Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет64/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600
2 дәріс, Ескерту, Ñàïàëû î?óëû?- áîëàøà?ÒÛ? êåï³ë³ ò?ðê³ñòàí îáëûñûíû?àäàìè ?ëåóåò, 113geo10
ШƏМІЛ СЕРІКОВ 
(грек-рим күресі)
СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ
(бокс)
Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, 1979 
жəне 1981 жылдардағы Еуропа жеңімпазы, 1982 
жылғы Əлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 1979, 
1981 жылдардағы Əлем кубогының иегері, 1980 
жылғы XXII Олимпиаданың күміс жүлдегері.
Біздің елімізде бокс өткен ғасырдың 30-шы жыл-
дарында пайда болды. Клубтар мен саябақтарда 
көрсетілетін ойындар жастарды боксқа баулуда 
маңызды рөл атқарды. Қазақстанның боксшылары 
əлемдік спорт тарихына өз табыстарымен енді. 1980 
жылғы Олимпиадада əлемге танылған əдісқой боксшы 
С. Қонақбаев «кубалық кедергіні» тойтарды. Жарты 
мəрелік жекпе-жекте куба боксшысы Хосе Агилара-
ны жеңді.
Мəре жекпе-жегінде аздаған артықшылығымен Серіктің қарсыласы – тəжірибелі 
италияндық Олива жеңіске жетті. Серік Қонақбаев күміс жүлдегер атанды. 


573
СПОРТ
ЖАРМҰХАМЕДОВ ƏЛЖАН МҰСЫРБЕКҰЛЫ
(баскетбол)
НЕЛЛИ КИМ
(спорттық гимнастика)
ƏМИН ТҰЯҚОВ
(жеңіл атлетика)
КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-
ның, Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы, 1978, 
1979 жылдардағы əлем жеңімпазы, XXI жəне XXII 
Олимпиадалардың жеңімпазы.
КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның 
үш дүркін чемпионы, əлем кубогының жеңімпазы. 
Қазақстанның танымал спортшыларының бірі баскетболшы – Жармұхамедов Əлжан 
Мұсырбекұлы. 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шыршық ауданы Табақсай 
ауылында дүниеге келген. 1970 – 1974 жəне 1976 – 1980 жылдар аралығында КСРО-
ның чемпионы болды. Сонымен қатар 1972 жылы Германияның Мюньхен қаласында 
жəне 1980 жылы Мəскеуде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы болды. 1967, 
1971 жəне 1979 жылдары Еуропаның чемпионы атағын жеңіп алған. «Құрмет белгісі» 
орденімен марапатталған.
Ептілік пен қимыл арқылы əсемдікті көрсететін спорт 
түрі бар. Ол – гимнастика. Нелли Шымкент өңірінде 
дүниеге келген. Үшінші сыныптан бастап гимнасти-
камен айналысқан. Ол бойындағы табиғи дарынымен 
ерекшеленді. Екі жылдан соң Нелли спорт шебері бағдарламасы бойынша жарысқа 
түсті. КСРО халықтары Спартакиадасында алтын алқа тақты. Монреальда үш алтын 
алқаға ие болды: командалық біріншілік, еркін жаттығулар жəне секіру. Көпсайыстан 
күміс алқа алды. Мəскеуде топтық біріншілікте жəне еркін жаттығуда екі алтын 
алқаны иемденді. Нелли Ким – əлем спортының жарық жұлдызы. 
Алғашқы болып қазақстандық Ғұсман Қосанов 100 шақырымды 10,2 секундта 
жүгіріп өткен. Сондай рекордты математика пəнінің мұғалімі, қазіргі жеңіл атлетика-
дан Қазақстан құрама тобының жаттықтырушысы Əмин Тұяқов қайталады.


574
СПОРТ
Көрермендерін баурап əкететін осындай жары-
стар əлемнің көптеген елдерінде өтті. Əмин Тұяқов: 
«Əсіресе, 1965 жылғы Киевте өткен кездесу есімде. Біз 
американдық олимпиада жеңімпаздарынан озып кетіп, 
жаңа рекорд жасадық», – деп есіне алады. Бұл жұлдызды 
сəт еді. Тұяқов пен оның топтағы достарына «КСРО-
ның еңбегі сіңген спорт шебері» атағы берілді.
Қазір ол жас жеткіншектерді жеңіл атлетиканың 
шыңын жаулауға баулуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет