Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет102/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

мысал 
ертегілер (аполог).
Мұнда баяндау белгілі бір моральдық қағида мен 
тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті ертегі афоризммен 
аяқталып отырады. Ертегінің айтылу мақсаты да осы афоризмді дәлелдеуді 
көздейді. 
Қазақтың мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. 
Олардың көбісінің қайнар көзі – «Панчатантра», «Хитопедаша», 
«Шукасаптати» сияқты үнді жинақтары мен Орта Азияға әртүрлі жолмен 
келген «Калила мен Димна» және «Тотынама» тәрізді кітаптар. Мысал 
ертегілердің көбінесе кезінде қазақтардың басқа түркі халықтарымен 
белсенді байланыс жасаған аймағы – Оңтүстік Қазақстаннан жазылып 
алынуы тегін болмаса керек.
Ескі үнділік сюжеттер Қазақстанда жаңғырып, сыртқы сипаты мен ішкі 
мағынасы жағынан мәнді өзгерістерге ұшырайды. Мәселен, сюжеті «Калила 
мен Димнада» кездесетін қазақтың «Сегізбай мен Тышқан қыз» және 
«Көгершіндер туралы ертегісін» алайық. Біріншісі – түркі халықтарының 
арасына кең тараған «Кім күшті?» атты ертегінің бір нұсқасы. 
Айырмашылығы – қазақша нұсқасында қырғауылдың: – Мұз-мұз, сен неден 
күшті болдың? – деген сұрағына ол – аяз, ал, аяз – жел деп жауап береді, 
бірақ барлығынан күшті құмырсқа болып шығады. Алайда, «Сегізбай мен 
Тышқан қыз» туралы ертегі «Калила мен Димнадағы» нақылмен байланысын 
үзбеген. Оны «Кім күштінің?» сюжеті сияқты ертегілерден бөлектеп, оған 
өзіндік үн беріп тұрған да осы байланыс. «Калила мен Димнадағы» мысалда 
діншіл тақуа қаршығаның тырнағынан түсіп қалған тышқанның баласын 
тауып алады. Тақуаның тілегі бойынша тәрбиелеуге жеңіл болу үшін Құдай 
оны қызға айналдырып жібереді. Кейіннен бойжеткен қызға тақуа күйеу 
таңдауды ұсынады. Күн, жел, бұлт және тау бірінен соң бірі өздерінің күшті 
екендіктерін мойындата алмай, таңдау кезегі көртышқанға келеді. Күйеу-
тышқан қызға ұнап, ол әміршіден өзін қайтадан көртышқанға айналдыруды 
өтінеді. 
Қазақта үнді ертегісінің сюжеттік желісі сақталғанмен, баяндау барынша 
ұлттық түр алған. Мұнда діншіл тәуіп жоқ, жалғыз басты, бала көрмей
қартая бастаған Сегізбай бар. Қазақша нұсқада мысалдың мәні де біршама 
өзгерген, бірақ негізгі ойы сақталған. «Қарға қарғаның даусын естіп ұшады. 
Аттар бірін-бірі пысқырғанынан біледі», – дейді дана Сегізбай. Бұл 
тұжырымның үндінікімен салыстырғанда біршама өзгеріп, халықтың 
практикалық философиясына жақындай түскенін байқау қиын емес. 
Тегі жағынан шығыстың кітаби мисалдарынан тараған қазақтың мысал 
ертегілері шығыс тәмсіліне тән тиектелген (обрамление) композиция 
бойынша құрылады. 
XIX ғасырдың екінші жартысында орыс тіліндегі шығармалардың 
қазақшаға көптеп аударыла бастаған кезеңінде аудармашылар И. А. Крылов 


190 
мысалдарына ерекше назар аударады. Олардың аудармалары Ы. Алтынсарин 
мен А.Байтұрсыновтың, А.Е.Алекторовтың хрестоматияларында, «Дала 
уалаятының газетінде» басылады. И.А.Крылов мысалдарын Абай да 
аударғаны белгілі. Абай аударған Крылов мысалдары халық арасына кең 
тарап, қазақ топырағында жаңаша түлеп, қайтадан фольклорға айналады да, 
шығыстық үлгілер сияқты өзгерістерге ұшырайды. Орыс сюжеттері 
«ұлттанып», оның моралі қазақ тұрмысына, этикасына бейімделеді. «Бақа 
мен құмырсқада» («Шегіртке мен құмырсқаның» бір нұсқасы) уақиға 
қазақтың шаңқан даласында өрістетіледі. Бақа қаншалықты көңілді мінезімен 
дараланса да, оның ертеңгі күнін ойламайтын әдеті және бар. 
Құрғақшылықтың түскенін біле тұрып, қыс қамынан құралақан қалған бақа 
құмырсқадан көмек сұрауға бел буып, дала әкімшілігінің тәртібін сақтау 
әдетімен әуелі құмырсқалар патшасына келеді. Бақалардың ойын-сауықты 
ғана кәсіп қылып, еңбек етпейтінін, сондықтан берілген қарызды қайтара 
алмайтынын білген құмырсқа патшасы бақаның бұйымтайын орындамайды. 
Демек, қазақ ертегісіндегі құмырсқаның көмек беруден бас тартуы – олардың 
желбуаздығы мен арамтамақтығын әшкерелеуден ғана емес, сонымен бірге 
құмырсқаның өзімшіл психологиясынан да туған. Бұдан «Еңбек етпесең, 
қарыз да ала алмайсың» деген қағида туады. 
Қазақ фольклорында ауысып келген сюжеттер ұлттық сипат алған. Бұл 
қасиет, әсіресе, оқиға ситуациясы мен кейіпкерлердің психологиясынан 
айқын байқалады. Ауысып келген сюжеттердің желісі де, шығыстық 
үлгілердің рамалық түрде өрнектелуі де бұзылмай, құрылымдық белгілері 
сақталып отырады. Ең негізгі өзгерістер мысал ертегілердің идеялық мәнінде 
ғана болады. Ауысып келген мысалдардағы мораль абстрактылықтан 
арылып, қазақтың әдет-ғұрыптары мен түсініктеріне сай қайта құрылып, дала 
жұртының философиясына жақындай түседі. 
Хайуанаттар жайындағы мысал ертегілердің классикалық ертегілерден 
бір ерекшелігі – жануарлар сипаттамасының біркелкі болмауы. Классикалық 
ертегілердегі түлкінің өзінен күшті хайуанды үнемі жеңіп, ал, өзінен 
әлсіздерден жеңіліп отыратын тұрақты мінездемесі мысал ертегілерде 
кездеспейді. 
Мұнда эпикалық фон, я болмаса кейіпкердің әлеуметтік-тұрмыстық 
жағдайын сипаттау болмайды. Оның есесіне ғибраттық сарын мен шартты 
түрде алынған жануарлардың аллегориялық образы бар. Ертегінің құрылысы 
көп жағдайда оның мазмұнынан шығатын афоризмді дәлелдеуге 
бағытталады. Көркемдігі жағынан алғанда, ішінара өлең мәтіндері 
кездескенімен, аполог формалары көбінесе қарасөзді болып келеді. Ал, өлең 
түріндегі фольклорлық аполог жеке жанр ретінде толық қалыптаспаған, 
себебі XIX-XX ғасырда әдебиеттің жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға 
түсіріп жіберген. 


191 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет