Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
Федерацияның негізгі белгілері:
-мемлект территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның болуы;
-мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде
-қалыптасады;
- мемлекеттің конституциясы екі деңгейлі болады.
Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республика бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Тува т.с.с.) Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз конституциясы бар.
Сабақты қорытындылау: Мемлекет. — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Үйге тапсырма.
2-бөлім. Мемлекет
Тақырыбы: Мемлекет құрылымы және басқару формасы
Сабақтың мақсаты :
Мемлекет құрылымын және басқару формаларын түсіндіріп,мемлекеттік басқару жүйесіне шолу жасау, өзінің тұратын мемлекетіне деген құрметтерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу,талқылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: қима қағаз арқылы cұрақ –жауап, өзара пікір
алмасу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Сабақ жоспары:
а) Мемлекет құрылымы
в) Мемлекеттік басқару түрлері
Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстырамыз. Жаңа сабақты түсін-діруде анықтаманы,сызбаны қолданамыз.
Алдымен мемлекет құрылымына сипаттама береміз. Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқық-тық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі. Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін. Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады. Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар. Теократтық (грек. theos — құдай, kratos — билік) монархияларда мемлекет басшысы діни жетекші қызметін де атқарады. Мұндай мемлекеттер қатарына Бруней, Сауд Арабиясы және Ватикан жатады.
Сабағымыздың келесі бөлімі Мемлекеттік басқару формалары деп аталады. Анықтамаға назар аударамыз. Басқару түрi- жоғары мемле¬кеттік органдарды, олардың қүрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті үйымдастыру. Тарихта екі басқару түрі белгілі: монархия және республика.
‘’Монархия’’ - алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады. Мемлекет басы – монарх - әдетте билікке мұра-герлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе сайлау-шыларға бағынышты емес .Монархияның екі түрі бар: абсолютті және консти-туциялық. Бірінші түрінде мемлекет басы биліктің барлық түрін өз қолына шоғырландырады. Екінші түрінде монарх билігі мемлекет Конституциясымен шектелген. Кейбір жағдайларда ол заң шығарушы билікке қүзыры жетпей, мо-нарх тек өкілдік қызмет атқарады. Бүл парламенттік монархия. Басқа жағдай-ларда монарх атқарушы биліктің тізгінін өзі үстап, парламентке айрықша ық-пал етеді: ол өз алдында жауапты үкіметті тағайындайды, парламенттің шешім-дерін кері қайтару қүқына ие, парламенттің жоғарғы палатасының мүшелерін тағайындауы мүмкін әрі парламент таратуға қүқылы.Бүл түрінде, көріп отыр-ғанымыздай, монарх пен парламент мемлекет билігін бөліседі. Конституция-лық монархияның бүл түрін дуалистік деп атау да қалыптасқан.
Республика басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан айырмашылығы мемлекет басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республиканың үш негізгі түрлері белгілі: парламенттік, президенттік және жартылай президенттік.
Оқушыларға кесте арқылы мемлекеттік басқару түрлерін анықтау.
Мемлекеттік басқару
|
Қай елдер жатады?
|
Монархия
|
|
Республикалық
|
|
Диктатура
|
|
Теократтық
|
|
Сабақты қорытындылау: Мемлекеттік басқару түрі дегеніміз –саяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқарудың үш түрі бар: монархия, конституциялық монархия және республика.
Үйге тапсырма.
3-бөлім. Түрік кезеңіндегі заң жүйесі.
Тақырыбы: Түріктердің «Төру»заңы.
Сабақтың мақсаты :
Қазақ құқығының қайнар көзі түрік кезеңінде құқықтың пайда болу тарихымен таныстыру. Саяси білімін арттыра отырып, заңсыйлағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берген тапсырманы карточкалық тапсырмалар, сызбаны, кестені толтыру және сөзжұмбақ шешу арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Сабақ жоспары:
А) Түркі кезеңіне шолу.
б) «Төру»заңы.
в) Тарихи маңызы
Қазақ құқық жүйесінің шығу тарихына шолу жасаймыз.Оқушыларға мынадай сұрақ қойылады «Ерте ортағасырлық мемлекеттерде құқық жүйесі қалай қалыптасты?».Міне осы сұраққа жауап іздей отырып сабақты өрбітеміз.
Орта Азияны қоныстанған көшпелілер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және түркі ұлыстары өздерінің әдет заңдарын біртіндеп өмірге алып келді. Әдет-ғұрып нормалары қоғамдардың орнығуына, экономиканық қуат алуына, мәде-ниеттің дамуына ықпал етті.
Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді.
Қытай тіліндегі материалдарға сүйенсек, Орта Азияны мекендеген түріктер-де Ү-ҮІ ғасырлардан бастап әдет заңдары болған. Сондағы әдет заңдарында меншік құқығы нормалары бар екендігіне және оларға ғылыми тұрғыда сипат беруге тырысайық.
Қазақ әдет құқығындағы меншік құқығы өте қызықты тақырыптардың бірі болып табылады. Көшпелі қазақ қоғамында меншік ерте дәуірден-ақ қалыптас-қан. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде қауымдық меншік орын алады. Ша-руашылықтың дамуына байланысты еңбек құралдары жетіліп артық өнім пайда болады. Бұның өзі қауымдық құрылыстың ыдырауына, рулық, тайпалық одақ-тардың пайда болуына және болашақта семьяның рөлінің артуына және отба-сылық меншіктің шығуына себеп болады. Малға, оның ішінде жылқыға таңба
салу түрік және түркі тілдес тайпаларда б.з. ҮІ-ҮІІ ғасырларында кеңінен тара-ған. Сонымен қатар, үйсін қоғамында мөр салу кеңінен тараған. Сірә, осының өзі қожайындардың меншіктерін айырып көрсетуге пайдаланылған болуы керек.Сол кезде қоғамдық байлықтың қозғалмалы және қозғалмайтын мүлікке бөлінуін алғашқы мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасқан Батыс түрік қағанатынан көрінеді.Батыс түрік қағанатында меншік құқығы бойынша қаған және қоғамдық, рулық меншіктер қалыптасады. Жазба деректерден қағанаттың қылмыстық құқығына қарайтын болсақ, бұл кезде мүлік ұрлағаны үшін, оның ішінде жылқы ұрлағаны үшін өлім жазасы қолданып отырған.
Басқару жүйесі. Түрік қағанаты Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Жоғары лауазымды бектермен тархандар иемденді. Қағанатта құқықтық ғұрыптар қалыптасты «төру» деп аталатын жазба заңдар пайда болды.
Мемлекетті қаған басқарды. Қағанның әулеті жоғары тұрды. Олар янғу, шад, тегін сияқты жоғары лауазымдарға ие болды. Билік мұрагерлікпен беріліп отырды. Қағанат он тайпаға бөлінеді. Ол «он оқ» деп аталады
Сабағымыздың келесі кезеңінде шағын топпен жұмыс жасаймыз.
«Ой қозғау» кезеңі. Оқушыларға сұрақ.
Қазақстан тарихында құқық саласына байланысты қандай қайраткерлерді, олардың заңдары туралы кім біледі?
Түрік қағанатының «Төру заңының» тарихи маңызына тоқталамыз;
- Қазақ халқы өзінің тарихында басынан небір қилы заманды өткізген. Көшпелі қазақ өркениетінің бай рухани және құқықтық қазынасын зерттеу болашаққа болжау жасау. Көшпелілердің әдет заңдары қоғамдық дамудың ұзақ процесінде қалыптасты, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Көшпелілір қоғамы бытыраңқы әрі өзгерістерге толы болғандықтан адамдар құқын тану, ру мүддесін қорғау қажеттігінен әрекет нормалары туындады. Осы әрекет нормалары қоғам дамуы, қатынастар қалыптасуы барысында әдет заңдарына айналды.
Қорытындылау: Жалпы алғанда, түрік құқықтық жүйесін меңгеру, оны түсіну мен білу қазіргі заңгерлерді қалыптастыруда зор роль атқаратынын білеміз.Түрік құқығында зерттелмеген объектілер әлі де көп.Түрік құқығын болашақ ғалымдар түбегейлі зерттеп, оған өз үлестерін қосса деп үміттенеміз.
Үйге тапсырма беру.
3-бөлім. Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы.
Тақырыбы: Шыңғыс ханның « Жаса заңы ».
Сабақтың мақсаты :
Шыңғыс ханның «Жаса»,заңының тарихына шолу жасау, қазақ еліне тигізген әсерін түсіндіру.
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:баяндау, cұрақ –жауап, өзара пікір таластар
ұымдастыру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Сабақ жоспары:
1. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
2. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.
3. «Жаса-Яса»заңы.
Алдымен тақтаға «жасақ-яса» деп жазып, оқушылардан қалай түсінетін сұраймыз.Сабақты түсіндіруде сызбаны қолданамыз. Жаңа сабақты түсіндіру – баяндау әдісі. Анықтамамен жұмыс.
Шыңғыс хан империясы – Шыңғыс хан құрған мемлекет. 1189 – 1206 ж. аралығында болған қиян-кескі соғыстардан кейін Шыңғыс хан Алтайдан Қытай қорғанына дейінгі аймақта тіртұтас мемлекет құрды және ол өз мемлекетін әрі қарай кеңейте бастады.XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында монғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды.
Қазақ даласын жаулап алғаннан кейінгі басқару жүйесінде болған өзгеріс-терге тоқталамыз.Сызбамен жұмыс жасаймыз.
XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшыра-ды. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін ие-ленген еді. Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құ-рамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
Яса – әскери - құқықтық заңдар жинағы. 1206 жылы Шыңғысханның басқаруымен өткен түркі - моңғол ақсүйектерінің құрылтайында құрастырылған;[1]
Яса — Шыңғысхан тұсында қабылданған моңғолдардың әдет-ғұрып зандарының жинағы. 13 ғасырдың басында моңғол мемлекетінің құрылуы мемлекетті баскару үшін ортақ, жазбаша баянды етілген құқыктық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу қажеттігін туғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін, кодификацияланған әрі өзгерістерге ұшыраған әдеттегі құқык осы мақсатқа орайластырылды. Заңдар мен ережелердің бұл жиынтығы Шыңғысханның "Ұлы ясасы" деген атқа ие болды. Яса (неғұрлым толық формасы ясак, моңғол дзасак) "қаулы", "заң" дегенді білдіреді. Жувейнидің айтуы бойынша, Шыңғысханның зандары мен қаулылары орамаларға ("тұмар") жазылып, Ясаны терең білетін неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған. Яса түпнұсқада сақталмаған және үзінділер мен мазмұны қысқаша баяндаулар түрінде ғана белгілі. Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді».
Ұлы жасақ — Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі.
Ұлы жасақтың кейбір баптары:
Нәпсіқұмар, оның әйелі бар-жоқтығына қарамастан, ешбір ерекшеліксіз өлім жазасына кесіледі.
Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі.
Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі.
Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.
Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.
Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.
Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.
Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.
Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті.
Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.
Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.
Мемлекет ішіндегі жай-жағдаяттардан дер кезінде хабардар болып отыру үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолға қоюға міндетті.
Кісі өлтірген қылмысы үшін мұсылманға қырық алтын теңге (балаш), қытайлыққа бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат етіледі.
Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті.
Кәнизактан туған балалар заңды болып есептелінеді һәм әкесінің бұйрығы болған жағдайда дүние-мүліктен енші алуға құқылы. Дүние, мүлікті бөлу былайша жүзеге асырылады: жасы үлкеннің үлесі де үлкен, кішісі әке шаруашылығын иемденіп қалады. Балалардың үлкенді-кішілі жолдары олардың шешелерінің жол-жоралғысына қарай анықталады. Әйелдердің жол реті некеге тұру уақытына орай белгіленеді.
Әкесі өлген жағдайда оның мұрасына баласынан басқа адамның қақысы жоқ.
Ешкімнің де нояндар мен сұлтандар және басқа да шонжарлардың Жалпы кеңесте алдын-ала сайлауынсыз қаған жариялануға құқы жоқ. Мұндайда өлім жазасына бұйырылады.
Хан тұқымынан бөтен былайғы жұрттың құрметті лауазымға ие болуға қақысы жоқ.
Сабағымыздың келесі кезеңінде термин сөздермен жұмыс жасау.
а) Ұғымдардың мәнін табу.
«Жаса» («Яса») – заң жинағы.
«Құрылтай» - жылына бір рет болатын кеңес.
«Барунгар» - оң қанат.
«Кул» - орталық қанат.
«Мыңбасы» - бір мың әскердің басқарушысы.
«Жүз» - бірнеше ұлыстың бірігуі.
«Хан» - тайпа көсемі, мемлекет билеушісі.
«Ұлыс» - бөліп берілген жерлер.
б) Хронология мен тарих оқиғаны сәйкестендіру. Сандарды сөйлетейік.
1. 1162 – Есугейдің қаза табуы.
2. 1171 – Темучин монғол тайпаларының билеушісі болды.
3. 1220 – Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қаза табуы.
4. 1189 – Темучин дүниеге келді.
5. 1227 – Темучиннің Шыңғысхан атануы.
6. 1206 – Отырардың жау қолына көшуі.
Сабақты қорытындылау: Жасақ заңы ежелгі түркі қағандары мен 10 — 12 ғасырларда өмір сүрген түркі ұлыстарының әскер құру тәртібі, ел билеу жүйесі және тұрмыс-салт заңдары негізінде пайда болды және Шыңғыс ханның мұрагерлері оны бұлжытпай орындап отырды. Жасақтың 33 заң тармағы мен Шыңғыс хан айтты деген қосымша сөздер сақталған
Үйге тапсырма.
3-бөлім. Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы.
Тақырыбы: Алтын Орда,Ақ Орда кезеңіндегі басқару
жүйесі.
Сабақтың мақсаты :
Алтын орда мен Ақ орда хандарының кезіндегі басқару жүйесін, қазақ еліне тигізген әсерін түсіндіру.
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:баяндау, cұрақ –жауап, өзара пікір таластар
ұымдастыру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Сабақ жоспары:
1. Алтын орда империясының қоғамдық құрылысы.
2. Ақ орда империясының қоғамдық құрылысы
Алдымен тақтаға «жасақ-яса» деп жазып, оқушылардың білімін тексере-міз. Жаңа сабақты түсіндіруде сызбаны,анықтаманы қолданамыз. Жаңа сабақ-ты түсіндіру – баяндау әдісі. Алдымен Алтын орда тарихына шолу жасаймыз. Алғашқы орталықтандырылған мемлекет ретіндегі "Алтын Орда" Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Оның тұңғыш билеушісі Батый мен оның ағасы Берке кешпелі дәстүрлер мен Шыңғыс ханның Йасы ережесіне сүйене отырып, мемлекеттіліктің негізін қалады. Бүкіл мемлекет екі қанатқа бөлінді, сол жақта-ғы "Көк Орда" және оң жақтағы Ақ Орда, сондай-ақ "ұлыстар" деп аталған. Ұлыстар табыс кезі қызметін атқарып, империя басшысына бағынды. Шығыс-тықтардың басшысы Ұлы хан болды. Мемлекет басшысы ретіндегі оның құқы-ғына әскери, заңды және әкімшілік билік кірді. Монғол империясының саяси өмірінде құрылтай үлкен рөл атқарды.
Құрылтай — бұл шыңғыстықтар мен монғол көшпелі ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы. Құрылтай сөз жүзінде жоғары биліктің ұйымы. Үлес билеушісінің қарамағында елеулі әскери күш болды. Алтын Ордаданың ішкі басқару жүйесінде қызмет ететін адамдар, сондай-ақ әскери-көшпелі ақ сүйек-тен тұратын әкімшілік-шенеунік аппарат жүйесінде маңызды орын алды. Ерек-ше лауазымды қызметтерге тағайындалды. Көшпелі-әскери шонжарлардан құ-рылған әкімшілік-шенеунік аппарат жұмыс істеді. Шыңғыс ханның "Йасы" за-ңы негізінде әскери істі — беклербегі, азаматтық істі — уәзірлер, салық жинау-ды — даругалар, басқақтар аткарды. Мемлекеттің қазынасын толтыру көзде-рінің бірі — жергілікті тұрғын халықтан, сондай-ақ, өзіне бағынышты аумақ-тың халқынан алынатын салықтар болып табылады. Бұдан басқа қосалкы және төтенше бірқатар міндеткерліктер мен алым-салықтар түрлері де болды. Мал-шылар 100 бастан 1 бас мөлшерінде төлеп отырған, ол купчур деп аталды. Отырықшы халық жер салығын харадж төледі (егіннің 1/10 — 1/5 бөлігі). Әскерлерді астықпен, малмен және т.б. жабдықтау үшін заттай алым — тағар белгіленді.
Сабағымызды Венн диаграммасымен бекітеміз.Ұксастығын табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |