Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Психолингвистиканың анықтамасы



бет18/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
2. Психолингвистиканың анықтамасы

Н. Пронко «психолингвистика» терминін ең алғаш рет 1946 ж. АҚШ-та жарияланған «Тіл және психолингвистика» деп аталатын үлкен көлемді мақаласында қолданған болатын. Бірақ бұл термин 1953 ж. Блумингтон (штат Индиана, АҚШ) қаласында белгілі психологтар Дж. Кэррол, Чарлз Осгуд және лингвист, этнограф Томас Сибеоктар ұйымдастырған университетаралық зерттеу семинарында ғана ғылыми айналымға енді. Бір жылдан кейін осы тақырыпта (психолингвистика) ұжымдық монография жарияланды және белгілі бір мазмұнға ие болған «психолингвистика» термині қалыптасқан жаңа ғылыми теорияны білдіреді.

«Психолингвистика» термин ретінде өте сәтті қолданыс болып табылады. Бұл термин осы ғылымның комплекстігін ерекше көрсететін және интеграцияға деген ұмтылысын бейнелейтін ғылыми тіл моделі үшін өнімді түрде қалыптасқан. Термин екі бөліктен тұрады: психо (psyche – грекше жан), лингвистика (linqua – латынша тіл).

Қазіргі таңда психолингвистиканың көптеген анықтамасы бар. Ең алғашқы анықтамасы 1954 ж. Америка психолингвистикасының негізін қалаушы Ч.Осгуд берді. «Психолингвистика сөйлеушілердің интенциясы (сөйлеу ниеті) берілген код мәдениетінде қабылданған сигналдарға айналды және бұл сигналдар тыңдаушының интерпретациясында өзгеріске түседі. Басқаша айтқанда, психолингвистика кодтау және текстің мазмұн кодының шешілуі (декодирование) процестеріне қатысты, өйткені хабар күйін коммуникация иелерінің күйімен байланысты қарастырылады». Психолингвистика пәнін мұндай тұрғыда қарастыру сөзді қабылдау және тууы процестрі коммуникация иелерінің физиологиялық және психикалық күйімен қарым-қатынаста болады. Сөйлеу процесі тілдік жүйемен емес, адаммен және оның психикасымен байланысты қарастырылады деп тұжырымдайды.

С.Эрвин-Трипп және Д.Слобин өз кезегінде психолингвистиканы қысқаша былай түсіндіреді: «Тіл құрылымын меңгеру және қолдану жөніндегі ғылым». Еуропалық зерттеушілер де осыған ұқсас анықтама берген. Мысалы, П.Фресс: «Тілдің экспрессивті және коммуникативті қажеттіліктер мен құралдары арасындағы қарым-қатынас жөніндегі ғылым». Ал Т. Слама-Казаку мынадай түсініктеме береді: «Психолингвистика пәні әңгімелесу ситуациясының хабарлауға ықпалын зерттейді». Ғалым (Т.Слама-Казаку) сөйлеудің өзара әсерлесу және пікірлесу мақсаттары кездесетін контекске анализ жасауды ұсынады.

Ресей психолингвистикасының негізін қалаушы А.А.Леонтьев бұл ғылымға (психолингвистикаға) бірнеше анықтама берген. Бірінші анықтамада басқа ғалымдардың психолингвистика жөніндегі пікірлерін жинақтаған: «Тілдік жүйе мен тілдік қабілеттің өзара қарым-қатынасын қарастыратын ғылым». Келесі анықтамасы мынадай: «Психолингвистика пәні біртұтас тілдік қызмет және оның кешенді модельдеу заңдылықтарын зерттейді». Осыған байланысты Ресей тіл білімінде «психолингвистика» терминіне синоним ретінде «тілдік қызмет теориясы» деген сөз тіркесі қолданысқа ие болды. 1989 ж. А.А.Леонтьев «Психолингвистика пәні сөйлеудің тууы (сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін жасауы - речепроизводство) және сөйлеуді қабылдау (речевосприятия) процестерінің құрылымдарын тілдің құрылымен (кез келген немесе белгілі бір ұлттық) қарым-қатынаста зерттейді. Психолингвистикалық зерттеу бір жағынан, тілдік қызметке, екінші жағынан, тілдік жүйеге қарым-қатынастағы адамның тілдік қабілеттеріне анализ жасауға бағытталған,» - деп есептеді.

Ал 1996 ж. А.А.Леонтьев: «Психолингвистиканың мақсаты қоғамда және жеке тұлғаның дамуында тілдік қызметпен (сөйлесім әрекеті) байланысты сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін жасауы мен қабылдау механизмдерінің қызметінің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады, » - деп жазды. Сонымен қатар, А.А.Леонтьевтің мынадай анықтамасы бар: «Психолингвистика – сөйлеудің қалыптасу (речеобразования) процесін, сондай-ақ тілдік жүйемен қарым-қатынастағы сөйлеудің қабылдану мен қалыптасуын зерттейтін ғылым».

Бұл анықтамада психолингвистиканың үш пәндік орталығы бар екені ескертіледі:

1. сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін жасау (индивидуалды сөйлеу актында);

2. сөйлеуді қабылдау (индивидуалды сөйлеу актында);

3. сөйлеудің қалыптасуы (нәрестенің жеке тұлға ретінде қалыптасу процесінде).

А.А.Леонтьевтің психолингвистиканың пәніне берген соңғы анықтамасы мынадай: «Психолингвистиканың зерттеу нысаны жеке тұлғаны, бір жағынан, сөйлесім әрекетінің құрылымы мен қызметіне, екінші жағынан, адам дүниетанымын басты қалыптастырушы тілге қарым-қатынасы тұрғысынан қарастыру болып табылады». Бұл анықтамаға Ресей ғалымдарының көпшілігі келіседі.

«Британик» энциклопедиясында психолингвистика жөнінде былай делінген: «Психолингвистика тілдің психикалық аспектілерін зерттейді. Бұл дисциплинаның бір бөлігі ес (кратковременной память) және жадыны (долговременной память), лингвистикалық модельдерге негізделген сөйлеуді қабылдау және жасау стратегияларын эксперименталды зерттеуден тұрады». «Үлкен Кеңес энциклопедиясында» психолингвистикаға өте қысқа анықтама берілген. «Психолингвистика – сөйлеудің тууы мен қабылдау заңдылығы жөніндегі ғылым».

Жоғарыда берілген анықтамаларды саралай келе, психолингвистика пәні жөніндегі көзқарастардың эволюциясын аңғаруға болады. Алғашында психолингвистика сөйлеуші мен тыңдаушының интенцияларын (сөйлеу ниеттері) немесе күйін (состаяния) хабарлау құрылымына (структура сообщений) қатысын қарастыратын пән ретінде берілген. Психолингвистика тілдік жүйе көмегімен кодтау (сондай-ақ, текстің мазмұн кодының шешілуі (декодирование) процесі мен механизмін қарастырады. Бұл жағдайда коммуникация иелерінің күйі (состояния) ақыл-ес (зерде, сана) күйі ретінде қабылданды. Ал коммуникация процесі бір индивидтен екіншісіне ақпарат (информация) жеткізу процесі ретінде қабылданды.

Бұдан кейін тілдік қызметтің тек екімүшелі ғана емес (тілдік қабілет - тіл), үшмүшелі (тілдік қабілет – тілдік қызмет - тіл) система ретінде идеялары пайда бола бастады. Мұнда тілдік қызмет алдын-ала берілген мазмұнды кодтау және мазмұн кодының шешілуі процесі ретінде емес, мазмұн қалыптасқан процесс ретінде қарастырылады. Тілдік қабілет жөніндегі түсінік кеңейтілді және тереңдетілді: ол (тілдік қабілет) тек қана ақыл-еске ғана емес, адамның тұтас тұлғасына қатысты қарастырылды. Ал қарым-қатынас (общение) бір индивидтен екіншісіне ақпарат жеткізу ретінде емес, социумның (қоғам, қоғамдық топ) іштей өзін-өзі реттеу процесі ретінде қарастырылды.

Бұл оқулықтың авторы А.Белянин өзінің психолингвистика жөніндегі анықтамасын ұсынбаған. Оқырманға өз бетінше өзіне түсінікті анықтаманы таңдау мүмкіндігін береді немесе мұндай керемет ғылымның курсын толық меңгергеннен кейін өзінің байымдауын беру тіптен жақсы екенін ескертеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет