Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет101/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

Хайуанаттар туралы классикалық ертегілер. 
Бұл топтағы ертегілер 
саны жағынан ең көбі және ел арасына ең кең тарағаны. Олардың барлық 
сюжеті дерлік дүниежүзі халықтарының фольклорына әйгілі. Өйткені, бұл 
ертегілердің көбісі типологиялық жолмен әр халықта болған ұқсас қоғамдық, 
әлеуметтік жағдайда туған. Бұл – біріншіден. Екіншіден, қазақ халқының 
этногенезін құраған рулар мен тайпалардың бірнеше түркі тектес 
халықтардың құрамына енуімен бірге олардың ертегілері де сол халықтардың 
фольклорына кірген, яғни тарихи туыс елдердің ертегілік сюжеті ұқсас. 
Үшіншіден, қазақ халқының басқа ел-жұртпен тарихи, саяси, мәдени, сауда 
қарым-қатынасы, араласы арқылы келген сюжеттер де бар. Олар да ұқсастық 
туғызады. Бірақ дүниежүзілік фольклорға ұқсастығына қарамастан, қазақ 
ертегілері өзіндік сипаты мен соны тұрпатын сақтап қалған. Сөйте тұра, 
мұнда жалпы адамзатқа тән мінез-құлық бірдей болғандықтан жануарлар 
образы да басқа елдер ертегісіндей болып келеді. 
Жануарлар жайындағы ертегілердің өте терең моральдық және 
әлеуметтік мәні бар. Мысалы, хайуандар қанша бір-бірімен шайқасып, 
қақтығысып жүрсе де, жыртқыштар ешуақытта жеңіске жетпейді. 
Зерттеушілер ертегілердің таптық жақтарын үнемі көрсетіп отырады. Алайда, 
ертегілердің өзі таптық түсінікті ашық айтпайды. Онда кейіпкер мінезі 
көрінеді. Жалпы алғанда, ертегілерде жинақтық мағына басым: әңгіменің 
соңында жыртқыштар мен озбырлар міндетті түрде жеңіліске ұшырап, 
дәрменсіз болып шығады. Ертегілердегі мораль мен әлеуметтік утопизм
міне, осында. 
Екінші жағынан, ертегілердің тек әлеуметтік қана емес, жалпы 
адамзаттық сипаттары да мол. Қазақ ертегілеріндегі жануарлардың 
сипаттамасы жалпы дүниежүзілік ертегілермен үндес келеді. Өте кең тараған 
ертегілік қаһарман – түлкі. Ол – асқан айлакер, екіжүзді де қу. 
Залымдығының арқасында ол көбінесе жолбарыс, қасқыр, аю сияқты өзінен 


188 
күшті жыртқыштарды үнемі жеңіп жүреді: еттің дәмін тат деп, қасқырды 
қақпанға түсіреді, өзін ордан шығару үшін ешкіні алдап, мүйізін 
пайдаланады, аңқау аюдың масқарасын шығарады. Бірақ түлкінің осыншама 
айлалы әрекеттері оның өзінен әлдеқайда әлсіз жануарлармен, немесе 
адамдармен қақтығысы үстінде ашылып, я болмаса әшкереленіп отырады. 
Мәселен, бірде түлкі әтештен алданып қалады, бірде оны бөдене ақымақ 
қылып кетеді, бірде тасбақа және кенемен жарыста жеңіліс табады, енді бірде 
малшының итінен қорқып, зәресі кетеді. Түлкі өзінен күшті, бірақ ақыл-
айласы төмен айуандармен кездескенде әруақытта олардан қулығы мен 
сұмдығын асырып отырады, ал, өзінен әлсіздерге зұлымдық көрсеткенде, 
керісінше, ақыл-айласынан айырылып, басқа жыртқыштар сияқты жеңіліс 
табады. Түлкі бейнесінен жалпы ертегі жанрына тән эстетика заңы анық 
байқалады: ертегі қашан да әлсізді, зәбірленіп жапа шеккенді қорғайды, соны 
жақтайды. 
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілеріндегі екінші басты тұлға – 
қасқыр. Оның сиқы да жалпыға мәлім – ақымақ та ашқарақ. Түлкінің 
алдағанына иланып, өзінің көтеншегін суыртып, қаза табатын да, ешкі, қой, 
жылқы сияқты жануарлардан алданып, қор болатын да қасқыр. Сонымен 
бірге қасқыр – зорлықшыл, зорлықшыл болғанда, сәтсіздікке көп ұшырайды. 
Ол әрі сараң, әрі қорқақ. Қасқырдың басын көрсеткен қойдан қорқып, 
қашатын да жері бар. Тіпті, қиын-қыстау кезеңдерде ақылымен жол тауып 
кететін қозы мен лақтан әлсіз болып шығады. 
Қазақ ертегілерінде бұлардан басқа жануарлар сирек кездеседі. 
Жолбарыс адуынды, бірақ ақыл-айласыз (қасқыр екеуінде көп ұқсастық бар, 
әртүрлі ертегілік нұсқаларда олар бірін-бірі жиі алмастырып отырады), аю 
икемсіз де қарапайым. Ат, түйе, ит сияқты үй жануарлары ертегілерге аз 
араласады. Қазақ фольклорында ат – поэтикалық тұлға. Батырлық, қиял-
ғажайып ертегілер мен эпос қаһармандарының ең сенімді серіктері – осындай 
ғажайып аттар болып келеді. Сондықтан да прозамен баяндалатын жануарлар 
жайындағы ертегілерде ат образы сирек кездеседі. 
Қазақ фольклорындағы халықаралық сюжеттер де ұлттық түр алған. 
Мұның өзі кейіпкерлердің құрамына да, олардың қимылы мен іс-әрекетіне 
де, қимыл жасалатын жағдайға да әсерін тигізген. Ертегілердегі оқиға 
көбінесе қазақтың шетсіз-шексіз кең даласында өрістетіледі. 
Жануарлар 
жайындағы 
классикалық 
ертегілердің 
құрылымы 
айтарлықтай күрделі емес. Олардың композициялық негізі – жануарлардың 
кездесулері мен қақтығыстарының тізбегі. Сондықтан да ертегілер 
баяндаудан гөрі көбінесе диалогқа құрылады. Кей жағдайларда кездесулер 
көп болады, бірақ ертегіде олардың бір-екеуі ғана пайдаланылады. Ал, бір
сарынды эпизодтардың түрі өзгертілмей, үнемі қайталанып отыруы 
дүниежүзілік фольклорда кең тараған «кумулятивтік композиция» деп 
аталады. Бұған «Айлакер тышқан», «Қотыр торғай» ертегілері мысал бола 
алады. Бұларға тән тізбекті композиция өте көне болып есептелінеді. Қазіргі 
кезде мұндай ертегілердің белгілі дәрежеде тәрбиелік мәні бар: мұнда заттар 
мен құбылыстар, адамдар мен жануарлар жалпылай байланысқа 


189 
қатыстырылып, бірінен-бірі алыс та, шашыранды заттарды жақындастыруға 
тырысатын тәрізді. Кумулятивтік (тізбекті, тіркесті) ертегілер – 
балдырғандар мен жасөспірімдердің жан-дүниесіне жағымды ертегілер. 
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерінің енді бір түрі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет