Толық ішкі шағылу құбылысы
Жарық оптикаша тығыздығы кем ортадан тығыздығы артық ортаға өткенде сынған сәуле түсу нүктесінен жүргізілген нормальға жақындайды, ал оптикаша тығыздығы артық ортадан тығыздығы кем ортаға өткенде нормальдан қашықтайды.
Егер 17.1-суретте көрсетілгендей жарық, мысалы судан ауаға өткен жағдайда – түсу бұрышы, – сыну бұрышы болса, онда үлкейген сайын да үлкейе береді, түсу бұрышы белгілі бір шамаға теңелгенде сыну бұрышы болады да сынған сәуле ауа мен судың шекаралық бетімен сырғанай таралады. Тәжірибеге қарағанда егер жарықтың түсу бұрышы болса, онда жарық шекаралық беттен өтпейді, түскен жарық түгел шағылып кейін серпіледі.
12.5 - сурет
Жарық оптикалық тығыздығы артық ортадан тығыздығы кем ортаға өткенде байқалатын осы құбылыс толық ішкі шағылу деп, бұрышы толық ішкі шағылу бұрышы немесе шекті бұрыш деп аталады. Шекті бұрыштың мәнін жарық сыну заңына сүйеніп табуға болады. Бұл заң бойынша (12.9)
мұндағы , . Олай болса (12.10)
Сөйтіп толық ішкі шағылу бұрышы, заттың сыну көрсеткішіне байланысты. Мысалы, жуықтап алғанда ауаға қатысты судың , сонда оның шекті бұрышы ; ауаға қатысты кәдімгі шынының , оның шекті бұрышы .
Сонымен ақ жарық кәдімгі шынының бетіне түскендегі түсу бұрышы -тан үлкен болса, онда жарық шыны бетінен толық шағылады, ауаға өтпейді. Осы жағдай толық ішкі шағылу призмалары мен айналдырғыш призмалар жасау үшін қолданылады.
Толық ішкі шағылу құбылысы оқушылардың қызығушылығын тудырады. Себебі, екі мөлдір орталардың шекарасынан жарықтың толық шағылуы үйреншікті құбылыс емес. Осы қызықты құбылыстың көптеген практикалық қолданулары таңқаларлық.
12.4. Құралдың қысқаша сипаттамасы:
Мектепке көбінесе толық ішкі шағылу құбылысын бақылау үшін шыныдан жасалған құралдар қолданылады. Мұндай денелердің бетінде қандай да бір ақаулар болуы мүмкін (мысалы, сырылып кетуі мүмкін), сондықтан оларды едәуір шашырау байқалады.
Толық ішкі шағылу құбылысын зерттеу үшін айтылған кемшіліктер байқалмайтын және әрқашан эксперимент қоюға тиімді қарапайым құрал ұсынамыз.
Құралдың негізгі бөлігі ретінде өлшендіріліп 0,5 литр мөлдір пластикалық бөтелке алынады. Бөтелкенің қақпағы тығыз жабылуы тиіс.
Стаканға газ көпіршіктері байқалмайтын қайнаған таза су құямыз және оған көкшіл түс беру үшін флюорецин немесе хеол ерітіндісін қосамыз.
Қажет болса дайын болған сұйықты бөтелкеге құямыз. Оның үстіне таза керосин құйылады. Бөтелкенің қақпағы тығыздалып жабылады. Ерітінді құйылған судың орнына жай ғана таза су алуға болады. Сонымен толық ішкі шағылу құбылысын бақылауға арналған құрал дайын (12.6-сурет).
12.6 - сурет
12.5. Жұмысты орындалу реті:
Достарыңызбен бөлісу: |