Сабақты қорытындылау: Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен даму тарихы оның көпғасырлық дәстүрі мен терең тамыры болғандығын көрсетеді. Мон-ғолдар жаулап алуынан кейін XIII—XV ғасырларда Қазақстан аумағында бір-неше мемлекет пайда болып дамыды және ыдырау кезеңін басынан өткізді. Бұл мемлекеттердің құрылу барысында жергілікті түркі тілдес халықтар елеулі рөл атқарды. Оны мемлекеттік құрылымның дәстүрлі түрлерінің, кейбір лауазым-дардың сақталғанымен түсіндіруге болады.
Үйге тапсырма.
4-бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.
Тақырыбы: Қасым ханның заңы «Қасқа жол»
Сабақтың мақсаты :
Қазақ хандығында алғашқы болып қабылданған Қасым ханның «Қасқа жол» деп аталған заңына түсініктеме бере отырып, оқушының саяси көзқарасын дамыту, саяси сауаттылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
А) Қасым хан туралы
Б) Қасым ханның «Қасқа жолы »
В) Тарихи маңызы
Сабағымызды біріншіден Қасым ханның саяси қызметіне сиапаттама беруден бастаймыз. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
Екінші кезекте Қасым ханның заңына токталамыз. Анықтама:
Қасым ханның қасқа жолы - қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хандық құрған кезде (1511 - 23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті
Қазақ халқының құқық тық жүйесінің қалыптасуы XY ғасырдың орта ше-нінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Қасым хан есімімен байланысты.қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптарды негізге ала отырып,дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына байланысты бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады.
«Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрды:
1.Малға,мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады.
2.Түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар тұжырымдалған.
3.Әскери қызмет атқару ережелеріне және әскери тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған.
4.Елшілік қатынастарды реттейтін нормалар – елшілер тағайындау,басқа елдердің елшілерін қабылдау,шет мемлекеттер өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері енгізілген.
5.Аруақтарға арнап ас беру,түрлі той – думандар,тағы басқа дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі айтылады.
Қасым ханның қасқа жолы - қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрып-тық заң ережелерінің жиынтығы. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аума-ғын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағ-идасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өт-кен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жора-лар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жат-қан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Қасым ханның «Қасқа жолының» тарихи маңызы өте зор.XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мәңгі орын алып, жарты мың жыл-дан аса сақталып келе жатты. «Қасым ханның қасқа жолы» - осының куәсі. «Қасқа жол» - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді,
2.Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді,
3.Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты,
4.Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.
Кесе толтыру. «Қасқа жол»
Бөлімдер
|
Қай саланы қамтыды?
|
Маңыздылығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақты қорытындылау:
Міне, осы аталған себептер «Қасқа жолды» дүниеге әкеледі. Бұл заңның жазбаша мәтіні болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы сақталуы «Қасқа жолдың» қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға үйлесімді
Үйге тапсырма беру:
4-бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.
Тақырыбы: Тәуке ханның заңы «Жеті жарғы»
Сабақтың мақсаты :
Қазақ хандығының саси дамуыно зор үлес қосқан Тәуке ханның «Жеті жарғы» деп аталған заңына түсініктеме бере отырып, оқушының саяси көзқарасын дамыту, саяси сауаттылығын арттыру.
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
А) Тәуке хан туралы
Б) Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
В) Тарихи маңызы
Тарихи анықтаманы қолдана отырып Тәуке ханның қазақ қоғамда алатын орнына сипаттама береміз.
Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келген-де бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде.
Сабағымыздың келесі кезегінде «Жеті жарғы » заңына шолу жасаймыз.
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ға-сырдың басына дейін қолданылып келді. Әз Тәуке ханның жарлықтарымен би-лік құрылымында бұрын үлкен орын алған ұлыстық жүйе екінші қатарға ысы-рылып, оның орнына бірнеше сатыға жүйеленген жүздік құрылым келді. Жүз-дік құрылымның негізгі элементі болып табылатын ру, тайпа жүйесі де қайта құрылып,көшпелілердің әуел бастан бар демократиялық тәртіптері де қайта жанданып, жалпы халықтық мәслихат, жиындар жыл сайын өткізіліп отырыла-тын болды. А.И.Левшин қалдырған деректерге қарағанда бұл жиындарға тек қарулы ер азаматтар ғана қатысуға құқықты еді. Оның тәртібі«Жеті жарғыда» нақты бекітілді. Оның ең биік сатысы орда билерінен, Түркістан мен Ташкент
маңындағы отырықшы халықтың өкілдерінен, қазаққа одақтас қырғыз, қара-қалпақ сияқты халықтың басшыларынан құралған «Жеті жарғы». Зерттеушілер-дің көпшілігі «Жеті жарғы» құрамындағы қазақтың үш биін ерекше атайды. Н.И.Гродековтың жазбасы бойынша «В числе их было три знатных бия, по каждому из каждой орды: из Великой – Туле, из Средней – каз дауысты
Казыбек, т.е. Казыбек с голосом гуся, (звучным), из Малой – Айтеке»
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Сызбан қолдана отырып «Жеті жарғы » бөлімдеріне жеке-жеке түсінік беріледі.
Кестемен жұмыс «Жеті жарғы»
Бөлімдері
|
Қамтылған мәселелер
|
Жер дауы
|
|
Отбасы
|
|
Неке заңы
|
|
Қылмыс
|
|
Құн дауы
|
|
Сабақты қорытындылау:
«Жеті жарғы» деген Тәуке ханның тұсында жасалған даналық заңдары Қазақ хандығының саяси дамуына, қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері дер кезінде табуына зор үлес қосты.
Үйге тапсырма беру.
4-бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.
Тақырыбы: Есім ханның заңы «Ескі жол»
Сабақтың мақсаты :
Қазақ хандығында саси тірек болған Есім ханның «Ескі жол» деп аталған заңға түсініктеме бере отырып, оқушының саяси көзқарасын дамыту, саяси сауаттылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
А)Есім хан туралы
Б) Есім ханның «Жеті жарғысы »
В) Тарихи маңызы
Есім хан — (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Маурен-нахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай хан-ның баласы, ол бұрын қазақ хан-дығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. 1598 жылы Еңсегей бойлы ер Есім Қазақ Ордасын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеп, «Есім ханның ескі жолы» аталған заңды құрастырды. Бұл заң жинағын-да ұйымдастырушы күш ретінде кейбір Шариғат үкімдері алынғандықтан, сұл-тандардың бір бөлігі Есім ханның саясатына қарсы шығу себептерін де түсіндіру керек.
Келесі кезекте кестені қолдана отырып Есім ханның заңын түсіндіреміз.
"Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы.
Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 лок.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық "Есім ханның ескі жолы" деген ат берді.
Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп аталды
Есім ханның билігі тұсында (1598–1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.
Салыстырмалы кесте бойынша сабақты бекіту.
Қасым хан «Қасқа жол»
|
Есім хан «Ескі жол»
|
Ерекшеліктері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақты қорытындылау:
«Есім салған ескі жол» деген Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдары Қазақ хандығының саяси дамуына, қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері дер кезінде табуына зор үлес қосты.
Үйге тапсырма беру.
5-бөлім. Кеңестік дәуірдегі Конституциялар
Тақырыбы: 1937 жылғы ҚазКСР Конституциясы
Сабақтың мақсаты :
Кеңестік дәуірдегі 1937 жылы қабылданған ҚазКСР-нің тұңғыш Конституциясына түсініктеме беріп, оқушының саяси көзқарастарын дамыту.
Сабақтың түрі:дәріс сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
А) КСРО Конституциясы туралы
Б) ҚазКСР-нің Конституциясы
В) Тарихи маңызы
Сабағымызды бастамас бұрын Кеңес Одағының Конституциясына тоқталамыз.КСРО тарихын қолдана отырып мағлұмат береміз.
1935 жылы 1 ақпанда өткен БК(б)П ОК-тің Пленумы КСРО Конституциясына бірқатар өзгерістер еңгізу туралы қаулы кабылдады. Жаңа Конституцияның жобасы дайындалды. 1936 жылы 12 маусым күні жаңа Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, жария етілді. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды.
Келесі кезеңде ҚазКСР-нің тұңғыш Конституциясына кеңірек тоқталамыз.
Жаңа Конституцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы және құпия дауыс беру енгізілді. Алайда акыл-еске Коммунистік партия тарапынан жаппай бақылау қойылған және партияның өзі ұсынған бір кандидатқа дауыс беру практикасын орнату барысында бұл жаңа енгізілімдер мағынасын тез жоғалтты. Өкілетті органдардағы қайта құрулар да формалды сипатта болды. Кеңестердің Орталық Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі алмастырды, бұл билік органы шын мәнінде Компартияның айтқанын ғана орындады.Қазақ КСР Конституциясына сәйкес 1936 жылы Қазақ КСР-і одақтық республика болып қайта құрылды, Федерация құрамында Қазақстан басқа да республикалар қатарына келіп қосылды. Ал 1937 жылдың 26 наурызы күні Республика Кеңесінің төтенше X съезінде Қазақ КСР Конституциясы Одақтық Негізгі Заңға сүйене отырып жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі қорытындылары, ең алдымен, КСРО да социализмнің салтанат құруына арналды. Ал мұның түпкі тұжырымдары 1917 - 1936 жылдар КСРО-да экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің накты нәтижелеріне сүйенді.
1937 жылдың 5—12 маусымында Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының I съезі өтті. ҚК(б)П ОК-нің Бірінші хатшысы болып Л.Мирзоян сайланды. Съезд ұйымдық дәрежеде Өлкелік партия ұйымын Қазақстан большевиктерінің Коммунистік партиясы деп іс жүзінде бекітті
Анықтаманы қолдана отырып 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясына талдау жасаймыз.
1937 жылғы 26 наурызда Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім және 125 баптан құралды. Онда былай деп жазылған: «СССР Конститутциясының 14 бабынан тыс Қазақ КСР-і өзінің тәуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады. Сонымен қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа тең құ-қықты республикалармен экономика, қорғаныс бағытында өзара жәрдемдесу мақсатында ерікті түрде бірігу (13 бап), ҚазССР-дің келісімінсіз территорияны өзгертпеу (16 бап), жоғары республикалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қалыптастырған республиканы енгізу мәселелері, заңнаманы орын-дауды бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқығын қорғау, салық өндіру және т.б. (19 бап) қамтылғандығын оқушыларға түсін-діреміз.Сонымен қатар келесі бөлімдерге шолу жасаймыз.
Сондай-ақ, сот және прокуратура жүйесі орнатылды. Халықтық сот төреші-лері аудан азаматтарының жабық дауыс беруі арқылы бүкіл халықтық, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83-90 баптар).
1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97 бап), кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайында мате-риалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспа-сөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы.
Сабақты бекіту: Конституция баптарын талдау
Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру.
5-бөлім. Кеңестік дәуірдегі Конституциялар
Тақырыбы: 1978 жылғы ҚазКСР Конституциясы
Сабақтың мақсаты :
Кеңестік дәуірдегі 1978 жылы қабылданған ҚазКСР-нің Конституциясына түсініктеме беріп, оқушының саяси көзқарастарын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы үй
тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
а) ҚазКСР-нің Конституциясы
б) Тарихи маңызы
Мұғалім сабақты бастамас бұрын Кеңес Одағының саяси жағдайына шолу жасайды. Оқушыларға КСРО тарихын қолдана отырып мағлұмат береді.
1937 жылдың 26 наурызы күні Республика Кеңесінің төтенше X съезінде Қазақ КСР Конституциясы Одақтық Негізгі Заңға сүйеніп жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі қорытындылары, ең алдымен, КСРО да социализмнің салтанат құруына байланысты болғандығын түсіндіреміз. Конституция тұжырымдары 1917 - 1936 жылдар КСРО-да экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің накты нәтижелеріне сүйенді. Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстырамыз.Мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі осы кезде танылады.
Анықтаманы қолдана отырып 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясына талдау жасаймыз.
ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлімнен, 19 тараудан және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды. Өкімет билігі мен басқару жүйесінің үстінен Қазақ КСР Коммунистік партиясы бақылау орнатты. Республиканың экономикалық жүйесі мемлекеттік, кооперативтік-колхоздық және кәсіподақ және басқа да ұйымдардың меншігі деп жарияланды.
1978 жылғы Конституцияда республиканың ұлттық-мемлекеттік және әкімші-лік-аумақтық құрылысы, жоғарғы және жергілікті билік пен басқару құзыреті, сайлау жүйесінің принциптері, халық депутаттарының құқықтық мәртебесі, эко-номикалық және әлеуметтік даму мемлекеттік жоспары институттары, мемле-кеттік бюджет, сот тәртібі, төрелік соты, прокурорлық қадағалау және т.б. мәселелер қамтылды.
1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Консти-туциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.
1990 жылдардың басында Қазақ КСР-інде, одан кейін Қазақстанда 1978 жыл-ғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. «Мемлекеттік өкімет құрылымдарын жетілдіру туралы» 1990 жылғы 20 қара-шадағы Заңға сәйкес Президент атқарушы және өкім етуші билік басшысы бол-ғаны туралы ереже енгізілді, Министрлер Кеңесі Министрлер Кабинетіне өзгер-тілді және жергілікті өзін өзі басқару, Қазақ Кеңестік Социалистік Республи-касының атауын өзгерту, ҚР азаматтығы туралы Заңдар және басқа да құжаттар қабылданды.
Салыстармалы кесте «1937,1978 жылғы Конституциялары»
Конституциялар
|
Бөлімдер
|
баптар
|
Ерекшелігі
|
Ұксастығы
|
1937 жылғы
|
|
|
|
|
1978 жылғы
|
|
|
|
|
Сабақты бекіту: Конституция баптарын талдау
Сабақты қорытындылау: 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР жаңа Консти-туциясы қабылданды. Конституцияда негізгі демократиялық бостандықтар жарияланды, бірақ олар сөз жүзінде ғана орындалды.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру:
6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары
Тақырыбы: 1993 жылғы Конституция
Сабақтың мақсаты :
1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме беріп, оқушының саяси сауаттылын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: оқушыларды 3 топқа бөліп қима қағаз арқылы үй
тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
а) Тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясы
б) Тарихи маңызы
Мұғалім сабақты бастамас бұрын Кеңес Одағының саяси жағдайына шолу жа-сайды. Оқушыларға Конституция жайлы мәлімет береді. «Конституция» - латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы. Міне, осындай конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құ-қықтар жөніндегі билль деген атпен қабылданған. Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.
Ал,енді негізгі бөлімшеге кірісеміз. Сызбаны қолданып,Конституцияға шолу жасаймыз.
Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Бұрынғы кеңестік жүйеден кейінгі кезең біздің республикамыздың суверен-ділігін жоғары құқықтық дәрежеде нығай-туды талап етіп, 1978 жылы негізін қалаған Қаз КСР Конституциясы қоғамдағы болып жатқан жағдайға түпкілікті өзгерістер енгізуге әсер ете алмады. Осы жағ-даймен бір кезеңнен екінші кезеңге өту мақсатындағы компромисті Конститу-ция 1993 жылы 28 қаңтар күні қабылданды. Және екі жылдан кейін осы тұста Негізгі заңның кезекті реформаны талап ететіндігі де кездейсоқтық емес еді. 1993ж. ҚР Кон-ституциясының қабылдануы Қазақстанның демократиялық мемлекеттігінің қалыптасуының бастамасы болды. Алайда, бұл құжат өкімет тармақтары арасындағы қақтығыстық жағдайларды шешудің нақты меха-низмдерін қарастырмады, бұл тікелей кейінгі Қазақ-стан Республикасының саяси-конституциялық дамуына белгілі бір мөлшерде ықпал етегі. Өмірдің өзі мемлекеттік басқарудың жеке бөлініс моделдерін дайындауды талап етті. 1993 жылғы Конституцияда елеулі олқылықтар орын алды. «Бұл құжатта ескі саяси жүйенің жаңа саяси жүйеге трансформациялануы заңдастырылды. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар Батыс демократиясын елдің кеңес-тік саяси жүйе- сін жаңартуға пай-далануға әрекет болды. Өтпелі кезеңнің эконо-микалық және әлеуметтік қайшы-лықтарын жеңе алатын тиімді вертикальды ат-қарушы билік жасалынбай қалды. Осындай қателіктің салдарынан Қазақстан терең экономикалық дағдарыс қыспағында қалды». Осы тұста елдің саяси жүйесін өзгерту қажеттілігі туды.
Кесте «1993 жылғы ҚР Конституциясы»
Конституциялар
|
Бөлімдер
|
баптар
|
Ерекшелігі
|
1978 жылғы
|
|
|
|
1993 жылғы
|
21 тарау
|
131 бап
|
|
Сабақты бекіту: Конституция баптарын талдау
Сабақты қорытындылау: Конституция күні жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды жұрт-шылыққа жеткізу әр азаматтың парызы. Өйткені, елдің жеткен биігі – біздің жетістігіміз!
Үйге тапсырма беру.
6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары
Тақырыбы: 1995 жылғы Конституция
Сабақтың мақсаты :
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме беріп, оқушының құқықтық сауаттылын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: оқушылардан сұрақ-жауап арқылы үй
тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Достарыңызбен бөлісу: |