Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелігінің жырлануы



бет37/48
Дата18.02.2023
өлшемі266,21 Kb.
#169240
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
?àçà? õàíäû?û ä?ó³ð³íäåã³ ?äåáèåò³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Æûðàóëàð 2

44. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелігінің жырлануы
Жалпы қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясы -өзінің тақырыптық мазмұны жағынан біршама ерекшеленеді десек артық айтқанымыз емес. Себебі жыраулардың толғауларынан біз сол дәуірдің тарихи оқиғалары жайлы, әлеуметтік жағдайы жайлы, бай мен кедей арасындағы теңсіздік жайлы, кейбірінде жыраулардың өз өмірі жайлы деректерді де кездестіре аламыз. Жыраулар кез- келген тақырыпта өз ойларын білдіріп, жақсы мен жаманын ажыратып, халыққа, тіпті хандардың өзіне де ақыл кеңестерін айтып отырған. Осындай жырлары арқылы біршама жыраулар адамның жас ерекшеігіне байланысты да өз тұжырымдарын айтып кеткен.
Адамның жасына байланысты айтылған жырларды біз екіге бөліп қарастырсақ болады. Оның біріншісі қандай да бір оқиғаның мезгілін, уақытын сипаттайтын жырда кездесетін адамның жасына байланысты. Мысалы,Ақтамбердінің мына жырынан біз оның 15 жасқа жетпей жетім қалғанын, көп талқы көріп өскенін біле аламыз
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп,
Жасым жетпей он беске,
Қорғайтын жан адам жоқ.
Сонымен қатар Үмбетейдің "Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту" атты жырының
Жиырма жасың толғанда,
Қалмақпен соғыс болғанда,
Алғашқы бақты тапқанда,
Шарыштың басын қаққанда...
деп келетін жолдарынан тарихи оқиғаны Абылай ханның ерлігі жайлы біле аламыз.
Ал келесі жырлар ол толығымен адамның әр жас ерекшелігін сипаттайтын жырларды жатқызамыз. Оған Бұқар жыраудың "Балалық он жасыңыз" деп басталатын жырын жатқыза аламыз.
Балалық он жасыңыз,
Балғын өскен құрақтай.
Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы - мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасында
Ажалдан басқа жоқ екен.
Бұл жырында жырау адамның әрбір жас кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіп, бір ғана жол өлеңмен олардың барлық сезім-күйлерін дөп басып айтып береді.
Бұқар Қалқаманұлы әр қилы өмір белестерін жырлауда ақын дөп басып, орынды балама сөз тауып қолданады. Әрбір жастағы адамның қуаты, ой-сыры, мүмкіндіктері, айналасындағы өмірге көзқарасы жан-жақты ашылады. Кәріліктен жеңіле бастаған адам денесінің әлсірей беруі әрбір жас сатысында әр түрлі. Әсіресе 75 жастан әрі адам өмірінің мүшкіл көрінісі табиғи шындыққа сай, өңсіз де сүреңсіз беріледі:
Жетпіс бес жасқа келгенде,
Жылуы болмас қойныңның
Қаруы болмас сойылыңның,
Өлмесең де жойылдың.
Сексен бес деген сор екен,
Шындап тұрған пір екен..
Аузындағы сөзді алар,
Қолыңдағы істі алар,
Өлмегенде нең қалар?
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен,
Қарғиын десең қарбанып,
Екі жағы ор екен.
Найза бойы жар екен,
Түбі жоқ терең көл екен.
Кәріліктің осындай өңсіз сипатына жырау жайнаған жастық шақты қарсы қойып, оның албырт бейнесін мадақтайды. Бұл кезеңді «Атан болған жиырма бес» деген өлеңінде желпіне суреттейді. Ақын жиырма бес жастағы адамның ең бір қажырлы кезіне лайық әсерлі сөз, өткір тіл тауып айқын образ жасайды.
Қызықты күнде қыздырған,
Асуды талқан бұздырған
Қызды ауылды көргенде
Бұлаңдаған жиырма бес
Төстен қашқан түлкідей
Сылаңдаған жиырма бес.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес
Күрек тісін қасқайтып,
Сұлуды құшқан жиырма бес.
Қашанда заманның бет-бейнесін өрнектеп, ғаламның түрлі құбылыстарына баға беретін тұлғалар - өнер иелері екені даусыз. Өнер иелерінің ішінде табиғат берген ақындығының арқасында мынау пәниге өзгеше көзқараспен қарайтын ақын- жырауларымыздың орнын бөліп көрсетсек болады.Жыраулар поэзиясы – әдебиетіміздің алтын діңгегі. Жыраулар поэзиясы – сан ғасыр соқпағында сынбаған қазақ тарихының айнасы. Сыпыра жыраудан басталып, 18 ғасырдың көмейінен жыр өрген айтулы жырауларына дейін жалғасатын ұлы көш мұрасы жылдар желісінде биіктей бермек. Өйткені, жыраулар – небір тағылымға толы өсиет қалдырған ақылгөй данышпан бабаларымыз.Ал, осы жырауларымыз қалай қалыптасты? Олардың қазақ әдебиетінде, тарихында алатын орны қандай? Осы төңіректе сөз өрбітсек.Қазақтың көне ауыз әдебиет нұсқаларында жырау қазақта ақындықтың ең көне түрі болғанға ұқсайды. Өйткені, қазақтың батырлар жырында алғашқы ақынның аттары: Сыпыра жырау, Шәлгез жыраулар. Ал 18 ғасырда Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Үмбетей жыраулар аталады. Онан бергі ғасырларда Жанкісі жырау, Базар жырау, Мұсабай жырау, Сабыр жыраулар болды. Біздің дәуірімізде жырау атымен аталып келгендер Мұрын жырау.(4)Әдебиеттану терминдер сөздігінде «Жырау – ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, көреген, сәуегей. Соғысқа кірер алдында бата беріп, толғау жырлар айтып жауынгерлер рухын көтеретін, саяси, әскери, дипломатиялық істерге кеңінен араласқан,мемлекет басшысының кеңесші қызметін де атқарған. (7)Ал, «Қазақ Кеңес Энциклопедиясының» 4-томында: « Жырау – ерте кездегі халық поэзиясын дамытушы, өнегелі ақын әрі елдің ақылгөй ақсақалы. Ақылының, ақындық талантының арқасында халық ішінде зор бедел тапқан жырау бірте-бірте тайпа көсемі дәрежесіне дейін көтерілетін болған. Ескі заманда ру көсеміне жаугершілік күндер қолбасы батыр міндеті де жүктелетін. 15-17 ғасырларда жасаған Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет, Жиембеттер тек ақын ғана емес, әрі ру, ұлыс басшысы, әрі батыр, яғни шын мәніндегі жыраулар болды» (5)Бұқарға дейінгі 15-18 ғасыр поэзиясындағы басты тұлға да, суреткер де – жырау. Ақын сөзінің орнына жырау сөзі жүрген. Осыған орай бұл ғасырларда ел арасында өзіндік биігі бар үлкенді- кішілі ақындар болған емес десек, онда өлең өнеріне жан-тәнімен құлай беріліп оны өзіне өмір бойы рухани серік еткен халқымызға жасаған қиянат болар еді. Жарқылдаған асылдығымен, жайсаңдығымен адам жан-дүниесін тебірентіп, құйма құлақ дарындардың жыр кеудесінде сақталып бізге жеткендері – ұсақ-түйек тақырыптарға емес, ел тағдыры мен қасіретіне арналған ең үздіктері болды.(7)Қазақ жыраулары хан ордасында жүріп, мемлекет басқару ісіне тығыз араласқан, хандар мен батырларға, бүкіл халыққа ақыл-өсиет айтқан, болашақты болжап, істің жөнін нұсқап жүрген дуалы ауыз, ақылгөй кеңесшілері, хандар мен ерлікпен аты шыққан батырлардың, қолбасшылардың ерліктерін мадақ етіп айтқан жыршылары. Соғыс кезінде жыраулар ханның әскери кеңесіне қатысып, жауынгерлердің та рухын көтеріп жыр айтатын. Жыраулар ру, тайпалар шежіресін аса жақсы білген, батырлық эпос пен тарихи жырларды орындаған.(8)Жыраулар поэзиясындағы жастық пен кәрілік мәселесі – дуалы ауыз бабаларымыздың жиі толғаған тақырыбы болып саналады. Жастық шақтың қайта айналып келмейтіндігі жөнінде, кәріліктің аяққа оратылған тұсаудай адым аштырмайтыны хақындағы өлеңдердің жұрыны әр жырау шығармашылығынан бүгінгі күнге дейін үзік-үзік болса да жетіп отыр. Бұқар жырау: Жиырма деген жасыңызАғып жатқан бұлақтай.Отыз деген жасыңызЖарға ойнаған бұлақтайҚырық деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай,-деп жастық кезеңді толғайды.Ал жыраулар поэзиясының бастауы болып саналатын Сыпыра жырау өзінің Тоқтамысқа айтқан толғауында:Атқа мінер халі жоқ,Мінсе түсер әлі жоқЖүз сексен жыл жасағанҚалі осы да Сыпыраның,- деп жырлайды. Жыраулардың жасына байланысты әсірелеудің артық-кемі өз алдына мәселе. Ал осылардың барлығына ортақ жай – жыраудың көп жасағандығы. Кәрілік дегеннің өзі жыраулар өлеңдерінде ерекше кемеңгерліктің белгісіндей көрініс табады.Ақын-жыраулар шығармашылығындағы әр жасқа сипаттама беру арқылы жырлау дәстүрі тек Бұқарға ғана тән емес. Бұл тәсіл жастық пен кәрілік турасында толғаған ақын-жыраулардың ерекше қолданған тәсілі. Мәселен, Шал ақын:Он бестегі жасым-ай,Жарға ойнаған лақтай.Жиырмадағы жасым-айКөлге біткен құрақтай.Отыздағы жасым-ай,Таудан аққан бұлақтай.Қырықтағы жасым-ай,Қырымдағыға көз салғанЕрттеулі тұрған құр аттай,-дей келіп,Елу деген жасыңыз.Ел көшкендей бел екен.Алпыстағы жасыңыз,Қоңыр салқын күн екен.Жетпіс жасқа келгендеҚараңғы тұман түн екен.Сексен жасқа келгенде,Қазулы тұрған көр екен.Тоқсан жасқа келгендеӨлімнен басқа жоқ екен,- дейді.Жастық жайлы толғағанда жыраулар поэзиясынан сол тәтті шаққа деген ерекше сағыныш, аңсау лебі есіп тұрса, кәрілік жайында айтқанда мұң, нала сезімдері көрініп тұрғандай әсер қалдырады. Жыраулар – кейде астарлы, кейде тура мағынасында мәнерлі сөз, терең ойлы толымды толғаныс туындыларын тізбектей білген жүйелі де жүйрік логиканың шеберлері. Қанатты да тұспал, келелі де кемеңгерлік куәгерлеріне тән асқақ та асыл сөз зергерлері, қатарынан озып шыққан зерделі де зерек, түбірлі сөздің түбін түсірер, дүбірлі дауға, бітімсіз жауға қарата тіл қатып мәмілеге жүгіндірер құдіретті күш иегерлері, қаһарлы сөздермен қазақ батырларын қамал бұзуға бастаған, дуалы ауыздарынан шыққан сөздері қарсыласын өртеп жіберер от жалын шашқан жайсаңдар. Оларды халық қаһарлы хандардың қатал да өрескел әмірлеріне қарсы тұрарлық кемел ақыл иелеі, адамгершіл адал жандар, әділет пен ар-намыстың ажырамас жақтаушысы, зорлықшылардан қорлық көргендердің сүйеніші, қара қылды қақ жаратын туғансыз тура биліктің, тұрлаулы төреліктің, қазасыз қазылықтың, шытырман шындықтың қасқа жолын қасқиып тұрып батыл айтса да, сол үшін күрессе де, қарсыласын сөзден жығып өзіне көндіре алатын да асқан ақыл иегерлері, сөйлер сөзге келгенде мүдірместен табан асты шиыршық атқан шешен, ещ пәледен қысылмай шебер шешімін ұсынып, бітпесті бітістіріп, келіспесті келістіріп, сөз құдіретімен өздерін мойындатқан жыр иесі ретінде таниды.(6) Үлкен философиялық ой жатқан толғауларында біз бөліп қарастырып жатқан жастық пен кәрілік мәселесі бір сарынмен: жастықты оралмас шақ деп, кәрілікті қазған көр деп жырлау кең өріс тапқан.Жастық шақ – адам өміріндегі ең бір ғажайып кезең. Жас адамның бойында қажымас қайрат та, орасан үлкен күш-қуат та болады. Жас кезінде небір қызық думандар мен керемет сауық-сайрандарды өткерген жырауларымыз да оралмас сол шақты ыстық ықыласпен еске алады. Әсіресе, жастық шақты айтқан кезде жиырма бес жасқа ерекше тоқталып, бүкіл жас кезіндегі өмірінің шуақты сәттерін осы жас төңірегіне телиді. Осы орайда, жыраулар поззиясында жастық шақты жырлаудың екі түрлі тәсілі бар деп ойлаймын:1. Әр кезеңге сипаттама беру арқылы жырлау.2. Жиырма бес жаспен байланыстырып толғау.Екі ауылдың арасынҚиқулатқан жиырма бес.Бұғалықсыз асаудыҚұр-құрлатқан жиырма бес.Тыным таппай түн болсаСығалатып сыртынанҮй тыңдатқан жиырма бес.Шыштақтатып қасынаШырт ұйықтап жатқандаТұр-тұрлатқан жиырма бес.Жалтарғанды жаздырмайҚыран шалған қояндайБұлтылдатқан жиырма бес...«Ой-хой, жиырма бес!». Жоғарыдағы «Жиырма бес» атты толғаудың иесі айтулы Базар жыраудың жастық шаққа деген сағынышы осындай керемет толғау арқылы көрінеді. Абылай ханға айтқан толғауында:Жиырма беске келгендеБақыт берді басыңаТақыт берді астыңа,-деп төгілткен Бұқар жырау да,Жиырма бес енді келмес албырт жасың,Қайратың қиратқандай таудың тасын,-деп жырлаған Шал ақын даәсте, жастық шағында мынау жалғанның қуанышын бір кісідей көрген адамдар екеніне дау жоқ.Кәріліктің адам бойындағы бар күш-қуатты сарқып алатынын сөз қалған жыраулар бұл кезеңге түрліше сипаттама береді. Бұқар жырау:Тоқсан бес деген торы екен,Дәйім жаның қор екен.Қарғиын десең, екі жағы ор екен.Найза бойы жар екен,Түсіп кетсең түбінеТүбі жоқ терең көл екенЕл қонбайтын шөл екенКелмейтұғын неме екен,-дейді. «Жырау адамның елуден арғы өмірі хақында онша жылы лебіз білдірмейді, ал тоқсан бесті мүлде істен алғысыз етеді, бұл жасқа келіп қажеті жоқ-ақ екен дейді» деп пікір айтады Мұхтар Мағауин өз зерттеулерінде.(9)Ал Көтеш ақын:Кәрілік жылы-жұмақ ас жарай ма?Қазы- қарта, жал-жая, бас жарай ма?Кәрілік мұның бәрін жақтырмайсыңҮйген топырақ, қалғаны тас жарай ма?Сексен ерікке қоймады-ау қалжыратып,Қайтып өлең айтармын алжып жатып.Сексен түтіл, тоқсанға болса едім,Ұсақ турап ет берсе балбыратып,-деп толғайды. Қобылан Бөрібайұлы шығармашылығанан да бұл мәселе шет қалмаған:Қара тасты қақ жарған қайран тісім,Тісім түсіп, бойымнан кетті күшім.Етігімнің өкшесі қисайы жүр,Көзімнен бір-бір ұшты-ау қылған ісім.Кедейлік, жас кезімде келмеп едің,Жеңем деп мені жаста сенбеп едің.Сексенге кеп селкілдеп отырғанда,Кәрілікпен қосылып мені жеңдің,- дейді. Сондай-ақ, бұл тақырыпта Қашаған Күржіманұлы, Тәтіқара, Бала Ораз, Нұрым Шыршығұлұлы, Есет Қараұлы т.б. әр кезеңде ғұмыр кешкен ақын- жырауларымыз кеңінен толғаған. Кәрілік мәселесін жырлауда қай-қайсы да алдына жан салмаған. Жастық мәселесіне қарағанда кәрілікті кеңінен толғауы ол әрине, жырауларымыздың да жас мөлшеріне байланысты болса керек. Өйткені, қай жырауды алып қарасаңыз да,олардың ел алдына шығып сөз сөйлеуі, шын мәнінде жырау атанып, кемеліне келуі үнемі үлкейген кезінде болады. « Талант жас талғамайды» десек те, шыны керек, жыраулар поэзиясына келгенде олардың кәрі кездерінде жыр айтқанын кездестіреміз. Сондай-ақ, жастық пен кәрілік мәселесін жырлаған жырауларымыздың туындыларының бәріне тән ерекшелік – жастық шақты өткен шақта, кәрілікті осы шақта жырлауы да сөзімнің айқын дәлелі. Бұл жерде мына жайтты ескеруіміз қажет: Мен жоғарыда саусақпен санарлық қана жыраулардың жыр жолдарын мысалға келтіріп өттім. Ал басқа да көмейі жырға толы жырауларымыз бұл мәселеге ат шалдырмаған ба? деген сұрақ тууы мүмкін. Бұны жыраулар ауызша әдебиет өкілдері болғандықтан, шығармаларының басым көпшілігінің бізге жетпей қалғандығымен түсіндіруге болады. Жыраулар поэзиясына үңілгенде мені таңғалдырған мәселелердің бірі – мен кездестірген жырауларымыздың бәрінің кәрілікке жетіп дүниеден озуы.Жыраулар жастық шақты жырлағанда олардан кейінгі әдебиет өкілдеріндей жастарға ақыл айтып, жас кезіңде білім ал, ілім ізде демейді. Негізінен, жыраулар жастық шақтың сауық-сайранмен, думанмен өтетінін жырлаған. « Заманына қарай адамы» деген осы болса керек.Енді жыраулар поэзиясындағы жастық пен кәріліктің әнші-ақындарымыздың өлеңдеріндегі ұқсастығы жөнінде бірер сөз. Бірінші ұқсастық - әр жасқа сипаттама беру арқылы жырлау. Мәселен, Ақан серінің бір өлеңін келтіре кетсек:Туған соң анаңыздан шықсаң бірге,Еңбектеп екі жаста жүрдің төрде.Үш жаста талпындыңыз үй ішіндеТөрт жаста қадам басып жүрдің жерде,-деп басталыпКелетін мұнан соңғы жиырма үш,Жиырма төрт қалса кейін ол бір тынысНемене айтып-айтпай пәни жалғанАртыңда қала берсе жиырма бес.Құтқармай жиырма алты о да келер,Кемуге күн-күн сайын пенде күтерҚұрысын жиырма жеті, жиырма сегіз,Жүйрік ат одан асса табады өнер,- деп жалғасатын толғауында ақын жастық кезеңге рет-ретімен сипаттама береді. Сондай-ақ, кәрілік мәселесіне қатысты тағы да Ақан серіге жүгінек,Дүниенің мысалыБұтаққа қонған сауысқан.Ұшып жүріп сықылықтап,Өлексе жеп тауысқанКелеріңде сұлусың,Ғашықтай боп қосылған.Кетеріңде қызыл түлкісің,Шошыған қатты дауыстан.Бір қалыпта тұрсаң, не етеді?Кетерсің шығып оқыстан.Ақырында кісініШөл етесің құрысқан,- дейді ол.Сондай-ақ, бұл мәселен Кенен Әзірбаев өлеңдерінде кездеседі. Ол жастық шақты «бұлақтайсың», «лақтайсың», «қылыштасың», «пырақтайсың», «садақтай» деп теңеу арқылы Бұқар жырау өлеңдерімен үндестік табады.Сексенде селкілдектей ауру келіп,Басыңа ие болмай былғақтасың,-дейді аяғында Кенен бабамыз.Ал, Біржан сал « Сырғақты» деген өлеңінде:Бозбала, саған айтар өсиетім,Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.Жанып тұрған жас өмір – алқызыл гүл,Сипаттауға қызығын жетпейді тіл.Жауқазын желбіреген жастық шақта,Өмірдің мағынасын түсіне біл,- деп, өмір мағынасын бозбала шақтан-ақ түсініп, адамгершіл мақсаттар үшін талап қылуға дағдыланса екен деген ізгі міндеттер жүктейді. Сондай-ақ, « Жастарға» арнауында қарекет қылып кешкен жастар өмірін ардақтайды.(6)Жалпы алғанда, жыраулар поэзиясында жастық пен кәрілік тақырыбы бір сарында жырланған. Жырауларымыздың өлеңнен өлеңге көшіп жүретін тіркестерді пайдаланып бір-бірін қайталауы бұл мәселеде де көрініс тапқан. Яғни, өлеңдерінде бір-біріне ұқсас тұстар байқалады.Қобылан Бөрібайұлы:Кәрілік қарсы келдің қазған көрдей,Жігіттік, желіп өттің бәйге кердей,-дейді.Адам баласы осынау өмір жолына келгеннен кейін сан қилы кезеңді басынан кешеді. Оның тұлғалық қалыптасуы жас ерешелігіне байланысты болады. Оның ойы да, тұлғасы да, болмысы да әрбір жасқа сәйкес дамиды. Бұл – табиғаттың еш жерде жазылмаған бұлжымас заңы. Адам өзінің болашағын жас кезінде қалыптастырады. Жастық шақтағы бір қадам оның келешегін жарқын етуі де, керісінше күллі өмірін тас-талқан қылуы да мүмкін. Ал кәрілік - өмір есігін айқара ашқан әр пендеге бұйыра бермейтін белес. Әрине, жастық шақтың да екінің бірінің басына қона бермесі айдан айқын. Бұл пешенеңе жазылған жазмыштың еншісіндегі дүние. Жастық пен кәрілікті жыраулар қаншалықты деңгейде жырлай алды? Жоғарыда айтып өткенімдей, жастық шаққа тек біржақты қарау – яғни ойнап-күлетін кезең ретінде қарау жыраулар поэзиясына тән деп білемін. Ал кәрілік мәселесінде жыраулардың толғамдары бұдан кеңірек болса керек. Өйткені, кәрілік мәселесін сөз қылу арқылы мынау құба жонның құланындай зымырап өте шығатын дүниенің жалғандығын да жырлап өтеді. Адам қартайғанда қайтып сәби қалыпқа түседі. Сәл нәрсеге қуанып, сәл нәрсеге ренжитін халге түседі. Сондай-ақ біреудің көмегін қажет қылатын дәрменсіздік пен шарасыздық та кәрілік кесапаты. Жыраулар өлеңдерінде қартайған шағында оларды бала-шағасының күтіп-бақпағанын айту арқылы да сөз қадірін білетін оқырманға ой тастайды. « Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» демекші, жыраулар поззиясында кәрілік мәселесін жырлағанда кәрі адамның көңілінің жастық кезді аңсауы, өзінің дәрменсіз халіне налуы кең көрініс табады.Жастық пен кәрілік – жырауларға да, жырау еместерге де тән тақырып. Ол – мынау он сегіз мың ғаламда адамзат баласы өмір сүрген кезеңде мәңгілік жырланатын тақырып болуымен де өзгеше. Жастық пен кәрілік астарында үлкен философиялық ойдың жатқаны сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет