Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет62/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

ҚАЗАҚБАЙ ҚАЖЫ БАЛУАН
Қазақбай балуан XX ғасырдың бас кезінде Алтай аймағында өмір сүрген. Оның 
«қажы» атануы жөнінде қызық əңгіме бар.
1900 жылдары жетпістен асқан Шəукебай қажылыққа бармақшы болады. Халық 
Шəукеге «жасыңыз болса келіп қалды, сонау Меккеге қалай жетесіз?» дегенде, 
«жанымда Қазақбай жүрсе, еш қауіп-қатер жоқ» деп жауап беріпті. Сөйтіп, жиырма 
шақты адам қажылыққа аттанады. Қазақбайдың ол кезде он алтыға толып, ел арасында 
танылған кезі. Көшке ілесе алмай қалған түйені мойнына салып көтеріп, жылқының 
кісендерін бытырлатып үзгені, тағаларды алақанға салып, бір қысқанда сындырғаны 
дүйім елге тарап үлгерген болатын.
Қажылыққа баратындар керуенге ілесіп сан алуан елдерді, сусыз шөлдерді басып
қиыншылықпен жетеді екен. Жолшыбай керуенбасы: «Жақын арада суық суы, саялы 
ағаштары бар бұлаққа жетеміз. Сол арадан тынығатын жер таңдаңдар», – дейді.
Біраздан соң сары құмның арасынан жап-жасыл кілемдей ағаштың басы мұнартып 
көрінеді. Қазақбай жүгіріп барып, бұлаққа жақын шынар ағашының астына алашасын 
жаяды да, кері кетеді. Адамдарын ертіп келсе, жаңағы жерге отыз шақты адам үлкен 
қалы кілем төсеп отырып алыпты. «Бұл біздің орын еді, мен белгілеп, алашамды жайып 
кеткем» деген Қазақбайға əлгілер «өй, Самарқанның сары кілемі тұрғанда, қазақтың 
алашасына не жоқ?!» деп орындарынан қозғалмайды. Ашуланған Қазақбай кілемнің 
шетінен қос қолдап ұстап сілкігенде, əлгі отыз шақты адам үйме-жүйме болып бірінің 
үстіне бірі құлап, ойран-топыры шығыпты. Кілемдерін алуға мұршалары да келмей 
қаша жөнеліпті.


570
СПОРТ
ҚАСЫМХАН БАЛУАН
Қасымхан жас кезінде бір бай орыстың жылқысын бағады. Жаздыгүні демалысқа 
келген байдың Петербургтегі офицер баласы мен Қасымхан достасып кетеді. Бірде екеуі 
ат қорадағы жылқыларды өзендегі суға түсіріп, суарып жүргенде байдың баласы суға 
батып кетеді. Қайғыдан қаһарланған əкесі Қасымханды «баламды əдейі өлтірдің» деп 
Сібірге айдатады. Уссурийскіде Қасымхан тайганың ағашын кесіп, шпал дайындайды. 
Бөренелерді ойыншық құрлы көрмей, аударып-төңкеріп, иығына салады. Қолтығына 
қысып көтеріп, тұтқындардың жəне түрме басшыларының арасында құрметке ие 
болады.
Бір күні ат қорада əбден жемге тойып, ерігіп тұрған семіз аттарды тарантасқа жегіп
орыс əскерінің генералы əйелімен серуенге шығады. Əбден тойынып күйі келіскен 
тоқ аттар делбеге бой бермей, ала қашады. Тарантастың дөңгелектері жерге бір тиіп, 
бір тимей, қаңбақтай қаңғалақтай ұшады. Бір уақытта құйғытып шауып бара жатқан 
аттардың алдынан Қасымхан шыға келеді. Ол арбаны өткізе беріп артқы білігінен қос 
қолымен ұстап, талтайып тұра қалады. Аттар тырп етпей тоқтай қалады. 
Аттардың арынының күштілігі соншалық, Қасымханның аяғы тізесіне дейін жерге 
кіріп кеткен көрінеді. Өздерін қатерден құтқарған Қасымханға риза болған генерал оны 
айдаудан босатып, еліне қайтарыпты.


571


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет