Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты


Толық ішкі шағылу құбылысын зерттеу



бет24/27
Дата14.05.2022
өлшемі2,57 Mb.
#143339
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
1-11 лаб ОптикаКазакща

Толық ішкі шағылу құбылысын зерттеу


12.1. Жұмыстың мақсаты: Толық ішкі шағылу құбылысын зерттеуге арналған қарапайым құрал жасауды үйрену, екі диэлектрик ортаның шекарасында толық ішкі шағылу құбылысын бақылау және шектік бұрышты анықтау.


12.2. Керекті құрал жабдықтар: сиымдылығы 0,5 литр болатын пластикалық бөтелке, дистилляцияланған су, керосин, сызғыш, транспортир, ақ қағаз.


12.3. Жұмыстың қысқаша теориялық кіріспесі:


Сәулелік немесе геометриялық оптика жалпы жарық жайындағы ілімнің (оптиканың) техникалық маңызы зор саласы болады. Оптиканың бұл саласында жарық сәулесі деген ұғым пайдаланылып, жарықтың әр түрлі мөлдір ортада таралу құбылыстары қарастырылады, сонда жарық сәулесі деп бойымен жарық энергиясы таралатын геометриялық сызық айтылады; жарықтың табиғаты сөз болмайды. Мәселе тәжірибе жүзінде тағайындалған сәулелік оптика заңдары делінетін қағидаларға негізделіп қарастырылады. Ол заңдардың мазмұны мынандай:

  1. Жарықтың түзу сызықтық таралу заңы. Жарық сәулелері біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады. Бұл заңды тек дифракция құбылыстары есепке алынбайтын жағдайларда ғана қолдануға болады.

  2. Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы. Жарықтың бір шоғының әсері басқа шоқтарының әсерлеріне тәуелді емес, яғни жарық шоқтары бір-біріне ықпалын тигізбейді.

Бұл заң когерент емес сәулелер шоқтары үшін ғана дұрыс орындалады.

  1. Жарықтың шағылу заңдары: а) Бетке түскен сәуле, одан шағылған сәуле және сол бетке түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады.

б) Шағылу бұрышы (i´) мен түсу бұрышы (i) өзара тең (12.1)
Осы айтылған заңдар тек жарық жалтыр тегіс беттен шағылғанда ғана орындалады. Егер жарық түскен бет күңгірт немесе кедір-бұдыр болса, онда жарық барлық жаққа бытырай шағылады, яғни жарық шашырайды.



12.1 - сурет



  1. Жарықтың сыну заңдары. а) Түскен сәуле; сынған сәуле және түсу нүктесі арқылы екі ортаның шекара бетіне жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады.

б) Түсу бұрышы (i) синусының сыну бұрышы (r) синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болады: (12.2)
мұндағы – екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші деп аталады, ол шекарасынан жарық өтетін орталардың қасиеттеріне тәуелді, I мен r бұрыштарының үлкен-кішілігіне байланысты емес.
Жарықтың осылай тұжырымдалған сыну заңдары жарық бір изотроп ортадан екінші изотроп ортаға өткенде ғана орындалады.
Жарықтың шағылу және сыну заңдарын Ферма принципі делінетін жалпы қағида салдары деп қарастыруға да болады.
Геометрикалық оптиканың барлық заңдарын, оның ішінде сәуленің шағылу және сыну заңдарын, жарық толқынының ұзындығын нольге балап ( ) Максвелл теңдеулерінен шығарып алуға болады. Демек геометриялық оптика жарық толқыны шексіз қысқа болған жағдайда физикалық оптикаға көшетін шек болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет