Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы



бет9/19
Дата11.11.2016
өлшемі5,24 Mb.
#1501
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы алғанда, XX ғасырдың 40-шы жылдары тек Синьцзян (Шығыс Түркістан) қазақтарының тарихы үшін ғана емес, тұтас Синьцзян тарихы үшін де айырықша кезең болды. Бұл кезең тұрғылықты ұлттардың ұлт-азаттық қозғалысының биік белеске көтерілуімен ерекшеленді.

Аталмыш кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысы ең әуелі халықтың саналы қарсылығынан басталып, бірте-бірте ұйымдасқан, тәртіпті түрдегі қарулы төңкеріске ұласты. Нәтижесінде сол кезде Синьцзянда жасаушы, сан жағынан мүлдем басым тұрғылықты халықтардың еркін бейнелейтін Шығыс Түркістан Республикасы мен оның ұлттық армиясы құрылды. Бұл мүлде заңды құбылыс еді. Бүгінде біз осынау тарихи фактіні еш ескерусіз қалдыра алмаймыз. Өйткені небары 5 жылдық ғұмыры бола тұрса да, өзін мемлекеттік деңгейге көтере білген жас республиканың халық алдындағы бет-беделі жоғары болды. Ол Шэн Шицай мен Гоминьдан билеушілері тарапынан елеп-ескерілмеген тұрғылықты халықтардың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалымен, мұрат-мақсаттарымен бірден санаса бастады. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, мәдениет, оқу-ағарту, денсаулық сақтау істерін дамыту, халықтың діни еркіндігі мен әдет-ғұрыпына, тіліне, жазуына құрмет ету жағында бұрын-соңды болмаған жұмыстар істеді. Соның бәрі нағыз игі істердің бастамасы ретінде халық жадында қалды. Кезінде Синьцзянның әскери әкімшілік саласын өз уысында ұстаған Шэн Шицай мен гоминьдан билеушілерінің мұндай істерді орындауға сана-сезімі жетпеді. Бір қарағанда мұның еш таң қаларлығы да жоқ еді. Өйткені Қытай ұлықтары Синьцзяндағы тұрғылықты халықтарды шынайы түсініп, біле бермейтін. Олардың мұң-мұқтажын тіптен ескермейтін. Керісінше, өз білгенінше езіп-қанап, құлданған үстіне құлдағысы келетін. Бұлай болуына өздерінен бұрынғылардың азшылық ұлттарды билеп-төстеу тәжірибесі мен шектен тыс қаталдығы да өз әсерін тигізді. Олар басында билік, қолында құрал жоқ халықты қорқытып-үркітіп, жаныштап басқаруға болады деп есептеді. Тұрғылықты халықтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайын жақсартудың орынына оларды білімсіз, әрі жабайы деп кемсітті. Халыққа еш нәрсе істеп бермегенімен қоймай, өздерін қашан да жарылқаушы, кешірімшіл ретінде көрсетті. Сол арқылы тұрғылықты халықтан қулық-сұмдығын асырып, бас пайдаға кенелуді ойлады. Мұндайда тұрғылықты халықтар өз бас бостандығы мен өмір сүру шарттарын, діни сенімі мен әдет-ғұрпын, ұлттық келбетін сақтап қалуға мүдделі еді.

Синьцзян мен Орта Азия аймағы байырғы «Жібек жолы» бойына орналасқандықтан, бұрыннан бар саяси-экономикалық және этникалық қарым-қатынастардың қоюлығы осындағы тұрғылықты халықтарды бір-бірімен тамырлас һәм тағдырлас еткен еді. Бірақ Кеңес Одағы да, Қытай да осынау тарихи тамырластықты көре тұра, көрмеске салынды. 1933 жылы Оңтүстік Синьцзянда Шығыс Түркістан республикасын құру идеясы алғаш бас көтерген кезде Кеңес Одағы Шэн Шицаймен бірлесіп, оның тамырына балта шапса, 1944 жылы Шығыс Түркістан республикасы шын мәнінде өмірге келген кезде, Кеңес Одағы тағы да гоминьданшылармен бірлесіп оны құлатуға әрекет жасады.

Ақыр аяғында Шығыс Түркістанның тағдыры оның билік басына алғаш келген Әлихан төре секілді кісілердің күткеніндей болмады. Олардың бірден-бір мақсаты ШТР-ды Қытайға тәуелсіз, өз алдына дербес мемлекет ретінде құрып шығу, сол үшін қарулы күресті ең соңына дейін жүргізу еді. 1946 жылы Әлихан төре биліктен тайдырылса да, оның исламшыл, түркішіл мұрат-мақсатын ұстанған Оспан батыр сияқты кісілер өле-өлгенше қаруын тастамады. Рас, Оспан батыр бір кезде гоминьданшылармен ымыраласып, олардың қолдап-қуаттануына ие болды. Бұл бір қарағанда «үшаймақшыларға», Шығыс Түркістанның тәуелсіздігіне қарсы әрекет ретінде көрінуі мүмкін. Шындығына мұның артында Оспанның ШТР-дың тағдыр-тәлейін алдын ала бағамдап, күрес тәсілін өзгерту стратегиясы жатқан еді. Бұған жетелеген оның коммунизмге, Кеңестік жүйеге қарсы көзқарастары болатын.

Сондықтан ол Шығыс Түркістанның басшылық сапына сіңіп кіре бастаған коммунистік идеологияның жақтастарымен үзілді-кесілді күресу мақсатында бір мезгіл гоминьданшылдардың күш-қуатын пайдалануды көздеді. Бұған бола оны ұлт-азаттық қозғалысының бір ыңғайлығына кері ықпал етті деуге келмейді. Шын мәнінде, ұлт-азаттық қозғалысының бірыңғайлығына кері әсер еткен Оспан да, Ахметжан Қасыми да емес, тікелей Кеңес Одағы болатын.

Егер Кеңес Одағы 1946 жылы Әлихан төрені тағынан тайдырмағанда жағдайдың басқаша беталыспен дамуы әбден мүмкін еді. Өйткені, 1945 жылдың соңына қарай Оспан мен Әлихан төре арасында бір түрлі жақындық, өзара түсіністік қалыптасып келе жатқан болатын. Оның арты ұлт-азаттық қозғалысында түрікшіл, исламшыл бағыттың күш алуына жол ашу еді.

Синьцзяндағы қарулы көтеріліс осындағы ұлт мәселесінің күрделілігін алға тартты. Бұл ҚХР құрылғаннан кейінгі кезде аталмыш өлкеде ұлттық территориялы автономия тәртібін жолға қоюға итермелеген негізгі себеп болды. Кезінде Гоминьдан үкіметі де Синьцзянда ұлттық автономияны жолға қою мәселесінде едәуір белсенділік танытқан еді. ШТР өкілдерімен болған келіссөздерде екі тараптың да құқық-мүддесі ескерілді. Синьцзянның Қытайға қарастылығы халықаралық келіссөздер арқылы толық шешімін тапқаннан кейін де, ШТР-сы тарап Гоминьдан үкіметіне өз әскерлерін Синьцзяннан алып шығып кету туралы талап қоя алды. Бірақ толық тәуелсіздік болмаған жерде мұндай талаптың іске аспасы түсінікті еді.

ШТР басшылары Гоминьдан үкіметімен бейбітшілік келісіміне қол қойған кезде Қытай құзырында қалып, өз алдына дамыған, еркін Шығыс Түркістан құруға толық сеніммен қарады. Бұл мүмкіндіктің «Он бір бітімнен» басқа заңдық негіздері әлі қалыптаса қоймағанымен, Гоминьдан үкіметі алдағы жерде оны жүзеге асыруға бәрібір мүдделі болатын. Бірақ іле-шала билік басына келген ҚКП Гоминьдан мен ШТР арасында қол жеткізген келісімдерді жайында қалдырды.

Осы орайда тағы да Гоминьданның Синьцзян өлкелік гарнизонының бас қолбасшысы Тао Сэюэнің «бұдан былай Синьцзян мәселесін Мао төраға ептілікпен, ойланып басқаруын үміт етемін» деген сөзі ойға оралады. Гоминьданның тәжірибелі басшысы осы арқылы Синьцзян мәселесінде мейлі Гоминьдан, мейлі ҚКП болсын салмақпен қарайтын тұстардың жеткілікті екендігін ескерткендей болады. Бұл сайып келгенде Гоминьдан мен ҚКП-ның қай-қайсысы болсын соңғы есепте Синьцзянның Ішкі Қытайдан жағырапиялық, этникалық және саяси тұрғыдан оқшаулығын іштей мойындайтындығының белгісі еді. Бұл ретте «он бір бітімнің» жариялануына көп күш шығарған генерал Чжан Чжичжунның гоминдан партиясы мен үкіметінің, сондай-ақ, президент Чан Кайшидің алдында Синьцзян жағдайы туралы айтқан ашық та, өткір пікірлері күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін жойған жоқ деуге болады. Оның пікірі: егер Синьцзянның территориясы, халқы сенікі болса, онда оған шын мәнінде тиімді жағдай жаса, мемлекеттің қамқорлығын сезіндір – дегенге саяды.

Бірақ гоминданның ізін баса билікке келген коммунистік үкімет ұлт мәселесінде қадамын жақсы бастағанымен, артынша үлкен кемшіліктерге жол берді. ҚХР құрылғаннан кейінгі жерде елде ұлттық территориялы автономия тәртібі жолға қойылды, бірақ оның артынша ұлтшылдыққа қарсы тұру науқаны басталып кетті. Бұл қатарда Синьцзянның ҚКП-ға бейбіт жолмен берілуіне үлес қосқан жергілікті ұлт өкілдері де зардап шекті. Неше мыңдаған зиялы қауым мен студент жастар «ұлтшыл» деген жаламен Оңтүстік Синьцзяндағы жаза лагерлеріне жөнелтілді. Бұл ретте Чжоу Эньлайдың: ең алдымен ірі қытайлық ұлтшылдық пиғылдарға, онан соң жергілікті ұлтшылдыққа қарсы тұруымыз керек – деген сөзі басшылыққа алынбай қалды. Тұрғылықты халықтар бірінші кезекте ұлтшылдықтың, бөлшектенудің қайнар көзі ретінде қарастырылды. Ұлттық территориялы автономия саясаты аз ұлттардың мұң-мұқтажына толық қызмет ету талаптарынан шалғай қалды.

Ал ШТР үкіметі Синьцзяндағы байырғы түркі-мұсылман халықтарының өз Отанына деген иелік құқы мен саяси бостандығын қамтамасыз ету негізінде, ондағы барлық ұлттардың құқы мен мүддесін қатаң сақтайтындығын әйгіледі. Демек, Синьцзян қазақтарының 40-шы жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы ешқашан жеке дара, өз бетімен болған жоқ. 1945 жылдың соңына дейін Іле, Алтай, Тарбағатайды шарпыған қарулы төңкеріске сол кезде Синьцзян халқының 95%-тен астамын құрайтын қазақ, ұйғыр, қырғыз, моңғол, дүнген, өзбек, татар, орыс, сібе, дағұр тектес жергілікті ұлт өкілдері түгелімен атсалысты. Соған байланысты ШТР үкіметі үш аймақ көлемінде толық орныққаннан кейін, ондағы тұрғылықты қытай шаруаларын қақпайлау пиғылдарына да қатаң тосқауыл қойып, қытай жұртшылығының өндіріс пен тұрмысына әкімшілік тұрғыдан кепілдік берді.

Мұның өзі ұлт-азаттық қозғалысының тек белгілі бір ұлттың ғана емес, қайта тұтас Синьцзян көлемінде тарихтан тағдырлас, тыныстас болып келген барлық ұлт өкілдерінің мұрат-мақсаттарын іске асыруды көздейтіндігінің айқын айғағы. Сондай-ақ ол Шығыс Түркістан республикасының мемлекеттік деңгейде салихалы ұлтаралық саясат ұстанғандығының белгісі. Бұл Гоминьдан үкіметін осыған дейінгі ұлт саясатында ұстанған қате көз қарастарынан бет бұруға жетеледі. Демек, ШТР үкіметі кейінгі кезде өзінің салмақты ұлт саясаты арқылы өзгеге үлгі боларлықтай айрықша бет-беделімен де есте қалды.

Сондықтан 40-шы жылдары мейлі Гоминьдан үкіметінде, мейлі ШТР-дың өз ішінде болсын, ұлт мәселесі бастан-аяқ күнтәртібінен түскен жоқ. Бұл Синьцзян сынды көп ұлтты аймақта ұлт мәселесінің қашан да күрделі, әрі өте маңызды мәселе екендігін аңғартады. Тарихи фактілер бұл мәселеде сәл ағаттық жіберілсе, оның соңы табиғи түрде қайшылықты жағдайға, тіпті ірі қантөгіске барып саятындығын дәлелдеді.

*** *** ***


ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Абақ керей (халықаралық алтайтану материалдары - 3). Күйтін, 1994.

  2. «Азат Шығыс Түркістан» газеті. 1945-1946.

  3. Акрами К. Баркөл қазақтарының шығысқа аууы // Іле тарихы материалдары (ІТМ) – 3. Құлжа , 1987.

  4. Акрами К. Тарбағатай партизаны // Іле тарихы материалдары (ІТМ) –3. Құлжа, 1987.

  5. Ақытұлы Ғ. Көктоғай көтерілісінен есімде қалған кейбір оқиғалар // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) –18. Үрімжі, 1986.

  6. Ақытұлы Ғ. Көктоғай қозғалысы туралы // Іле тарихы материалдары (ІТМ) –3. Құлжа, 1987

  7. Азизяри М.Қ. Жеменейде болған төңкерістік қимылдар жайында // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -26. Үрімжі, 1989.

  8. Аралбайұлы С. Синьцзян өлкелік Шонжы, Мори, Жемсары дербес атты әскер бейбітшілікті сақтау үлкен отрядының құрылуы // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -18. 1986.

  9. Ануархан Б. Қайсар жауынгер // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -25. 1988.

  10. Астафьев Г.В. Интервенция США и ее поражение (1945-4949). М., 1958.

  11. Астафьев Г.В. Интервенция США в Китае (1945-4949). М., 1985.

  12. Асым М. Бейбітшілік бітімінің өмірге келуі және оның бұзылуы // Синьцзян тарихы материалдары-29. 1990.

  13. Әбілқайырұлы А. Отаншыл, демократ Әбілқайыр-төре // Іле тарихы материалдары (ІТМ)-6. 1990.

  14. Әзези С. Өмір дастаны (Естеліктер). I, IІ т. Пекин, 1990.

  15. Бажанова Е.П. Движущие силы политики США в отношении Китая. М., 1982.

  16. Байрова Е.Б. Советксо-монгольские отношения в 1921-1970гг.// Страны Дальнего Востока. М., 1973.

  17. Беленьский А.Б. Национальный фактор в идеологии национального- освободительного движения. М., 1988.

  18. Берікбайұлы Қ. Ілені тарихта билегендер және олардың тарихи орны // Іле тарихы материалдары (ІТМ)-3. 1987.

  19. Берікболұлы Б. Манас көтерілісі // Іле тарихы материалдары-3. 1987.

  20. Берікболұлы Б. Патқолланың ерлік істері // Іле тарихы материалдары (ІТМ)-5. 1989.

  21. Богоcловский В.А., Моcкалев А.А. Национальный вопрос в Китае (1911-1949). М., 1984.

  22. Болда. Үш аймақ төңкерісінің Моңғол-Күреде дүмпуі // Іле тарихы материалдары (ІТМ)-3. 1987.

  23. Борох Л.Н. Теории прогесса в китайской мысли начала XX в. истории общественно-политической мысли XX в. М., 1979.

  24. Ганшин Г., Зазерская Т. Ухабы на дороге «братской дружбы» (из истории соевтско-китайских отношений) // Проблемы Дальнего Востока. 1994, №6.

  25. Гарутянц Ю. Борьба за признание независимости Монголии // Проблемы Даьнего Востока. 1997, №2

  26. Гендин С. Қобық партизандарының қарулы көтерілісі және Зұңғырып батыр // Іле тарихы материалдары (ІТМ)-6. 1990.

  27. Гриценко Я. Что это было (К событиям в Синьцзяне в 1933-1943). //Проблемы Дальнего Востока. 1990. №5.

  28. Гуревич Б. Там за Тарбагатаем (Из истории ранних советско-китайских отношении) // Проблемы Дальнего Востока. 1990, №5.

  29. Гуревич Б. Что было – то было (О воспоминаниях ветерана советской Армии Я.Н.Гриценко) // Проблемы Дальнего Востока. 1990, №5.

  30. Дәлелханқызы С. Әкем Д.Сүгірбаев туралы естеліктер // Синьцзян тарихы материалары-26. 1989.

  31. Доқас Қ. Офицердің қойын дәптерінен. Пекин, 1993.

  32. Доқас Қ. Үш аймақ төңкерісі қарулы күштерінің құрылысы туралы //Іле тарихы материалдары (ІТМ)-5. 1989.

  33. Дипломатический словарь. т. I-III. М., 1986.

  34. Дубинский А.М. Советско-китайские отношения в период японо-китайской войны (1937-1945). М., 1980.

  35. Дулатұлы М. Зуқа батыр // Іле тарихы материалдары (ІТМ)-4. 1988.

  36. Ейса И. Үш аймақ төңкерісінің басшысы Ахметжан Қасыми жайлы // Синьцзян тарихы материалдары-25. 1988.

  37. Жәкеұлы М. Шәріпхан Көгедаев туралы естелік // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -18. 1986.

  38. Зәкенұлы Т. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай қазақтары // Жұлдыз. Алматы, 1996. №11.

  39. Зәкенұлы Т. Синьцзян қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы және Оспан батыр // ҚазМУ хабаршысы (шығыстану сериясы). Алматы, 1997. №2.

  40. Зәкенұлы Т. Синьцзян қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы // Қазақ тарихы. 1997. №6.

  41. Зотов О. Предпосылки национально-освободительного восстания в Синьцзяне в 1931-1934 гг. //Вторая научная конференция по проблемам истории в Китае в новейшее время. М., 1977.

  42. Иваненко В.И. Тропою памяти. М., 1968.

  43. Изатов А. Күнес қазақтарының алғашқы отырықтануы мен мәдениетінің дамуы // Іле тарихы материалдары-6. 1990.

  44. Имин С. Чжан Пэйюанның Іледегі қиғылығы және оның өзін өзі өлтіруі // Іле тарихы материалдары-6. 1990.

  45. Иминов И. Иолвас қандай адам //Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -13. 1984.

  46. Исмайылов М. 1950 жылы наурыздан 1951 жылы наурызға дейін банды Оспан тобындағыларды талқандаудың жалпы жағдайы //Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -33. 1993.

  47. История второй мировой войны (1939-1945). т. VIII. М., 1977.

  48. Капица М.С. Советско-китайские отношения. М., 1958.

  49. Кәрібай Х. Синьцзянның электр, қатынас, кино істерінің тарихы туралы // Синьцзян тарихы материалдары-13. 1984.

  50. Каткова З.Д. Внешняя политика гоминьдановского правительства в период антияпонской войны (1937-1945). М., 1978.

  51. Китай в период против японской агрессии (1937-1945). М., 1988.

  52. Кулик Б. Китайская народная республика в период становления (По материалам архива внешней политики РФ-8) //Проблемы Дальнего Востока. 1994. №5-6.

  53. Кулик Б. США и Тайван против КНР в 1949-1952 (Новые архивные материалы) // Новая и новейшая история. 1995. №5.

  54. Куткулов М. О характере и движущих силах национально-освободительного движения народов Синьцзяна в 1944-1949 //Научные работы и сообщения отделения общественных наук АН Узбекской ССР, книга 5. Ташкент, 1962.

  55. Куткулов М. Национально-освободительное движение Синьцзяне в 1944-1949 гг. Ташкент, 1958.

  56. Құштар Ш. Синьцзянда бейбітшілікті және демократияны қорғау одағының ұйымдастырылуы жөнінде // Іле тарихы материалдары-4. 1988.

  57. Ледовский А. Китайская политика США и советская дипломатия (1942-1954). М., 1985.

  58. Ледовский А. Записки дипломата // Проблемы Дальнего Востока. 1991. №1

  59. Ледовский А. Секретная миссия А.И. Микояна в Китай в январе-феврале 1949 (По материалам Архива внешней политики РФ) // Проблемы Дальнего Востока. 1995. №2-3.

  60. Ледовский А. Визит в Москву делегации Коммунистической партии Китая в июне-августе 1949 г. (По материалам Архива внешней политики РФ — Документ №1: Протокольная запись приема И.В.Сталиным делегации ЦК КПК. Москва, 28 июня 1949 г. Совершенно секретно. Прием состоялся 27 июня и продолжался с 23 часов до 24 часов; Документ № 2: Доклад делегации ЦК КПК. Москва 4 июля 1949 г. Сов. секретно. Перевод с китайского. 1-Современные положение китайской революции, 2-Новый политический консультативный совет и центральное правительство, 3-вопросы внешних сношении, 4-вопрос о советско-китайских отношениях) // Проблемы Дальнего Востока. 1996 №4.

  61. Ледовский А. На дипломатической работе в Китае в 1942-1952 // Новая и новейшая история. 1993. №6

  62. Ледовский А. Переговоры И.В.Сталина с Мао Цзэдуном в декабре 1949 феврале 1950 г. (новые архивные документы) // Новая и новейшая история. 1997. №1.

  63. Ломиев М. Үш аймақ төңкерісі және дүнген полкі (ұлттық армияның оныншы атты полкі) // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -26. 1989.

  64. Махмудов А. Жеменей партизандарының құрылуы // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -18. 1986.

  65. Мәнжібаев Қ. Нұрпай батыр // Іле тарихы материалдары-43. 1988.

  66. Мәнжібаев Қ. Ардагер ағартушы Шәріпхан // Іле тарихы материалдары (ІТМ)-43. 1988.

  67. Меделханұлы Т., Қаңбақов Д. Үш аймақ төңкерісінің Нылқыдан басталу барысы // Іле тарихы материалдары (ІТМ)-4. 1988.

  68. Мингулов Н. Национально-освободительное движение народов Синьцзяна как составная часть общекитайской революции (1944-1949) // Труды института истории, археологии и этнографии им.Ч.Ч. Валиханова АН Каз ССР. т. XV. 1962.

  69. Мировицкая Р.А. Советский Союз в стратегии Гоминьдана (20-30 годы). М., 1990.

  70. Москалев А. Единая нация в проектах Сун Ятсена //Проблемы Дальнего Востока. 1997 №3.

  71. Муһити И. Ағартушы марқұм Масұт Мұһитиді еске алу // Синьцзянның тарихы материалдары (СТМ) -13. 1984.

  72. Мұхаметханұлы Н. Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы. Алматы, 2000.

  73. Мыңжани Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Үрімжі, 1986.

  74. Мырзаханұлы Ж. Қазақ ұлты және оның салт-санасы. Үрімжі, 1992.

  75. Оралтай Қ. Елімайлап өткен өмір. Алматы, 2005.

  76. Сайрами А.М. Синьцзян халқының Жапон агрессорларына қарсы соғысқа қосқан қомақты үлестері // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -29. 1990.

  77. Сақы Х. Абдыкерім Аббасовтың оқушылық дәуірі // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -25. 1988.

  78. Сауданов З. Манас өзенінен қайту (Тарихи естеліктер). Үрімжі, 1996.

  79. Синьцзян Үш аймақ төңкерісі (суретті альбом). Үрімжі, 1994.

  80. Синьцзянның қысқаша тарихы. I-II т. Үрімжі, 1983.

  81. Синьцзянның Үш аймақ төңкерісіндегі ірі істері. Үрімжі, 1994.

  82. Сладковский М.И. История торгово-экономических отношении СССР с Китаем (1917-1974). М., 1977.

  83. Сладковский М.И. Знакомство с Китаем и китайцами. М., 1984.

  84. Суров С. Құмыл шаруалар көтерілісі және Ма Чжунин жайлы білетіндерім // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -13. 1984.

  85. Сүгірбаев П. Алтай арпалыстары (естеліктер). Үрімжі, 1995.

  86. Сүгірбаев П. Үш аймақ төңкерісінің бір бөлігі есептелінетін Алтай төңкерісі туралы // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -25. 1988.

  87. Сүгірбаев П. Оспан зады қандай адам // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -26. 1989.

  88. Су Бэйхай. Қазақ мәдениетінің тарихы (Аударған Т.Зәкенұлы), Алматы, 2001.

  89. Сүлейменов Қ. Толы партизандары және Байкенже батыр // Іле тарихы материалдары-4. 1988.

  90. Сыдық Ш. Сиябаев Қ. Генерал Ысқақбек (Ысқақбек жөнінде есте қалғандар). Үрімжі.1996.

  91. Тайпов З.Т. В борьбе за свободу. М., 1974.

  92. Тегеран, Ялта, Подстам (сборник документов). Алматы, 1993.

  93. Тихвинский С.Л. История Китая и современность. М., 1976.

  94. Тон Ма. Жаллат Шэн Шицай. Үрімжі, 1995.

  95. Төңкерістік Шығыс Түркістан. 1946.

  96. Тэн Чжичун. Ерекше тапсырма // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -25. 1988.

  97. Уалиев Қ. Абақ керей халқының тарихи жағдайы // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -13. 1984.

  98. Фань Цзунсян. Шэн Шицайдың қайын атасы Цю Цзунцзюнь және басқалардың өлтірілуі // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -29. 1990.

  99. Федоренко Н.Т. Сталин и Мао Цзэ дун // Новейшая история. 1992. № 5-6.

  100. Хакимбаев А.А. Некоторые особенности национально-освободительного движения народов Синьцзяна в 30-х и 40-х годах ХХ века // Проблемы Китая. М., 1978.

  101. Хакимбаев А.А. Востание в Хами – начальный этап освободительной борьбы некитайских народов Синьцзяна в 1931-1935 гг (по уйгурским источникам) // XI-ая научная конференция «Общество и государство в Китае». ч.3. М., 1980.

  102. Хафизова К.Ш. Китайская дипломатия в Центральной Азии (ХІУ—ХІХ в.в.). Алматы, 1995.

  103. Һажиев А. Тарбағатай аймағының халық шаруашылығының даму тарихы жөнінде // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -25. 1988.

  104. Һажиев А. Үш аймақ төңкерісінің алды-артындағы Тарбағатай // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) - 26. 1989.

  105. Чжан Чжичжун. Үрімжі келіссөзінен Синьцзян бейбіт азат болғанға дейін. Үрімжі, 1987.

  106. Шаһиди Б. Синьцзянның елу жылы. Пекин, 1986.

  107. Шіңгіл қазақтарының мекенінен бірнеше рет ауғандығы жөнінде // Іле тарихы материалдары (ІТМ) - 25. 1990.

  108. Юй Цзяньбан. Пен Дэхуй мен Чжан Чжичунның байланысы // Синьцзян тарихы материалдары (СТМ) -25. 1988.

  109. Яковлев А.Г. К вопросу национально-освободительного движения народов Синьцзяна в1944-1949 гг // Ученые записки Института востоковедения АН СССР. Т.II. Китайский сб. М., 1955.

  110. Ян Сян., Ван Сяо Вэй. Мао Цзэдун және Синьцзянның бейбіт жолмен азат болуы // СЖО Ғылыми мақалалар жинағы. Үрімжі, 1992. №3.

  111. Hasake jianshi (Қазақстан қысқаща тарихы).Үрімжі, 1987. 214 –б.

  112. Su Beihai. Ha’sake zu tong’shi. («Қазақ ұлтының жалпы тарихы»). Bei jing. 1994, 775-б.

  113. Yang Zengxin. Buguo zhai wendu (Қолжазба естеліктер), ІІ т.

  114. Qing-Dezong shi’lue.

  115. Pahta G.A. Sherhi Turkistan milli azatlih herkitining yolbashqiliridin Hozhaniyaz Hazhim // Dogu Turkistan sesi (Volce of Eastern Turkistan), 7 cilt. Ilikbahar, 1990.

  116. Chiang Kai-shek. Chinas destiny and Chinese Ekonomic Theory, N.-Y., 1947.

  117. Benson L. The Ili Rebellion the Moslem Challenge to Chinese Authority in Xinjiang (1944—1949). N-Y, 1989.

  118. Баркөл қазақ автономиялы ауданының жалпы жағдайы, СХБ. Үрімжі, 1984.

  119. Оспанов Қ. Баркөл оқиғалары // СТМ-18. 1986.

  120. Ma Lingbang. Hasake Ru’ganji// Xin xibei (yue-kan).1944. 7-j.№ 2-5.

  121. Ma Lingbang. Jilixin-Rugande hasake zu // Xibei lunheng, 1941. j-5, 4-6 qi.

  122. Жаналтай Д. Қилы заман, қиын күндер.Алматы, 2000.

  123. Рүстем А. Оспан Батыр// Жас алаш. 1993, 19 тамыз.

  124. Рахимов Т.Р. передисловие // Тайпов З.Т. В борьбе за свободу. М., 1974.

  125. Ледовский А.М. Сталин и Чан Кайши: секретная миссия сына Чан Кайши в Москву. Декабр 1945 г.— январь 1946 г. (№1, к приезду Цян Цзинго. 29 декабря 1945г. № 453-Л. Председателю совета народных комиссаров тов. И.В. Сталину, Народному комиссару иностранных дел тов. В.М.Молотову; №2. запись беседы тов. И.В.Сталина с Цзян цзинго, личным представителем Чан Кайши. 30 декабря 1945 г., в 21 час. Присутствуют: Молотов, Павлов— НКиД, Фу Бинчан—посол Китая ) // Новый и новейшая история. 1996, №4.

  126. Zhang Dajun. Xinjiang sishi nian dongluan. Hongkong. 1955.

  127. Нөкішұлы Ғ. Шығыс Түркістандағы дауыл. Алматы, 1998.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет