Аль-Фараби
39
Қазақ философиясының тарихи және мәдени бастаулары
лықтарды зерттеу арқылы жаңа шешімдер сипаты оқырманға ұсынылады.
Әлемдік деңгейдегі әлеуметтік және ғылыми кеңістіктегі пәрменді
бәсекеге толықтай қабілетті болу үшін болашақтағы ұлттың кемелденуі
мен қоғамның іштей бірігуі үшін қазіргі әлеуметтік саланың жаңаруы мен
өзгеруі кезеңінде үлкен маңызға ие болары анық.
Түркілік дәстүрлі дүниетанымның этикалық, онтологиялық және
антропологиялық мәселелерін зерттеудегі ғылыми нәтижелері болашақ-
та еліміздегі сапалы оқулықтарды, оқу құралдарын қалыптастыруда,
қазақ философиясы мен мәдениетінің тарихы бойынша арнайы курстар-
ды дайындауда, сонымен қатар этникалық болмыстың рухани қалыпта-
суы мәселесін ашуда пайдалануға болады. Жоспарланған мәселені зерттеу
барысында авторлық ұжым алдымен нақты тұтастанған тұрғыда қарас-
тыруды қолданады. Ол тарихи-философиялық мәселені гуманитарлық
білімнің әртүрлі салаларымен өзара байланыста қарастыруға мүмкіндік
береді.
Әдіснамалық жағынан алғанда негізін келесі тәсілдер ретінде қалып-
тастырады: жүйелі талдау тәсілі, аксиологиялық тәсіл, тарихи рекон-
струкциялау (қайта жаңарту) тәсілі және т. б. Әдіснамалық құралдар
ретінде тарихилық пен логикалықтың өзара байланыс әдісі, салыстыру
тәсілі, жалпылау және типтендіру, тарихи-философиялық және мәдени-
философиялық талдаудың ұстанымдары мен тәсілдері қолданылады.
Зерттеу пәнінің ерекшелігі кешенді зертеуді талап етеді және ол зерттеу-
дің әртүрлі тарихи-философиялық тәсілдерін жасампаздықпен қолда-
нуды қажет етеді.
Ғылыми мағынадағы жұмыстың маңыздылығы тұтастанған тұрғыда
ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі қазақ философиялық ойының
негізгі бағыттары мен сипатты қырларын анықтауында болып тұр.
Практикалық тұрғыдан алғанда негізінен нақтыланған, дамытылған
идеялардың маңыздылығы қазіргі Қазақстан Республикасында нақты
түрде қалыптаса бастаған жаңа философия тарихын дамытудың негізгі
іргелі қағидаттарын ғылыми формада бекітуде екені айқын болып отыр.
Қазақ философиясын зерттеудің бірегейлігі мен ерекшелігі – фило-
софиялық зерделеудің ұлттық типін тұтастанған формасында қарас-
тыруда және түркі мен қазақ философиясының қалыптасуын барынша
кешенді зерттеуде болып табылады. Философиялық зерделеудің ұлттық
типін іздеу идеясы реконструкция және герменевтикалық тәсілдерімен
зерттеу арқылы жүзеге асады, түркілік-исламдық және қазақтық руха-
ни ілімдерді салыстыру қазақ ойшылдарының этикалық көзқарастарын
жаңаша қарауға мүмкіндіктер ашады. Өзінің дамуындағы жаңа кезеңге
|