34-36 СОӨЖ тақырыбы: Қазақ балалар поэзиясы
Тапсырмалар: Қ. Мырза Әлінің балаларға арналған өлеңін талдау
Есеп беру түрі: жатқа оқу, тапсыру
СӨЖ тапсырмалары: балалар басылымдарына шолу
Есеп беру түрі: ауызша талдау жұмысы
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2. Қазақ көркем сөзінің шеберлері: анықтамалық. Қарағанды. Экожан, 2010.
3. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002
4. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
5. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
6. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;
13- апта
№25-26 дәрістің тақырыбы: Жас қаламгерлер шығармашылығы
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар:
Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың,
әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Тәуелсіздік тұсындағы жастар шығармашылығы. Тақырыптық ізденіс пен көркемдік мұрат. Жаңа уақыт тынысының жастар әдебиетінен көрініс табуы. Кезең ,уақыт сырлары.Талап пен талғам.
Жас қаламгерлер. Өмірге құштарлық пен өнерге сүйіспеншілік. Жаңа уақытқа, өмір – дүние сырына биік талап, өзгеше көзқараспен қарайтын – А.Ақынбабақызы, Ә.Балқыбек, Ж.Әскербекқызы, Ж.Әшімжан, Н.Бердалы, Д.Берікқожаұлы, Н.Қуантай, М.Райымбекұлы, т.б. өлең-жырлары. Тақырыптық ізденістер. Кеше мен бүгінге көзқарастары. Өлең-өнерге сүйіспеншіліктері. Ұлттық өрнекке, сыр-сезімге құштарлықтары. Қоғам – уақытқа, өмірге, дүние құбылыстарына, адам әлеміне жаңаша үңіліп, өзгеше көқараспен қарауы. Көзқарас мұраттарын, айқын ой жүйелерін еркін де көркем жеткізуі. Асқақ мұрат, өршіл мақсаттардың мол болуы.
Жас қаламгерлер шығармашылығындағы тәуелсіздік тақырыбы. Тарих пен әдебиет, тұлғалар тағдырын сөз етуі. Ғасырлар қойнауына, ел тарихына ден қою. Көне кезеңнен қазіргі дәуірге дейінгі аралықтағы ұлттық мұрат пен құндылықтарды суреттеу. Адам өмірі мен еңбегіне назар аударуы. Ұлттық менталитет пен идеалдарға құштарлық. Атамұра мен салт-дәстүрлерге, тәлім-тәрбие ісіне маңыз берілуі. Ел-жер, ана тіліне құрмет пен тағзым. Өмір мұратына, руханият ісіне, еңбек дәстүрлеріне адалдық пен сүйіспеншілік сезімдері. Ел-жерге мейірім, махаббаттары.
Жастар қолтаңбасындағы айқындық, нақтылық, еркіндік. Өмір-дүние сырын, ел-жер жайын, адамдар мен тағдырлар тағылымының көркемдікпен меңгерілуі. Өлең-өнердегі өрнекті өрістер. Көркемдік құпиясының сырлары. Шеберлік мектебі.Ізденіс,зерттеулер жүйесі.
Жас қаламгерлер шығармашылығындағы ізденіс мұраттары. Тақырыптық ерекшеліктер. Көркемдік-стильдік ізденістер. Қоғам құбылыстарына, кезең көріністеріне өмір тағылымын уақыт бедерін, өмір-тұрмыс сырларын өзгеше өрнекпен, соны сипатта суреттеулері.
Жастар шығармашылығының бағалануы. Жариялануы мен көзқарастар. Әдеби сын мұраты мен өлшемі. Жаңа уақыт: талап пен талғам.
№13 семинар сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік кезеңіндегі жас қаламгерлер прозасы мен драматургиясы
Сағат саны: 1
Тапсырмалар:
Достарыңызбен бөлісу: |