Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Тіл – сөйлеу – тілдік қызмет



бет21/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
5. Тіл – сөйлеу – тілдік қызмет

Ресей психолингвистикасында Л.В.Щербаның «Тілді құбылыстардың үштік аспектісі және тіл біліміндегі эксперимент жайында» (О трояком аспекте языковых явлений и эксперименте в языкознании) деген еңбегі елеулі орын алады. Бұл еңбекте психолингвистика пәніне мынадай тілдің үш аспектісін қарастыруды ұсынды.

Бірініші аспект – бұл тілдік қызмет. Ғалым тілдік қызметті сөйлеу және түсіну процестері ретінде түсінді. Л.В.Щербаның ескертуінше, түсіну процесі сөйлеу процесіне қарағанда белсенділігі төмен емес (себебі біз бұрын ешқшан естімеген мәліметімізді түсіне аламыз). Екінші аспекті – тілдік система - ең алдымен, сөздік пен грамматика. «Дұрыс құрастырылған сөздік пен грамматика берілген тілді мықты меңгертуі тиіс», - деп жазды Щерба. Сонымен қатар, ғалым тілдік жүйе индивидуалды сөйлеу системаларында көрініс табады деп тапты. Тілдік құбылыстардың үшінші аспектісі – тілдік материал. «Бұл – жеке тұлғалардың қызметі емес, қоғамдық топтың белгілі бір ортада қандай да бір кезеңде сөйлеу мен түсіну бірліктерінің жиынтығы. Лингвисттер тілінде бұл – мәтін, филолог түсінігінде бұл - әдебиет, қолжазба, кітаптар».

Тілдік қызмет пен тілдік материалдың арақатынасы мынадай: тілдік қызмет тілдік материалды жасайды. Тілдік жүйе лингвисттер тарапынан тілдік материалдан құралады. Тілдік қызмет әрі тілдік материалды жасайды, әрі тілдік системаның өзгерісін де өз бойында сақтайды (несет в себе). Осылайша тілдік құбылыстардың үш аспектілері бір-бірімен тығыз байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет