасау
СӨЖ тапсырмалары: тәуелсіздік кезеңі әдебиетін зерттеу жүйесі
Есеп беру түрі: ауызша талдау
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2. Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты: зерттеулер мен мақалалар. Алматы. Құс жолы, 2012.
3. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996.
4. Қазақ көркем сөзінің шеберлері: анықтамалық. Қарағанды. Экожан, 2010.
5 . Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002
6. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
7. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
8. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
3. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. - Алматы: Ғылым, 1995.
4. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ университеті, 2005.
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;
5-апта
№9-10 дәрістің тақырыбы: Қазақ поэзиясы және ұлттық идея
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар:
Поэзия (гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән.
Лирика (гр. Lyra -лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Тәуелсіздік тұсында ұлттық поэзия соны сипат алды. Әдебиеттің жетекші жанры қоғам өміріндегі жаналық-жетістіктерді, әр алуан тақырыптарды бар қырынан көрсетті. Адам өмірі мен еңбегі көркем де келісті жырланды. Қоғамдық құбылыстар, кезеңдік көріністер ел өміріндегі өзгерістермен сабақтастықта суреттелінді. Көркемдікке ден қойылды.
Қазақ поэзиясының жаңа кезеңі. Ондағы тақырыптық, көркемдк ізденістер. Ұлттық идея мұраты. Өлең өрнегі, сыр-сезім.
Қазақ жырын биік белеске көтерген – Ә. Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, Е.Әукебаев, М. Әлімбай, К. Салықов, Т. Молдағалиев, Қ. Мырза-Әли, О.Сүлейменов, М. Шаханов т.б. ұлт руханиятына, әдебиет пен өнер мұратына қатысты ізденіс, көзқарастары.
Поэзияда сыр-сезімге үні мен мұңын қосқандар – Қ. Бұғыбаева, Ф.Оңғарсынова, М. Айтхожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, Қ. Баянбай, Р. Ниязбек, Қ. Ілиясов, С. Оспанов, Т. Медетбек, Ж.Ерман, И. Сапарбай, С. Тұрғынбеков, А. Егеубай, Е. Раушанов, Иран-Ғайып, Т. Оразбаева, А. Қыдырбаева, З. Елғондиеава, Б. Бекетова т.б. ізденіс мұраттарындағы өзіндік болмыс-бітім, ұлт мұратына адалдық, өмірге- өнерге деген құштарлықтың кең орын алуы.
«Сөз өнері – дертпен тең» екенін терең түсінген жас қаламгерлер – Ә.Балқыбек, Ж. Әскербекқызы, А. Ақынбабақызы, Т. Ешенұлы, Ж. Әшімжан, Д. Берікқожаұлы, Б. Әбдіразақ, Н. Бердалы, Н. Қуантай, М. Райымбекұлы т.б.еркін үні, бағыт-көзқарастары.
Ұлттық өлең өнеріне өмір мұратын арқау еткен – Ж. Әбдіраштың «Құлпытас», М. Айтхожаның «Аңсау», Е. Әукебаевтың «Күн мен көлеңке», Ж. Бөдештің «Емендер түнде бүрлейді», Т. Қажыбаевтың «Хан Кене», А.Шамкеновтың «Ортақ үй», М. Шахановтың «Жаңа қазақтар», Иран Ғайыптың «Ғасыр кітабы», Т. Медетбектің «Тағдырлы жылдар жырлары», Н.Айтұлының «Рахымның падишасы», С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – Хауа Ана», Б. Жақыптың «Қолтаңба», Ұ. Есдәулеттің «Киіз кітап», Ғ.Жайлыбайдың «Құс қанаты», Н. Мәукенұлының «Құсни хат», С. Адайдың «Әр қазақ – менің жалғызым» т.б. жыр жинақтары.
Тақырыптық- құрылымдық, жанрлық-көркемдік ерекшеліктері. Шығармашылық әдеп пен әдет, әдіс пен стиль сырлары. Ой-сөз жүйесі.
Қазіргі қазақ поэзиясының даму ерекшеліктері. Өлең мұратынан ұлттық өрнек, сыр-сезім, ізденістің кеңінен көрініс табуы.
Қазақ ақындарының қоғамдағы, өмір-тұрмыстағы әр алуан көрініс-құбылыстарға үн қосуы. Тәуелсіздікті жырлауы.
Жас ақындар ізденісі, өзіндік қолтаңба, көзқарастар. Олардың өлең-өнердегі бейне, бедерлері. Тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері. Тілдік-стильдік ізденістері. Көзқарас, зерттеулер.
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ізденіс арналары. Уақыт бедерінің көрініс беруі. Көркемдік құпиясының өмірлік ұстанымы. Өнердегі өмірі мен өлендегі өрнектер. Ізденіс пен ізгілік иірімдері. Көзқарас пен қолтаңба. Өлең сөздегі сыр мен сымбат. Көркемдік келісім.
Қазақ өлеңі. Өлеңдегі өрнектер. Сөз сыры мен сипаттары. Поэзиядағы ізденіс мұраттары. Ақындар әлемі. Өмірге құштарлық. Өнерге сүйіспеншілік. Сөз сыны мен сырлары.
№5 семинар сабақтың тақырыбы: Қазақ поэзиясы және ұлттық мұрат
Сағат саны: 1
Тапсырмалар: қазақ поэзиясындағы ұлттық болмыс, ұлттық сипат, ақындық «мен» табиғаты, дирикалық қаһарман.
Достарыңызбен бөлісу: |