«Қазақ құқығы» курсын оқытудың мақсаты



бет6/6
Дата18.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#11797
1   2   3   4   5   6








Сабақты қорытындылау. Құқықтық мемлекетконституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Үйге тапсырма беру.




4UpRibbonSharp-бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.
Тақырыбы: Қазақ дәстүрлі заңдарының маңызы
Сабақтың мақсаты :

Қазақ хандығының саси дамуыно зор үлес қосқан «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» деп аталған заңдардыңтарихи маңызын оқушыларға түсіндіру, оқушының саяси көзқарасын дамыту, саяси сауаттылығын арттыру.



Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берген тапсырманы карточкалық тапсырма-лар, сызбаны, кестені толтыру және сөзжұмбақ шешу арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ой қозғау. Оқушыларға сұрақ. Қазақстан тарихында құқық саласына байланысты қандай қайраткерлерді, олардың заңдары туралы кім біледі?
Әр оқушының ойы тыңдалып, сабаққа кірісеміз.

Түрік қағанаты Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып 2 - ге бөлінді. Жоғары лауазымды бектермен тархандар иемденді. Қағанатта құқықтық ғұрыптар қалыптасты «төру» деп аталатын жазба заңдар пайда болды.


Монғолдардың құқықтық нормаларының тарауы. 1206жылы тарихта танымал заңдар жинағы Шыңғыс ханның «Жасасы» пайда болды. Бұл заң жаулап алған елдердің бәріне қолданып, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттеді.
ХҮ ғасыр ортасында. Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптары мен нормалар жүйеге келтірілді.
Қазақтың құқық жүйесіндегі келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 – 1718ж) болды. Ол «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодеск пішініндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жасады.
(Қосымша дерек) Қазақ ғалымдарын ішінде «Жеті жарғы» туралы алғашқы пікір білдіргендердің бірі академик Ә. Х. Марғұлан «жеті жарғыны» әуелі жеті жарғыш, жеті, яғни жеті әділ, қара қылды қақ жарған билердің билігі дегенді қолданды. жеті жарғыға арналған мақаласында оның мазмұнының 7 түрлі ережелерден құралатындығы жайлы жазады. «Жеті жарғыға» кіретін ережелер жетеу болды;
Құн заңы
Мүлік заңы Жесір дауы
Жұртшы\қ заңы
Қылмыс заңы
Елшілік
Әскери заң жоралғылары

Қазақстанның Ресейге қосылуы құқықтық жүйені өзгертіп жіберді. Оның байтақ өлкесінде өзін - өзі басқаратын жергілікті органдар құрылды. Олардың барлығы отаршылдық аппаратқа бағындырылды. Ресей империясы қазақтың әдеттегі құқықтық жүйесін ішінара сақтай отырып, сонымен бірге қазақ даласына Ресей заңдарын\ң қолдануын енгізе бастады.


Жаңа сабақты бекіту: Салыстырмалы анализ жаса?
Есім хан-------------------------------------------------------------Тәуке хан
Есім ханның ескі жолы деп-------------------заңындағы қандай ерекшеліктерін
аталу себебі?-------------------------------------байқадың?
Өйткені Қасым ханның заңын---------------Кек алудың «қанға - қан» деген түріне тыйым
өзгертпей тек Әскери міндетті салды.---Үй ішіндегі құл мен күң заң жүзінде атқару ережелерін
күшейтті, жазаны қатайтып -----------------қорғалмады.
қолданды.----------------------------------------Билік басындағы сұлтандар мен билердің
-------------------------------------------------------өктемдігіне шектеу қойылды.

Сұрақтар:
- Құқықтың ұлттық нышандарының қандай элементтерін қазіргі құқық жүйесіне енгізуге болар еді деп есептейсіңдер?
- Қазіргі заңмен қазақ хандығы жарғы, заңдарымен мүлдем салыстыруға келмейді, себебі?
- 1206 жылы қандай заң пайда болды?
- Қасым ханның заңының 5 бөлімін ата?
- Қасым ханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы деп аталы себебі неде?
- Тәуке ханның жеті жарғысын айт?
- Ислам дінінің құқыққа әсері қандай болды?
- Төру ұғымы нешінші ғасырға дейін қолданылып келді?

Кестемен жұмыс:

Заңдар

Ұксастығы

Ерекшелігі

«Қасқа жол»







«Ескі жол»







«Жеті жарғы»







Сабақты қорытындылау: Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

 

Үйге тапсырма беру:



6UpRibbonSharp-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары.
Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық-заман талабы.
Сабақтың мақсаты :

Құқықтық сауаттылық –заман талабы екендігін оқушыларға ұғындыру, саяси сауаттылығын арттыру.Отансүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: сайыс сабақ,тренинг сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікіралмасу,талқылау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ –жауап, өз ойын ұсыну

ІІІ. Жаңа сабақ::

Кіріспе сөз
Мұғалім:
Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бір жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл Конституциясының қабылданғанына 18 жыл толғалы отыр.

Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 қаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.

Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы, заң)
қабылданды. Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды.
Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрсе де ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен.

Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие болады.


Қабылданғанына 18 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демокра-тиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

Сынып екі топқа бөлінеді: 1 – топ және 2 – топ.
Сабақ 7 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.

№1 Глоссарий «Тәртіп орнат»


1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

№ 2 Байқау


«Құқық дегеніміз не?»
Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.
Сұрақ - Жауап
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? - Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.

2. Құқықтың қандай түрлері бар?


- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? - Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет? - Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы? - Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды? - Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? - Бостандық – бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында

№ 3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз.
Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.
№4.Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.
Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:


1. Заңдарға бағыну;
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы, салықты төлеу;
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;
8. Орта мектеп білімін алу;
9. Қазақстан Республикасын қорғау;

№ 5. Талқылау


«Жаза мен қылмыс»
1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?
2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.
3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?
4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасының қандай?
5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?
6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?

№ 6. Конституцияңды білесің бе?


1. Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3 бап)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? 1992жылы
3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10 бап)
4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма? Ия (19 бап)
5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма? Ия (23 бап)
6. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді? Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)
7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама? Жоқ (43 бап)
8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы? Парламент (49 бап)
9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? Премьер – Министр (67 бап)
10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы? Үкімет (64 бап)
11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді. Үкіметтің (70 бап)
12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады? Екінші
13. Заң құдайы? Фемида
14. ҚР – ның азаматы қашан болуға құқылысыз? Дүниеге келген кезде(12 бап)
15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз? –

1-мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

6-шілде — Қазақстанның Елордасы – Астана күні

30-тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

16-17-желтоқсан — Қа­зақ­стан Республикасының ұлттық мей­рамы.  Тәуелсіздік күні

17-желтоқсан Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

10-Желтоқсан — Адам құқықтарының халықаралық күні

№ 7.Конституция баптарынан үзінділер оқиды.



Сабақты қорытындылау: Екі топтың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топты жариялаймыз.

Үйге тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет