Тілдің мәнерлілігі – ойды бейнелі етіп жеткізуге жәрдемін тигізетін сөйлеу сапасы.
Тілдің түсініктілігі – адресаттың ойды оңай қабылдауына жәрдемін тигізетін сөйлеу сапасы.
Тіл мен сөйлеу– арасындағы байланыс пен айырмашылықтар: тіл – адам санасында сақталатын әлеуеттік құбылыс, сөйлеу – осы әлеуеттің нақты жүзеге асуы, жарыққа шығуы; сөйлеу жалпы және әлеуметтік құбылыс ішінен жеке және дара құбылыс ретінде тілге қатысты болады; сөйлеу әрқашан сөйлеушіге бағытталған әрі ортаға, жағдайға ыңғайланады, демек, мақсатты бағдарға ие болады; тіл, керісінше, бейтарап; тіл – көп қырлы құбылыс, сөйлеу бір ізді т.б.
Ішкі сөйлеу – сырттан сөйлеудің интериоризациясының онтогенездік нәтижесі (Л.С.Выготский); сөйлеу әрекетін жоспарлау мен бақылау, ойлауды жүзеге асыру формасы, «іштен сөйлеу» (А.Н.Соколов); сөйлеуде айтылыс туындату фазасы, ойлау, жоспарлау (А.А.Леонтьев); сөйлеудің семантикалық сұлбасын көрсету тәсілі (А.А.Леонтьев); ішкі сөйлеу кезінде ерекше тығыздалған табиғи тіл қолданылады, әмбебап заттық код (И.Н.Горелов); семантикалық тіл (Ю.Д.Апресян); үлгілер мен сұлбалардың коды (Н.И.Жинкин).