Қазақ филологиясы кафедрасы



бет4/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

Аудиториядағы тәртіп:
Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:

  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  2. Сабақтан сұрануға;

  3. Бос әңгіме құруға;

  4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

  1. Өз пікірін дәлелдесе;

  2. Сабаққа белсенді қатысса;

  3. Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.

Үй тапсырмасы:
Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.
Жеке семестрлік тапсырмалар:
Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті түрде орындалуы қажет. Семестрлік жұмыстар реферат (баяндама, көркем туындыны поэтикалық талдау тұрғысындағы жұмыстар т.б.) түрінде орындалып, қорғалады. Жұмыстан қателер табылған жағдайда ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс:
Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.
4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі мен біліміне сәйкес оқыту әдістері мен әдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру бағытында пайдаланылады. Дәрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сауалнама, эксперимент, т.б. әдістерді қолдансақ, семинар, СОӨЖ, СӨЖ барысында соны әдістермен қатар ауызша-жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тәсілдер жүзеге асырылады.
Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар тәуелсіздік кезең әдебиетінің өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор.
Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыпппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Семинар барысында теориялық мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді жатқа білу талап етіледі. Курс басталғанда осы кезеңге жататын әр жанрдағы шығармалар таңдалып алынып, мәтінді толық игеру талап етіледі.
СОӨЖ жүргізу формасы: пән барысында берілетін материалдарда қайталану болмау үшін СӨЖ-ге берілген тақырыптарды реферат, ауызша талдау, сұрақ-жауап, эссе, реферат, коллоквиум, ойын түрінде өткіземіз.
Оқытудың жаңа әдістеріне сай өздік жұмысында белгілі тақырыптарға сәйкес ақпараттар дайындау, реферат жазу, презентация дайындау және топтық жұмыс түрлері де қамтылған. Білім алушыларға арналған өздік жұмыстар студенттердің академиялық сабақтарда алған тілдік дағдылары мен машықтарын бекітуге жәрдем жасайды.
СӨЖ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. СӨЖ-ге бүкіл топ қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет