Қазақ филологиясы кафедрасы



бет2/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

Пән туралы мәліметтер

Ұлттық әдебиеттану ғылымы – сөз өнері тарихында айрықша орын алады.
Өзіндік даму жолдары мен қалыптасу тарихы бар. Сондықтан, сөз жоқ пән табиғаты мен бағдарламаларында орын алған басты мұрат, негізгі ерекшеліктерді студент жастарға жан-жақты жеткізудің мәні зор. Алдымен, әдебиет тарихының белесті кезеңдерін, ондағы басты тұлғалар мен негізгі туындылар табиғатын, жанр жүйесі мен көркемдік мұраттарды, ой мен сөз сырын, стиль сипаттарын кең көлемде ашу мен түсіндірудің мәні айрықша болып табылады. Осы арқылы студенттің білім мазмұнын байыту, логикалық ойлауды қалыптастыру, өмірге құштарлығын арттыру, әдебиет пен өнерге сүйіспеншілігін күшейту, мәдени-рухани һәм эстетикалық қабілет-мүмкіндіктеріне оң бағыт беру басты міндеттердің қатарына жатады.
Пәннің мақсаты:
Қазіргі қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары мен даму жолдарын айқындауда – ұлттық әдебиеттану ғылымының алар орны айрықша болып табылады. Осы реттен келгенде, пәннің негізгі мақсаты:

  • Ұлттық сөз өнерінің табиғатын кең көлемде ашу;

  • Әдебиеттану мен сын сипаттарын айқындау;

  • Әдебиеттану мен сын салаларындағы ғылыми-зерттеушілік мұраттарды саралау;

  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің соны үлгілеріне ден қою;

  • Қазақ әдебиеті тарихын зерттеу мен зерделеу;

  • Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің даму бағыттарын,жанрлық жүйесін,көркемдік-стильдік ерекшеліктерін,ой-сөз бірлігі мен тілдік мүмкіндіктерін кеңінен көрсету;

  • Қазіргі қазақ әдебиетіндегі даму үрдістеріне мән беру т.т.

Пәннің міндеттері:
Қазіргі қазақ әдебиеті мен ондағы бағыт-арналарды жіті зерделеп,байыпты саралаудың мәні айрықша болып табылады.Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихи негіздері мен қалыптасу кезеңдерін, даму жолдарын жіті зерделеп, танып-талдаумен бірге тәуелсіздік тұсындағы сипаттарын айқындаудың да маңызы зор. Осы орайда, пәннің басты міндеттері:

  • Ұлт мұраты мен тәуелсіздік тағылымын кең көлемде ашу;

  • Тәуелсіздік тарихы мен тағылымын байыпты зерделеу;

  • Тәуелсіздік пен руханият сабақтастығына көңіл бөлу;

  • Тәуелсіздік тұсындағы ұлттық сөз өнерін, әдебиеттану мен сын саласындағы ізденіс мұраттарын, зерттеу жүйесін, көзқарас эволюциясын жан-жақты айқындау;

  • Әдебиеттану мен сындағы жаңа бағыттарды, зерттеу мен зерделеу ісіндегі өзіндік өзгешеліктерді уақыт талаптары тұрғысынан таразылау;

  • Ең негізгісі, әрине студент жастар тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиетін, әдебиеттану мен сынның басты мұраттары мен негізгі ерекшелік, сипаттарын оқып-үйреніп, өмір мен еңбекте қолдана білуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет