Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты информация тұрғысынан қарастыру



бет26/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

3. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты информация тұрғысынан қарастыру.

Бұлай қарастыру техникалық заңдылықтарды адам коммуникациясына аударуға тырысумен байланысты. Біз жалпы байланыс теориясынан алынған коммуникация схемасын қарастырдық (1-сурет). Жалпы адам коммуникациясының схемасы (2-сурет) бұл техникалық схемаға жақсы сәйкес келеді.




Код (тіл)

Хабар 1 Хабар 2

кодтау кодтың шешілуі

Сигнал (мәтін)



Байланыс каналы




Кедергілер

Жіберуші жеткізушімен бірге (сөйлеуші)

Алушы қабылдағышпен бірге (тыңдаушы)

2-сурет. Адам коммуникациясының схемасы

Сөйлеушіде (кодтаушыда) қандай да бір хабар-1 пайда болды. Сөйлеу мүшесі арқылы (жеткізуші) сөйлеуші бұл хабарды кодтап, сигналға айналдырады. Сигнал байланыс каналы (ауа толқыны) арқылы беріледі. Ол тыңдаушының есту мүшесіне (қабылдағышқа) жетіп, коды шешіледі, яғни сигнал хабар-2-ге айналады. Коммуникация жүзеге асуы үшін кодтау да және кодтың шешілуі де ортақ код (тіл) негізінде жүргізілуі тиіс және «кедергілер» (шулар) коммуникация барысында туындауы мүмкін. Сондықтан адамдар бір-бірін жиі түсіне бермейді немесе мүлдем түсінбейді.

Байланыс каналын қолдануда мәліметтің (информацияның) эффективтілігі мен сенімділігінің (эффективность и надежность) алатын орны зор. Қасиеті жағынан әсерлілік пен сенімділік – антагонистік параметрлер. Эффективтілік – байланыс каналы арқылы уақыт бірліктерінде берілетін мәліметтің көлемі. Айталық, бір информацияны мазмұнын сақтай отырып, байланыс каналы арқылы екі есе тез немесе екі есе көлемін қысқартып беруге болады. Егер мәлімет неғұрлым эффективті болса, соғұрлым байланыс каналын қолдану жақсара түседі, мәліметті жеткізуге уақыт және күш аз кетеді. Сондықтан да адамдар өздерінің хабарлайтын ақпараттарының қысқа, компактты болуына ұмтылады. Бұл заңдылық лингвистикада экономия принципі деп аталады. Түрлі кедергілерге байланысты әрқашан хабар-2 хабар-1-ге сәйкес келе бермейді. Сондықтан кез келген коммуникацияның мақсаты хабар-2 хабар-1-ге сәйкес келу керек. Хабар-2-нің хабар-1-ге сейкес келу деңгейі сенімділік атқа ие болады. Коммуникация үшін бұл екінші параметр өте маңызды.тыңдаушы сөйлеушіні жақсы түсіну үшін, сөйлеушінің сөзі сенімді (надежный) шығу үшін, тіл иесі ақпаратты баяу, қайталап, оның көлемін ұлғайтып отыруы қажет. Неғұрлым эффективтілік жоғары болса, соғұрлым сенімділік төмен болады немесе керісінше. Бұл екі тенденцияның антагонизмі, олардың өзара шектеуіштік бағыты қалыпты (нормальный) сөйлеудің жартылай эффективті және жартылай сенімді болуы тиіс екенін білдіреді. Егер сөйлеу тым эффективті болса, онда түсінуде қиындық туғызуы мүмкін. Мысалы, хабарды максималды түрде қысқарту сигналдың шамалы ғана кедергіге ұшырауында түсініксіздікке алып келетін телеграммаға байланысты белгілі (анекдоттық немесе реальды) оқиғалар бар. Сенімділіктің қандай да стандартының басымдылығы көп сөзділікке алып келеді. Мұндай адамды тыңдау жалықтырады, өйткені жаңа информацияны білдірмейтін сигналдармен толығып кеткен. Демек, эффективтілік пен сенімділіктің факторларының өзара әрекеттестігі тек қана байланыстың техникалық жүйесінде көрініп қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың тілдік қызметі үшін универсальды мәнге ие.

Психолингвистика-54 ауызша сөйлеуде бір мезгілде қолданылатын үш байланыс каналын қарастырады: вокальды-аудиторлық (коммуникацияға қатысушының бірі сөйлейді, екіншісі тыңдайды), жестік-визиуалды (коммуникацияға қатысушының бірі жесттер жасайды, екіншісі тыңдайды), маниппулациялы-ситуациялық (сөйлемді құрастыруда қолданылатын құралдарды таңдау тілдесу жүзеге асып жатқан ситуация ерекшелігіне тәуелді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет