Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға арналған оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Поэтика – әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі мен тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын зерттейтін ғылым. Поэтика сөзінің түп-төркіні грек тілінде “шығармашылық өнер” деген мағына беретін “poietike techne” деген сөзде жатыр.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Ұлттық драматургияның бел-белестері. Драманың өзіндік өрнектері. Драмадағы өмір көріністері мен тартыс сипаттары. Драмадағы дәуір дидары. Театр өнері мен драма жанрлары. Драманың әлеуметтік мұраты мен көркемдік шындықтардың шынайылық сипаттары.
Драматургия табиғаты. Жанр жүйесі. Қолтаңба мен қойылым. Көркемдік-стильдік ерекшеліктер.Театр өнері.Сахна сырлары.
Драма мұраты мен көрермен. Уақыт іздері.Сахна мұраты.
Театр және уақыт. М.Әуезов және Ғ.Мүсрепов атындағы театрлардың репертуарлары. Тарихты тану мен тарихи тұлғаларды қайыра сараптау бағытындағы ізденіс, көзқарастар. Қойылым табиғаты мен мұраты. Қойылым және қолтаңба сипаты.Театр өнері мен сахна сипаттары.
Жазушы-драматургтер Ә.Кекілбайұлының «Абылай хан», Ш.Мұртазаның «Ноқтаға сыймаған», «Домалақ ана», С.Жүнісовтың «Абылай хан», М.Байсеркеновтің «Абылайдың соңғы күндері» сынды драмаларындағы тарих тағылымы, кеше мен бүгін байланысы, өмір-уақыт сырлары. Көзқарас, зерттеулер.Уақыт сырлары. Мезгіл әуені.
Тарих пен өмір, уақыт пен кеңістік, адам мен оның еңбегі - Қ.Ысқақұлының «Сабатаж», Шахимерденнің «Қамар сұлу», И.Сапарбайдың «Абай - Тоғжан», Н.Жақыпбайдың «Жан азабы», Ә.Рахимовтың «Адасқандар», Н.Оразалиннің «Қилы заман» т.т. драмалық туындыларының алтын арқауы, басты байлығы болуы.Кезең көріністері.
Бүгінгі күн, өмір-тұрмыс сырлары - Д.Исабектің «Ескерткіш», Қ.Ысқақұлының «Жан қимақ», Е.Әлімжановтың «Тақ талас», Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр», Т.Нұрмағамбетовтың «Кемпірлерден шыққан дау», Иран Ғайыптың «Алтын ажал», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» т.т. драмалардың басты мұратына айналуы. Сахна өнерінің сипаттары.
Бүгінгі қазақ драматургиясы. Жанр және жауапкершілік, ізденіс арналары. Кейіпкер мен қойылым сипаты. Режиссер және репертуар. Көркемдік, шеберлік астарлары. Көзқарас мұраттары.
Қазақ драматургиясында тарихи тақырыптардың көрінуі. Тарихи тұлғалар мен көрнекті қайраткерлердің өмірінің берілу сипаттары. Тарихи дәлдік пен көркемдік қуат арналары.Мезгіл сырлары.
Ұлттық драмадағы ізденіс мұраттары. Кеше мен бүгін мәселесінің көрінісі. Дәуір дидары мен өмір болмысынының шынайылық сипаттары. Сахна өнеріндегі замандастар бейнесі. Арман аңсарлары мен өмірлік ұстанымы.Драма табиғаты мен тағылымы.Театр өнері.
Театр өнері және репертуар. Режиссер және актер шеберлігі. Кейіпкер мен қойылым. Көзқарас пен қолтаңба. Мезгіл және уақыт бедері.
№7 семинар сабақтың тақырыбы: Ұлттық драма жаңашылдығы
Сағат саны:1
Тапсырмалар: тарихи драма табиғаты
Ә.Кекілбаев "Абылай хан";
Р. Отарбаев "Бейбарыс сұлтан";
«Жәңгір хан»;
Шахмардан Құсайынов "Томирис";
И.Оразбаев "Шыңғыс хан" драмаларын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |