Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты


Толық ішкі шағылу құбылысын бақылау



бет26/27
Дата14.05.2022
өлшемі2,57 Mb.
#143339
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
1-11 лаб ОптикаКазакща

Толық ішкі шағылу құбылысын бақылау
Бұл құбылысты бақылау үшін дайын екі араласпайтын сұйықтың шекарасына бөтелкенің бүйір қабырғасы арқылы жоғарыдан қарау керек. Бақылау бағытын өзгерте отырып қарау керек. Бақылау бағыты қандай да бір бұрышқа ауытқығанда осы сұйықтардың шекарасы кәдімгі айна тәрізді жарқырайды. Егер бөтелкенің алдына ақ қағаз қоятын болсақ, бұл құбылысты неғұрлым анық бақылауға болады. Бөтелкенің алдына қандай да бір денені қоятын болсақ, онда су мен керосиннің шекарасынан тек айна тәрізді бетте ғана емес, сонымен қатар сол шекарада дененің кескінін де бақылауға болады. Тәжірибе анық шығуы үшін жарық көзі ретінде қалта фонарінің ыстық лампасын қолданған тиімді. Тәжірибеде бөтелкедегі су мен керосин қозғалыссыз күйде болуы керек.
12.7-суретте тәжірибенің суреті келтірілген.

12.7 - сурет


Тәжірибеде дене ретінде «су және керосин» деп жазылған ақ қағаз алынған. Суреттен көрініп тұрғандай толық ішкі шағылу құбылысының әсерінен «су және керосин» деген сөздер екі сұйықтың шекарасында, айнадан шағылғандай шағылып тұр.


Мұны жай жазық айнаны қолдану арқылы бақылаға болады. Оқушыларға алынған тәжірибе нәтижесін түсіндіреді. Толық ішкі шағылу құбылысының байқалу себебі: керосиннің абсолют сыну көрсеткіші суға қарағанда үлкен. Оптикалық тығыздығы аз орта судың бетінде, оптикалық тығыздығы көп орта керосиннің бетінде қалқып жүруі шын мәнінде оқушылардың қызығушылығын тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет