5. Курстың мазмұны
Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері
Бірінші апта
№1-2 дәрістің тақырыбы: Тәуелсіздік: тарихы мен тағылымы
Сағат саны: 2
Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра – халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік эстетикалық талғамының айғағы.
Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.
Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым. Нақтылай айтқанда, әдебиеттану – көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік-бейнелік ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін, әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән даму заңдылықтарын қарастыратын ғылым.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Тәуелсіздік – ұлт мұраты.
Тәуелсіздік – халықтың арман-аңсары, ар-ожданы.
Тәуелсіздік тарихы -көне кезеңдерден, даму үдерістерінен, халықтың қалыптасу һәм бағыт-бағдарларынан кеңінен көрініс береді.
Тәуелсіздік – еркін елдің, жаңарудың, тұтастанудың тұғырлы тірегі болуы.
Тәуелсіздік – ақыл-парасаттың, зейін-зерденің, таным-сананың азаттығын айқындауы. Ұлт мұратының көріністері.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығы
“Жүз жылға татитын” кезеңге (Н. Назарбаев) айналуы.
Тәуелсіздік – ақиқатқа айналған арманның, көп ғасырлық талап-тілектің нақты көрінісі. Елдік мұраттың жеңісі.
Тәуелсіздік жылдарындағы руханят ісі, ондағы өзгеріс пен соны да серпінді ілгерілеушіліктер.
ЮНЕСКО шеңберінде өткен – Абай, Жамбыл, Қаныш, Сәбит, Ғабит тойлары.Қазақ руханиятының қайнары.
“Уақыт тұтқыны” болған Алаш ардақтыларының – Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, т.б. есім-еңбектерінің еліне қайта оралуы.
XX ғасыр әдебиетінің ұлылы-кішілі аруақтарын еске алу мақсатын көздеген – “Тағзым” атты кештің тағылымы.
Қазақстан жазушыларының ХІІ құрылтайының өтуі.
Қазақ поэзиясы – Д.Әбілев, Т. Әбдрахманова, М. Әлімбай, Т.Молдағалиев, Қ. Мырза-Әли, О. Сүлейменов, М. Шаханов, Ф.Оңғарсынова, М. Айтхожина, А.Бақтыгереева, Ө. Нұрғалиев, С.Иманасов, И.Сапарбай, С.Тұрғынбеков, Н.Айтов, А.Егеубай, Ж. Ерман, А. Әлім т.б. өлең-жырлармен биік белеске көтерілуі.
Көркем проза – Х. Әдібаев, Қ.Жұмаділов, Ұ. Доспанбети, Ә.Нұршайықов, Ә. Нүрпейісов, З. Қабдолов, Ш. Мұртаза, Д. Досжан, М.Мағауин, Қ. Салғарин, С. Сматаев, Д. Исабеков, Б. Мұқай т.б. танымал туындыларымен толығып, көркемдік- рухани жағынан биіктей түсуі.
Драматургия жанры – Ә. Кекілбайұлы, Ш. Мұртаза, С. Жүнісов, Ә.Тарази, Қ. Ысқақұлы, Д. Исабеков, Е. Әлімжан, И. Сапарбай, И. Ғайып, Р.Мұқанова т.б. пьесалары арқылы ел-жер, өмір-тұрмыс, тарих толқындарын кең көлемде бейнелеуі.
Әдеби сын – З. Серікққалиев, С. Жұмабек, Ж.Дәдебаев,Қ.Ергөбек,Ә. Бөпежанова, Т. Шапай т.б. жинақ, мақалаларында кең орын алып, сол арқылы руханият ісіне, сөз өнерінің даму-қозғалысына үлкен үлес қосуы.
Тәуелсіздік тақырыбы ұлт тарихы мен әдебиетінен, руханият ісінен кең орын алуы. Зерттеп-зерделену ісі.
Тәуелсіздік тарихы мен тағылымы ұлттың даму бағыт-бағдарларынан, кемел келешекке қөзқарасы мен ұстанымдарынан да танылады. Тарихсыз мемлекет болмайтынын ескерсек, Тәуелсіз Қазақстанның қысқа уақытта әлемдік үдерістерге ұмтылыс жасуы, халықаралық қауымдастықта танылуы – білім-ғылым ісінен, әдеби-мәдени құндылықтардан, қысқасы руханият әлемінен жіті танылады.
№1 семинар сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тағылымы: мұрат пен мүдде
Сағат саны: 1
Тапсырмалар:
Ұлт әдебиетінің бүгінгі даму бағыттары.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық мұраттар
Ұлт әдебиетіндегі әлеуметтік-қоғамдық сипат
Достарыңызбен бөлісу: |