I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Сабақты қорытындылау: Еліміз мемлекет пен қоғамның қалыптасуында көп-теген жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда біз конфессияаралық келісімнің болуы-на, тұрақтылыққа, экономикадағы табыстардың барлығына да Конституцияның негізінде қол жеткіздік деп толық айта аламыз. Бұл таңдауды бағалауымыз және құрметтеуіміз қажет, Заңмен өмір сүру – бұл демократияның жоғарғы мектебі болып табылады.
Үйге тапсырма беру.
6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары.
Тақырыбы: Құқықтық мемлекет.
Сабақтың мақсаты :
Құқықтық мемлекет және оның құрылымдық элементтері туралы түсінік беру, сауаттылығын арттыру.Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ –жауап, өзара пікір таластар
ұымдастыру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Сабақ жоспары:
А) Құқықтық мемлекет туралы
б) Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері
в) Қазақстан-құқықтық менмлекет
Мұғалім сабақты алдымен «құқықтық мемлекет деген не ?» деген сауал бере отырып бастайды.Оқушылардың ойына көз жүгірте отырып сабақты жүргізеді.
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар ел-деріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар анти-калық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқық-тарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады.
Оқушыларға анықтама арқылы «Құқықтық мемлеке белгілері» тақырыбында мәлімет ұсынамыз.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:
Заң — мемлекеттің ақылы.
Сот — мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет — мемлекеттің тәртібі.
Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.
Мұғалім оқушыларға «Қазақстан-құқықтық мемлекет»тақырыбында қысқаша мағлұмат оқу.
Ешқандай өркениетті қоғам да бірден сол саналы қалпында болмайды. Кемел дәрежеге жету үшін қай ортаға да өсу, өркендеу сатысынан өту шарт. Біздің тә-уелсіз, өркениетті Қазақстанымыз да осындай құқықтық мемлекет сипатына ену үшін көптеген өмір талқысы мен талай заманның сынағынан өтті. Біз 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда қабылданған егеменді Қазақстан Конс-титуциясының 17 жылдығын атап өтеміз. Осы өткен 17 жылда Ата Заңы-мыз демократиялық маңызын арттырып қана қоймай, Конституцияның мызғымас тұғырға қонғанын дәлелдеді. Осы жылдар аралығында біздің де өміріміз түпкілікті өзгергенін айта кетуіміз керек. Аз ғана уақытта мем-лекетіміздің экономикасы қарыштап дамып, посткеңестік елдердің көш-басшысына айналуы, тұрақтылықтың орнауы – осы Ата Заңымыздың ар-қасы. Қазақстан мемлекет-тігін нығайтып, өз саясатын тәуелсіз етіп, мызғымас шекарасын белгілеп, территориялық тұтастығын қамтамасыз етіп алды. Респу-бликамыздың экономикасы әлемдік экономика нарығына кірігіп, посткеңестік
елдердің ішінде бірінші болып Еуропалық одақ пен АҚШ-ты мойындатты.
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру.
6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары.
Тақырыбы: Терминдер
Сабақтың мақсаты :
Құқықтық саласында кездесетін терминдердің мағынасымен таныстыру, саяси сауаттылығын арттыру.Білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ –жауап, өзара пікір таластар
ұымдастыру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Абсолютизм - бір адамның (император, король, патша) шексіз билігі. Жоғарғы өкімет билігі толық бір адамның ғана қолында болған басқару түрі
«Яса» - Шыңғысханның заңдар мен ережелер жиынтығы
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.
"Жесір дауы" термині арқылы әйелге ерінің, түскен елінің меншігіндегі
"Жаза" – Тәуке хан жарғысында көрсетілген құқықтықтермин
Достарыңызбен бөлісу: |