Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Мәтіннің тілдік емес қызмет құрамына енгізілуі



бет70/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

2. Мәтіннің тілдік емес қызмет құрамына енгізілуі

Сөйлеудің психолингвистикалық анализінде оны коммуникаторлардың қызметінің құрылымдық құралы ретінде түсіну маңызды болып табылады. Мәтін коммуникацияның негізгі бірлігі ретінде сөйлесушілер арасындағы қарым-қатынасқа кірістірілген, ол қызметті құрылымды етеді, сөйлесушілер арасындағы қатынасты реттейді және жоспарлайды. Ал коммуникаторлардың қарым-қатынастары өз кезегінде мәтінге біріктірілген айтылған пікірге арналған өзіндік контекст болып саналады. Қарым-қатынастың дәл өзінде мәтін өз мәніне ие болады және осы тілдік қарым-қатынастың негізінде ол түсінікті болады және автордың түпкі ойына барабар түсіндірілуі мүмкін.

Егер мәтінде суреттелген қызметке тыңдаушы енгізілмесе, сөйлеуші бұл қызметке толығырақ суреттеме беруі тиіс. Шындық болмыстың құрылымы дегеннен оның тілдік құралдарымен суреттеу дегенді түсінуге болады. Бір жағынан, мәтін өзінің туындауынан бұрын болып өтетін қызметті бейнелеуде жеткілікті түрде толық болуы тиіс. Екінші жағынан, ол бұл ол бұл қызметтен әдейі шеттетілуі мүмкін (мысалы, көптеген жыл бұрын жазылған) және тек оның таңбалақы формасының негізінде ғана оқырман оқиғалар және қызмет иелерінің ой-пікірлер барысының жүйелілігін қалпына келтіре білуі тиіс.

Мәтін реалды оқиғаларды бейнелей алмауы мүмкін. Көркем мәтінде шындық болмыс жайындағы автордың елестету нәтижесі болып табылатын мүлдем жоқ әлемдерді тілдік құралдармен бейнелейді. Бұл жағдайда «болуы мүмкін әлемнің» когнитивті және эмоциональды құрылымы (структурациясы) авторлық санаға, сонымен қатар тілдік сананың заңдылықтарына бағынышты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет