ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, əдет-ғұрып, салтына байланысты туған айтыстар мазмұнына қарай бірнеше жанрлық тақырыптарға бөлінеді. Олар: ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы, өлі мен тірінің айтысы, дін айтысы, мысал айтысы жəне т.б. Айтыс өнерінің қиын түрі – жұмбақ айтыс. Бұл айтысқа түсетін ақындар жан- жақты білімді болуы керек. Өйткені жасырған жұмбақты тез шешіп беру оңай емес. Мысалы, айтыскер ақын Ырысжанның айтқан төрт жұмбағын Əсет іркілмей шешіп, жеңіске жетеді. Дін тақырыбына арналған айтыстар да бар. Кейде діни сауаты бар ақындар ислам дінінің қағида-шарттарын сауал түрінде беру арқылы айтысқан. «Өлі мен тірінің айтысы» деп аталатын бір топ айтыс үлгілері де кездеседі. Айтыстың осы бір түріне Жұманазар мен домбыра, Темірбай мен сиыр жəне т.б. айтыстар жатады. Айтыстың кең тараған бір түрі – қыз бен жігіт айтысы. Айтыстың бұл түрін «қайымдасу» деп те атайды. «Қайымдасу» жеңіл əзіл-қалжыңнан не танысудан басталады. Кейде жаттанды өлеңдермен де айтыса береді. Той-томалақтың сəнін келтіретін «қайымдасу» жеңіл əуенмен айтылады. Өлеңнің алғашқы екі тармағы қайталанып отырады. Айтысушылар өз жандарынан соңғы екі тармақты ғана қосады. Сондықтан «қайымдасуды» айтыстың жеңіл түрі деп есептейді. Осы арқылы ақындар сөз сайысына дағдыланып, төселеді. Бұрынғы ақындар өздерінің талап-талантын айтыста сынаған. Өнер жарысына түскен ақын əріптесін тапқырлығымен, дəлелді, дəйекті сөзімен тоқтата білсе ғана жеңіске жеткен. Көптің көз алдында өтетін сөз сайысынан сүрінбей өткендер ғана ақын атағына ие болған. Дүбірлі айтысқа түсіп, елге танылғанға дейін ауыл арасындағы шағын бас қосуларда сөз қағыстырып, өнер жарыстырып, тəжірибе жинаған. Атақты ақындар: Жанақ, Түбек, Сабырбай, Орынбай, Кемпірбай, Шөже, Ұлбике, Сүйінбай, Жамбыл. Əсет, Ырысжан, Ақсұлу, Сара, Біржан, Мұсабек, Құлманбет жəне т.б. талант иелері айтыс арқылы халыққа танымал болды. Нағыз төкпе ақындар айтысының қандай арнада өрбитінін алдын ала ешкім де білмеген. Ең бастысы – төгіп айтатын сөз шебері қарсыласына қарымта жібермейді. Ол үшін шындыққа табан тіреген ақын сөз өнеріне шешен де шебер болуы керек. Табанда тауып айтар тапқырлық та – негізгі шарттың бірі. Ақындар айтысында заманның артық-кемді міндеріне сын айтылады. Олардың батыл да, батырып та сөйлеуіне еркіндік беріледі. Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысында өз елінің байлығын мақтан еткен Құлмамбетке қарсы Жамбыл ел қорғаны ерлерді үлгі етеді. Халықтық қасиетті қадір тұта сөйлеген Жамбыл жеңіске жетеді. Айтыс кезінде ақындар ақиқатты айтудан жалтармаған. Халыққа арқа сүйеген олар өз ойын батыл айта алған, ешкімнен именбеген. Сүйінбайдың Тезекке: