Қазақ мемлекеттік


Ғ.МҮСІРЕПОВ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ СИМВОЛДЫҚ ТАНЫМ



бет8/19
Дата11.01.2017
өлшемі3,75 Mb.
#6890
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Ғ.МҮСІРЕПОВ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ СИМВОЛДЫҚ ТАНЫМ
Балтабаева Г.С. ф.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
«Ғабит Мүсірепов – қазақ совет әдебетінің қаз тұр бастаған кезінен күні бүгінге шейін оның дамып, қалыптасуын аса үлкен үлес қосқан сөз зергері» – деп, академика Серік Қирабаев айтқандай, қазақ прозасында өзіндік дара соқпағы бар жазушы Ғабит Мүсіреповтің шығармаларының ішіндегі «Қыран жыры» мен «Өмір жорығының» алар орны да, көтерер жүгі де ерекше. Өйткені, бұлар жай ғана көркем шығарма емес, философиялық әңгімелер. Қос туындыны біріктіріп тұрған нышан – тақырып ортақтастығы, идея сонылығы. Бұл әңгімелер – өмір турасындағы толқыныс, ұрпақ жалғастығы сынды көкейкесті мәселелер асқан шебер философиялық толғаммен, қаламгердің кірпияз талғамымен шебер үндесіп, жымдасып кетеді.

Ғ.Мүсіреповтің бұл екі туындысы қазақ әңгімесіне жетпей тұрған көркемдік бояуларды жинақтаудың тәжірибесі, ойды символикамен жеткізу әдісін батыл игерудің жемісі іспетті. Автор ойын жарыққа шығарудың тәсілі ретінде символиканың қолдануы әбден заңды. Ол туған әдебиетімізде бүгін ғана пайда болған емес, фольклорлық шығармаларымызда да бар нәрсе.

Жазушының осы қос әңгімесіндегі көзге түсетін, көңілге ұялайтын айрықша жәйттер – символикалық пен философиялық сипаттарының берік жымдасып, табиғи кіәріге түсуі. «Қыран жыры» мен «Өмір жорығындағы» өзгешеліктің бір ұшығы да осында.

Шығарма күші – шынайлылықта. Сырт қарағанда өзімізге таныс, өмірде жиі кездесетін қарапайым ғана оқиға. Жазушы шеберлігінің өзі – осы шағын оқиғаны үлкен философиялық мәні бар көркем туындының негізіне айналдыра алуында.

Әңгіме өзеге – шебер жазушы шегіне жеткізе суреттеген қыран өмірі. «Қыран баласына дүние әрі кең, әрі тар. ...Қарны тойса қалғып сала бермейтін ұрпақ керек. Оңай көріп сарышұнақ аулап, ін күзетпейтін ұрпақ керек. Қыран баласы осыны ойламай біледі Қыран баласы осыны ойламай істейді» /2:270/ – деп, қырандардың қырандар ұрпағының тірлік-тынысы бізге беймәлім сырымен көз алдымызға понорамма тәрізді жайып салынады. Автор бұл шығармасында қыран құс өмірінен қызықтау ғана емес, «қырандықдеген не?» деген сауалға жауап береді. Демек, бұл туынды – адамдар туралы терең толғанысқа толы философиялық әңгіме. Қыран – адам. Қаламгер айтпақ ойын көзге ұрардай жарқыратып, ашып тастамайды, көлегейлеп, астарлап, символмен ұсынады. Зер салып, байыппен қарасаңыз – автор адамдар өмірін құстар мен хайуанаттар тіршілігі, табиғат тылсымын қатар алады да, «Адам деген асқақ ұғымға ие болған соң, кісінің барша пиғылы, ойы, ісі, тіршілік тынысы, арманы шынайы қырандардай асқақ, таза болса екен, қияға көз салып, қырымға ұшса екен» дейді. Жазушы мұраты – осы жайды аңғарту, болашақ ұрпақ үшін, бүгінгі ұрпақ үшін адамдық, сергектік, биіктертілер жүрек үні.

Шағын ғана бес беттік әңгімеде Тасқара мен Сарбалақтың бейнесі шендестіріле қатар ашылады да, жанама кейіпкер «кәрі бүркіт» алынады. Кәрі қыран – табиғат заңдылығымен кәріліктің, даналықты символы іспетті. «Өзің аспанда, ойың төменде жүргенше, өзің төменде, ойың аспанда жүрсін, жаным. Биік деген немене, төмен деген немене сонда түсінерсің...» – деп, қыран аузымен айтылатын құндақтаулы, ең түпкі идея осы. Бұл үзіндіден уақыт заңы, алдыңғы мен кейінгі буын арасындағы қарым-қатынас, олардың бірін-бірі сыйлап, құрметтей білуі, орынды іс пен орынсыздық және көргені, бастан кешіре білгенге қанағат туралы жыр десе де болады. Бірінші орында қыран арқылы адамдық мінез-құлық пен адамдық іс-әрекеттер сөз болған. Автор туындыда қарама-қарсы мінездерді әрекетке салады. Кейіпкерінің бейнесін қарама-қайшы шендестіре отырып тұлғалайды. Сарбалақ пен Тасқара – қарама-қарсы характерлер иелері. Содан келіп туындайтын қарама-қарсылық. «Жазғытұрғы екі сары үрпек балапаны қазіргі қоңырайған-қоңырайған құс болып қалыпты» – деп, автор осы екі балапанның өсу кезеңін дамыту (градация) арқылы берген. «Ойнағылары келіп, ұшқылары келіп дамыл таппайтын ересектеніп қалған...» – деп, дамыта келе ары қарай қаламгер ата-ананың баласына деген арманы мен тілегін асқан шеберлікпен философиялық дәлдікпен ұштастырады.

«...Тезірек ұшса екен, дүние таныса екен. ...Ата-ана қарлы-боранды дауыл күтеді. Қара дауыл соғып тұрғанда ықтап-ығысып отырған қос қоңырды желге қарсы итеріп жіберу керек. Қанаттарын еріксіз қағатын болсын. Кеудеден тіреген қатты жел құлатпайды да, қанат қаққан сайын жоғары көтеріп әкете береді. Сонда балалар қорқып шырылдар ма, қуанып саңқылдап жібере ме? Ата-ана осыны күтеді, қуана күтеді. Бұл олардың алты ай күткен арманы. Алты айғы азаптың бар төлеуі осы ғана...»

Бұлар – жазушының жүрек сыры, жас ұрпаққа жеткізейін деген көкірек лебі, тебіренісі. Автордың ата-ананың баласына деген абзал қасиеті сияқты тым нәзік, құпиясы көп құбылысқа өз көзқарасы, ой қорытындысы бейне, күшті кейіпкер. Көкқасқа бейнесінде ел үшін, жас ұрпақтың болашақ қамы үшін жорық шегіп, сол жолда құрбан болуға бар азаматтың бейнесі бар. Әңгіменің басынан аяғына дейін тартылған желі – Көкқасқаның әрекеті. Көкқасқаның жорығын бірқалыпты дамытып, өрбітіп, көтеріп отырады.

Шығармада автор сүйсіну мен жиіркеніш сезімді қатарластыра психологиялық параллелизм түрінде қарастырған. Көкқасқа бейнесіне қарама-қарсы Минога бейнесін автор ұтымды ашқан. Көкқасқа мен екеуінің мекені бір, түпкі тегі мен жынысы бір. Алайда, екеуінің тіршілік мақсаты басқа.

Миногаға қаламгер мынадай психологиялық мінездеме береді: «Аты балық атанғанымен сүліктей жіңішке, қылыштай ұзын Минога дейтін залымдар да тосқауылда жүр екен. Бұл бір үлкен пәле. Қылаңдап келіп, жымып келіп балықтың желбезегіне жабысады да, желімдесіп қалады. Қашан өзі ажырасқанша одан құтылар шара жоқ. Жабысқан басы шектей шұбатылып ұрық шашар тұщы суларға жетеді де, жас уылдырықты қиядай сыпырады. Көкқасқа бұл пәлені де ішіне түйеді».

Осы әрекетімен-ақ Миноганың бар түр-тұлғасы, ішкі дүниесінің қару-қалтарысы түгел ақтарылып болғандай. Оның дәл осы әрекеті «ұрпақ қамы» деп шырылдап жүрген Көкқасқаның бүкіл арманын аяқ асты етеді. Әрі осынау көріністер әңгіменің фоны ретінде әдемі үйлесімін табады. Жеке көрініс, іс-әрекеті арқылы жазушы Минога тәрізділердің характерін осылай ашады. Минога арқылы автор қу құлқыны үшін тасаланып, күліп жүріп, кішірейіп, моп-момақан, сып-сыпайы боп, бір жүріп екі асап жейтін пайдакүнемдердің символдық бейнесін берген. Тасаланып жүріп, біреудің арқасында күнін көру – олардың әдетіне айналған, қанына мықтап сіңген әдет. Миногалар өздеріне төнген қауіп-қатердің жоғын, өзгелердің бейғам екенін білсе-ақ, олар бірде еркінсиді, жаңа мінез танытады. Тіпті олар адал нәрсеге, болашағы мол балаңдау, жастау нәрсеге тап беруге, жойып жіберуге әзір. Балықтардың желбезегіне жабысып, жас уылдырықты жейтін Минога – қазақ халқына жабысқан орыстың тоталитарлық дерті, жас уылдырық – бұл жерде дәстүрі мен ана тілін жалмап, жұтуының символын мегзегенднй. Автор осы шағын екі деталь арқылы ізгі мақсат пен әлеуметтік мәні бар таласты бейнелеген. Шығармада Миногадан асып түспесе, кем түспейтін Көкқасқаның аран ауыз, керазу деген жаулары бар. Оларға керегі жем. Оларға тиімдісі – осындай қарбалас кезең. «Ең қатерлі жаулар да осылар. Қырғын майдан үстінде қыраттар семіреді» – дейді автор.

Жоқтан, кездейсоқтықтан пайда болып, оңай олжаға, жалған атаққа ие болатындар мен жорық жолында өмірін сарп ететін Көкқасқаның қаракеті – әңгіме сюжетіндегі негізгі буынның бірі.

Міне, осы үзіндідегі айтар ойдың мәнділігі, көздеген мақсаттың айқындылығы шығарманың көркемдік қуатын, эстетикалық әсерін молайта түсіп отыр.

Қыран құстың балапанын дауылда аяқтандыруы тегін емес, автор бұл арада дауылды – сыны мол өмірдің символы ретінде алып отыр. Алдағы күтіп тұрған қауіп-қатерге тойтарыс бере ала ма, жоқ па? Қиындық, ауырлықты төзімділікпен жеңуге қажыр-қайраты жете ме екен, сірә, деген сауалға жауап іздейді.

«Дауылда ұшырған балапандарымен қатарласа ұшып келе жатқан ата-анада қуаныштан басқа бір сезім қалмаған сияқты» – деп аяқталатын бұл үзіндінің ауқымына әңгіменің барлық өміршеңдік философиялық сонылық идеясы, тақырып ерекшелігі сыйып кеткендей. Автор бұл шығармада жас ұрпақ алдындағы әрбір ата-ананың жауапкершілігі, оның болашағы үшін жанымен жауап берушілігі жайындағы тамаша идеяны батыл қойып отыр. Шынында да ұрпақ алдындағы ұлы жауапкершілікті сезінуден, ұрпақ мүддесі үшін жан-тәнімен қызмет етуден, қажет жағдайда өзіңді де құрбандыққа шала білуден артық абырой жоқ деген Мүсірепов концепциясына км қарсы болар екен? Өзіме болмаған ұрпағыма болса екен, өзім шықпаған биікке ұрпағым шықса екен деген ата-ананың арманды тілегін дәл көрсеткен. «Қыран жыры» – өлең сияқты тез-ақ оқылатын қып-қысқа әңгіме. Осы шағын туындының өзінде жалпақ дүниенің суреті, жарық жалғанның жұмбағы бар. Тіршілік поэзиясының суреттері адам баласының бойындағы кіршіксіз тұнық сезімдердің көзін ашқандай, өмір мәнін ұқтырғандай. «Қыран құс жасырына білмейді, сығалап сықылықтаған ұры көздері де, күңкілі тынбас күндес көздерді де ұнатпайды» /1:274/ – деп, автор көтерген мораль мәселесі мегзеумен, символикамен жанама берілген. Осы бір үзіндіде қаншама өмірдің өткір философиясы, ащы шындығы бар. Бұл әңгімеде негізгі арқау болатын нәрсе – өмірге құштарлық, өмір үшін күрес мәселесі. Тіршіліктің сұлулығы мен мән-мақсаты, жарасымдылығы күресте екендігін автор негізгі идея етіп алған.

Осы «Қыран жырының» жазылу тарихына оралсақ, Ғабит Мүсірепов Алтай өңіріне барған сапарынан алған әсерінен жалылған Ғафу Қайырбеков «Аға туралы әңгімелер» атты естелігінде («Жұлдыз», 1975, 199-200-бб) айтқан болатын.

Ғабит Мүсіреповтің «Қыран жыры» тәрізді терең толғамды, қастерлі туындыларының қатарына жататын тағы бір сүбелі шығармасы – «Өмір жорығы» әңгімесі.

Шығармадағы басты кейіпкер – атабалық Көкқасқа. Су астындағы тіршілігіне қарап, оны балық деп қабылдамай, өмір үшін болатын жорық үстіндегі ақылы мен батылдығы бар адамның өмірін символикалап көрсетіп отыр автор. Көкқасқа – ұмытылмас Көзқасқалардың ойлайтыны – үнемі бұқараның, қауымының қамы. Сергектігі де, көш бастар көсемдігі де сол бұқараның қамын ойлайтын қасиетінен танбайтындығында.

Қысқасы, «Өмір жорығы» мен «Қыран жыры» өмір шындығын ұлттық жаратылысымызға сәйкес психологиялық суреттеудің айқын деректі сипаттамасы. Көкқасқа, сарбалақ бейнелері әр түрлі адамдар тағдырын елестетеді. Автор сол арқылы ойлантып, толғантады. Бұл екі әңгіме – адам баласына тән іс-әрекеттерді жанамалап, астарлап көрсете алғандығымен көркемдік шешімінің философиялық шешімге айналуымен құнды. «өмір жорығы» мен «қыран жыры» әңгімелерінің арасында идеялық сабақтастық сезіледі.

Ғабит Мүсіреповтың бұл әңгімелерінде тоғышар, желбуаз жандар психологиясының батыл сыналып, осы жарамсыз мінездерінің туу, етек алу себептерінің жан-жақты қарастырылуы әбден орынды. Жеке бастың қамын күйттеу, жауапкершілік сезімді аяққа басу бар. Бұл мінез осы шығармаларда сынға алынған. Автордың айтпағы – өмірдегі адамдардың тағдыры, адамдық мінез болмысы, ұрпақ жалғастығы. Теңеп айтқанда, қыран мен күйкентайдың, тұлпар мен жабының арасындағы іштей тартыс, олардың ара салмағы туралы сыр шертеді.

Ғабит Мүсіреповтің айтар ойды, суреткерлік өз көзқарасын тұспалдап, психологиялық контраспен жеткізуі, философиялық символикаға ден қоюы қазақ прозасына қосқан дара сүрлеу соқпағы дер едік. Символикалық сипат – әңгіме еңсесін биікке көтеретін факторлардың бірі. Ғ.Мүсіреповтің символдық әңгімелері ой ұшқырлығымен, сырлы сазымен, бейнелі ойымен шағын жанрдың шеңберін кеңітіп тұр. Қазақ әңгімелерін символикалық сипат енгізушілер дегенде, Ғабит Мүсірепов есімін ерекше атау ләзім. Жоғарыда сөз болған қос әңгіменің сұңғыла сұлулығы да символикалық рухына тікелей байланысты деп қорытынды жасауға толық негізі бар.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. С.Қирабаев. Революция және әдебиет. Алматы: Жазушы, 1977.

2. Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы шығармалар. Алматы: Жазушы, 1978.


ТҮЙІНДЕМЕ
Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі символдың алатын орны туралы сөз болады.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена рассмотрению символа в рассказах Г.Мусрепова.


ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Бегманова Б.С.- ф.ғ.к., аға оқытушы (Алматы қ. ҚазмемқызПУ)
Қазақ лирикасының шарықтауы 60-70 жылдардан бастау алғандай. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші ғалым Б.Кәрібозұлы: «Қазіргі қазақ өлеңінің жапырағын жайқалта түскені 60-жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмұнының баюы, түр жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі – публицистикалық сипатының молаюы, ақындардың даралыққа ұмтылуы, ең бастысы ұлттық дәстүрге бірыңғай бет бұруы – 1960-жылдардан басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері» [1, 88 б.] деп баға береді. 60-70 жылдар – халықтың көңілі оқу-тоқуға ден қойып, жаңаша көзқарастар мен талаптарға, терең зерделеуге айналған кезең. Сонымен қатар, поэзияға бұл кезеңде қадам басқан ақындар поэзиядағы алдыңғы аға буынмен салыстырғанда, бұрынғыдан тақырып аясы кеңіп, ақындардың өлең өрімі жаңаша өріліп, ірі қадамдарымен, көркемдік ерекшелігімен, тақырыптық жаңашылдығымен, ұйқас өрімі, тармақ, бунақ, ырғағымен поэзияға жаңа леп әкелді. Яғни, жаңа кезеңдегі қазақ поэзиясының толыққанды арнасы ретінде дәстүрден жалғасын тауып, жаңашылдыққа бет бұрды. Осы кезеңде поэзияда қалам тербеген ақын М.Мақатаев:

Поэзия!


Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,

Неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан

деп жырлайды. Ақын көңілі шарқ ұрған сезімге толы. Поэзия әлемінен жаңа бір тебіреніс, соны соқпақ іздейтіндей. Ақын сол жолын тапты да. Поэзия – ақын жүрегінің дүрсілі. Оның әрбір соққан жүрек үнінен, алған тынысынан ақынның поэзияға деген шексіз махаббаты сезіледі. Ақын сол махаббатын жырға айналдырып, көңіл көкжиегінен ұшырады. Ақын жанын мазалаған өлең дертіне емді поэзиядан іздейді. Ақынның бар арманы, асыл сезімі, жанын торлаған мұңы, қайғы-шері поэзияда жыр жолдарымен өріледі. Жанын жадыратар жылы шуақты да поэзиядан табады. «Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!» деп жырлауы сондықтан. Өлеңнің осы бір жолынан ақынның бүкіл болмысы көрінетіндей. Алауыртқан таулардан үміт күтіп, қарауытқан таулардың көлеңкесін кезіп қиялымен егізін іздеп шарқ ұрған лирикалық кейіпкер бейнесі арқылы ақынның жан дүниесіндегі құбылысты түсінгендей боласыз. Ақын қиялы шартарапты шарлап «бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан» өз сыңарын іздейді. Найзағайдың жарқылына құлақ түріп, ақ нөсер болып төгілген ақ жауынның арасынан іздейді. Екі жастың махаббатынан, олардың арманы мен сағынышынан, жадыраған сәттері мен жабырқаған кездерінен іздейді. Ақын жанының поэзияны шарқ ұрып іздеуі, әр құбылысқа алаңдап, әр сезімнен үміт күтуі өлең бойында өте шебер бейнеленген. Өлең бойындағы алауыртқан таң, қарауытқан тау, сылдыр қаққан бұлақтар, бақтар, алаңдар, шырақтар, оттар, жалаулар, махаббат, сағыныш, арман, бәрі де, поэзия әлемінде ақын жанымен бірге, ақын жүрегімен үндесіп жатыр. Ақын бойындағы бұл сезімдер де поэзиямен егіз. Сондықтан да ақын поэзияны осы сезіммен ұштастыра жырлайды.

Махаббаттан іздедім, сағыныштан,

Арманымнан іздедім алып ұшқан!

Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,

Сені іздедім жадырау, жабығыстан.

деген жыр жолдары ақын жанының шарқ ұрып, ізденген сәттері. Поэзиядағы шынайылығы, оған деген шексіз махаббаты. Сонымен қатар, ақынның ерекше қасиеті – поэзияға деген жан сезімін өлең жолында суретті сөздермен сомдай отырып, келістіре жырлауында.

Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,

Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.

Қуаныштан, түршігу – күрсінуден,

Жүректердің іздедім дүрсілінен

Он бір, он екі буынға құрылған өлең жолдарының соңғы буыны бірыңғай ұқсас сөздермен аяқталып, әр тармақтың соңы шұбыртпалы ұйқасты құрайды.

Ақын М.Мақатаев жырлары сырлы сезімге толы. Ақынның қай өлеңіне көз жүгіртсеңіз жыр астарынан адам өмірін көресіз. Адам тағдырын, адам ғұмырын ақын кез-келген жырына арқау етеді. Ақынның бұл ерекшелігі жеке бір адамның тағдырын, ғұмырын ғана емес, жалпы қоғам, заманның мәселесін жырлайды. Жалқылықты жалпы тағдырға айналдыра жырлауы да азаматтық қасиеті, ақындық тапқырлығы. Себебі, адам жанының тылсымына бет қойып, оның ой-аңсар, сезім сырларын зерделеп, жеке адам бойындағы осы қасиетті заман, қоғаммен байланыстыра жырға қосу тек қана ақынға ғана тән қасиет. Оның «Армысыңдар, адамдар» атты өлеңі де адам бойындағы асыл қасиеттерді тарих беттерімен сабақтастыра жырлайды.

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?

Арма өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған?

Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?

Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар,

Адамдар!

Ақынның он бес-он алты буынға құрылған үш тармақты жолдардан тұратын бұл өлеңінде қазақ даласының тарихын, ата-бабамыздың ерлік жолындағы іздерін өлең жолдарына айналдыруда ақын шеберлік танытқан. Күннің батуы мен таңның атуы, адамдар тіршілігі өлең жолдарында суретті сөздермен өрнектелген. Рауандап таңғы нұрын жер бетіне шаша жаңа атып келе жатқан күнмен тіршілігі біте қайнасқан адамдар өмірінің мағынасын «құдіретті» сөзімен аша түседі. Жәй ғана тіршілік сөзі күнделікті күйбең өмірдің көрінісінен аса алмас еді. Ал, «құдіретті» сөзі күнделікті күйбең тірліктің мағынасын тереңдетіп тұр.

Анамыз – Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,

Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...

Армысың сен, арамызда жалғыз перзент –

Тыныштық!

Ата-бабаларымыз еліміз, жеріміз үшін қаншама қиыншылықты басынан өткерді. Қаншама батыр бейбітшілік, тыныштық үшін жанын қиды. Ақында осындай күреспен келген тыныштықты сақтайық деген ой, арман бар. Ақынның бар тілегі, ақ пейілімен ақтарыла айтатыны тек қана тыныштық. Оны жас баладай әлдилеп, тербеткісі келеді. Ақын жанын толқытар мәселе де осы. Сондықтан ақын тыныштықты «Арамыздағы жалғыз ғана перзент» дейді. Перзентке күтім керектігі сияқты, тыныштықты қадірлей, ынтымақпен өмір сүру керек. Ақынның айтпақ болған ойы осы. Сол себепті ол:

Әлем – дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,

Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар

Ей, Адамдар, сендер тату,

сендер тату болыңдар

деп ағынан жарыла, барша жанға шын жүрегімен татулық, тыныштық тілейді. Түсіне білген адамға жердің кеңдігін айта отырып, тек көңілің кең болсын дей отырып, әлемнің шексіздігін ақын бір-ақ ауыз жолмен жеткізеді.

«Өлеңдегі өнер тақырыбы – өмірі өлмейтін тақырып, өйткені өлеңнің өзі өнер емес пе! Қандай бір тақырып болмасын, оның көркем дүниеге айналуы әмәнда шеберлікке байланысты екені хақ» [3, 100 б.]. Олай болса, қандай тақырыпқа қалам тербеп, оқырман көңілінен шығып жатса ол да ақынның үлкен шеберлігі, жырларының құдіреті. Кез келген оқырман көңілінен шығатыны әр жыр жолдары терең философиялық ойға құрылғандығынан. Ақын «Сырласу» өлеңінде:

Аспан мен Жер,

Уақыт, заман жайлы,

Өзім жайлы,

Сен жайлы, анау жайлы,

Бүгінгі ұрпақ,

Бүгінгі Адам жайлы,

Азды – көпті алдыңда айтылған сыр,

Сотыңнан сенің сақтап қала алмайды.


Соны ойлап сорлы көңіл алаңдайды.

Білесің бе?

Жыр жазу – маған қайғы!

Мысалы, Анам жайлы

Сөзбенен сурет салып, ой түйсем де,

Анамдай бәрі бір ол бола алмайды.

Мен ішімнен өртеніп, алаулаймын,

Өз отыма жылынып, манаураймын.

… Шындықтың ауылында қазына бар,

Шыр айналып, соны іздеп алаңдаймын.

Ақын жан сырын өлең жолында өрбіткен. Ақынның қасиеті оқушысымен ашық сырласады. Көңіліне еш нәрсені бүкпей, ойындағысын ашық айтады. Поэзиядағы сыршыл мінезімен оқырманын баурап әкетеді.

Аспан, жер, уақыт, заман, бүгінгі ұрпақ, бәрі де, ақын көңіліндегі күрделі тақырыптар. Ақын солар жайлы ойланады, толғанады. Қоғам кемшілігіне алаңдайды. Ол ойын оқырманына жыр жолдарымен сыр етіп шертеді. «Ондай алаң көңілмен «Жыр жазу – маған қайғы» деп жырлауы сондықтан. Сол қоғамның өзекті мәселелері ақын жанын өртейді, ол поэзияға айналады. Қаншалықты сөзбен сурет салғанмен, сөздің асыл маржанын тізбектегенмен, «Анамдай бәрі бір ол бола алмайды» деп толғанады. Жер бетінде анаға тең келетін еш нәрсенің жоқтығын жырымен ұқтырады. Ақын бұл жерде ана қасиетін жалпы ортақ мағынада алып отыр. Жер, су, аспан, адам, заман мағынасын ортақ бір арнаға, тоғыстырып, әлемнің анасына балайды. Жалқылықтан жалпылыққа көтеріліп, бүкіл әлем анасының бейнесін жырлап отыр.

Ақын жүрегінің поэзияға деген сезімі де жыр жолдарында айқын, бедерлі. Поэзияның рухын биікке көтеріп, асқақтата жырлау, жүрегіндегі сезімін, көңіліндегі сырын жыр жолдарына төгу, ақиық ақынға ғана біткен қасиет. Сол қасиетімен баурап, адам жанын зерттеген. Адам жүрегіне үңіліп, оның жаратылысының қыр-сырын білуге ұмтылған. Поэзияның адам жанын баурап алар сиқырлы күші оның айтар ойы мен берер мағынасында. Сол қасиетті сиқырлы сөздермен өрбіте білуінде.

Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта

Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа

Өлеңнің өмірге келуі де жас сәбидің дүниеге келуіндей. Ойланады, толғанады. Қайшылық сәттерді ой безбенінен өткізіп барып өмірге өлең келеді. Алайда, осы сәттерді басынан өткерген ақын, күнделікті күйкі тірліктен бойын аулақ салады.

Жалпы, М. Мақатаев жырларының азаматтық үні күшті, ішкі қуаты зор, сөздері айқын, ойы сергек, шарқ ұрған сезімге толы. Ол асқақ ой-пікірлерін бейнелі мән-мағынамен поэзия күші арқылы көкке көтереді.
ӘДЕБИЕТТЕР

1.Кәрібозұлы Б. Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты: Филол. ғыл. д-ры дис. – Алматы, 1997. – 303 б.

2.Мақатаев М. Қарасаздан ұшқан қарлығаш. – Алматы: Жалын, 1999. – 220 б.

3.Күмісбаев Ө. Ортақ арна. – Алматы: Жазушы, 1985. – 375 б.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада 60-70 жылдар қазақ поэзиясындағы жаңа дәстүр мен идеялар қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются традиции и новаторство в казахской поэзии 60-70-х годов.



ЖАҢЫЛТПАШТЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Дәуітұлы Т.-аға оқытушы (Алматы қ. ҚазмемқызПУ)
Қазақ халқының ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті жанрларының бірі — жаңылтпаштар. Жаңылтпаш адамды өнерге, ойын дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін этнопедогогикалық туынды болып есептеледі. Жаңылтпаш - баланың ойлау қабілетін дамытуда, тілін ширатуда, дүниетанымын дамытуда маңызы зор. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ойы қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады.

Қай халықта болсын жаңылтпаш сөйлеу аппатаратына күрделендіріліп берілетін синтаксистік жағынан дұрыс құрылған фраза болып есептеледі. Мағыналық жағынан әр түрлі болғаныман дыбысталуы жағынан жақын сөздерден, фонемалардан түзіле отырып, жаңылтпаш белгілі бір ырғақ пен әуезге негізделеді. Жаңылтпашта ырғақтың, аллетерациялық, тәсілдің болуы заңды құбылыс. Қазақ тіліндегі жаңылтпаш жанры туралы аз-кем айтылып қалатыны болмаса, осы уақытқа дейін аталған жанрдың құрылысы мен жасалу жолдары, тәсілдері туралы әлі зерттелмей келеді.

Жаңылтпаштардың шумағы құрылысына қарай қос тармақты, үш тармақты, төрт тармақты және көп тармақты болып келетіндігі белгілі.

Жаңылтпақтың шумағының ең кішісі – екі тармақтан тұрады. Тармақтың толымдысы, толымсызы болады.

Доп теп,

Тек,


Дөптеп кеп теп.

Немесе:


Іске іскер,

Істі


Іскер істер.

Толымсыз шумақтар жаңылтпашта және ауыз әдебиетінің кейбір ұсақ жанрларында ғана кездеседі. Қос тармақты жаңылтпаш шумақтарының кәсібі толымды болып келеді:

Айтыс болып жатыр,

Тартыс болып жатыр,

Айтыс қай тұста,

Көкпар тартыс қай тұста?

Немесе:

Есімнің шешесін көрдім,



Шешесін кеше көрдім,

Кеше көшеде көрдім,

Көшеде нешеде көрдім?

Жаңылтпаш шумақтарында тармақтардың үнемі ұйқасып келуі шарт емес, теңдес мағыналы дербес жаңылтпаштар бірыңғай буын-бунақта тұрып-ақ үш тармақты шумақ құрай алады.

Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кеште тікті.

Жаңылтпаштың тармақ саны мен тармақтағы буын саны неғұрлым шағын болса, шумақ соғұрлым жинақы да ширақ естіледі.

Жаңылтпаш құрылысында қайталаулар еркекше орын алады. Олар үш түрлі болып келеді. Дыбыс қайталау, буын қайталау және сөз қайталау. Дыбыс қайталау мен буын қайталау, әдетте жаңылтпаштардың үндестігін арттырып, көркейту қызметін атқарады және көбінесе қайталаудың бұл екі түрі жарыса қатар жүреді. Мысалы:

Класта ақ бор бар,

Көк бор бар,

Көп бор бар.

Немесе:

Тайлақ базардан



Қармақ алмақ,

Көлге бармақ,

Қармақ салмақ.

Жаңылтпаштар құрылысында сөз қайталаудың да мәні зор. Сөздер көбіне тармақтардың аяғында қайталайды және ойды жалғастыру, бір шумақта тұрған тармақтарды бір-бірімен байланыстыру қызметтерін атқарады.

Шұнақ құлақ лақ,

Бұлаққа барады.

Бұлақ жағасындағы

Құраққа барады.

Немесе:

Үйде неше шал отыр?



Көсе шал отыр.

Тақиясы шошайып шақша бас

Шоқша сақалды шал отыр.

Қайталау бірде ой мен тармақтар арасын байланыстыру үшін қолданылса, бірде толымсыз буындарды толықтырып, ұйқасты күшейту қызметін атқарады.

Киген тоны –

Оңды тон,

Өңді тон.

Сөйтіп дыбыс, буын және сөз қайталау жаңылтпаш жасаудың және оның мағынасын, байланысын тіпті ұйқасын күшейтудің бір тәсілі болып табылады.

Ал, екі тармақты жаңылтпаш шумақтары үнемі ұйқасқа құрылмайды, бірыңғай буын-бунақта, бір ырғақта тұрып-ақ ұйқассыз құрай алады.

Малға қорек керек,

Оған жарма, кебек те керек.

Өлең сөзді жаңылтпаштардың көпшілігі осындай екі тармақты шумақтан жасалады. Бұған қарағанды үш тармақты шумақтар әлдеқайда сирек кездеседі.

Көпке бекер өкпелеме,

Өкпе етпе,

Тектен-текке өкпелеме.

Төрт тармақты жаңылтпаш шумақтарында шұбыртпалы және аралас ұйқастар да ұшырасады, бірақ ондай ұйқастар төрт тармақтардан көрі үш тармақты, әсіресе көп тармақты шумақтарға тән.

Көп тармақты жаңылтпаш шумағының ұйқасы, әдетте, айнымалы келеді. Бірінде шұбыртпалы ұйқастың, екіншісінде шалыс ұйқастың өлшемі басым болады.

Шуақтаған ботамды,

Шуға апарып шудаладым.

Шудалаған шудасын

Суға салдым,

Судан алдым,

Суға малдым.

Жаңылтпаштың бала тілін жаттықтыруға байланысты қызметі – оның басты міндеті. Бұл орайда, жаңылтпаштың тілге ауыр оралатын дыбыстардан құралатынын ерекше ескерген жөн. Әсіресе:

Ара, ара аралар,

Орманның бойын аралар.

Гүлдерден сорып бал алар,

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәтті ғой балалар!-деп келетін

«Р» дыбысына жаттығуға арналған жаңылтпаштар өте көп. Осы «Д» дыбысына қатысты мынадай жаңылтпаштарды айтуға болады.

Рүстем

Үстеп,


Үстем қарайды.

Үстем.


Рүстем

Үстен қарайды.

Рысты теріс дейді дұрысты,

Рысты алты бұрышты

Жеті бұрыш дейді.

Жеті бұрышты екі бұрыш дейді.

Рысты шымыр шыңдалған,

Бұрышты үшбұрыш құрысшы.

Енді бір жаңылтпаштарда:

Есік алдындағы отынның,

Шырпылырағынан ала кел,

Томарлырағынан ала кел,

Түбірлірегінен ала кел, - сияқты айтуға өте

ауыр көп буынды сөздерден құралады. Жаңылтпаштар – логикалық ойлау жүйесін сөз ойната отырып дамыту, сөздердің мән-мағынасына үңілдіру, сол арқылы болашақта шешен де ұтымды сөйлеудің негізін қалауды көздейді. Яғни, жаңылтпаш балалардың тез де, жаңылыспай, дыбыстарды қатесіз анық айтуына үйрететін өлең-ойын. Оның ойындық сипатын балалардың бір-бірімен жарыса кезекпе-кезек айтысуынан көреміз. Ол тіл жаттықтыру мақсатын ғана көздеп қоймайды, жаңылтпаштағы сөз дұрыс айтылмаса, тыңдаушы құлағына мүлдем басқаша естіліп, айналасына күлкі туғызады.

Мысалы:

Ақ тай ақ па?



Қара тай ақ па? – деген сияқты

жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдам айтса,

Ақ таяқ па?

Қара таяқ па? – болып мағыналық

жағынан мұлдем өзгеріп кетеді. Әрине, жаңылтпаштың ойнақы айтылуы балалар үшін оңайға түспейді, сондықтан да балалар ұқыптылық пен еске сақтау қаблетінің күштілігін де ескергені жөн болады. Жаңылтпаш сөз ойнатып, балаларды қызықтыратын қисынды ұйқас, эмоциялық реңі бар.

Шілікті шаптым,

Жілікті астым,

Шілікті жақтым,

Жілікті шақтым, – дегендегі “Шаптым, астым,

Жақтым, шақтым”сияқты толымды ұйқаспен қоса, бұл жаңылтпашта сөздерді мағыналық жағынан да ойнату бар, бала сөзді тез айтуды ғана емес, логикалық қисынды бұзып алмауды да жадында сақтайды.

Жаңылтпаш сөздердің бірнеше сөйлемнен құрылған, күрделенген түрлері де бар. Мұнда әр дыбысты дұрыс айтумен қатар, сөздердің мағынасын бұрмаламай сөйлеуге үйрету шарттары қойылған:

Мынау қай арал?

Қайың менен тал арал.

Талға қарға ұялар,

Тарғыл иттің құйрығы

Талға оралар, талға оралар, – деп айтылатын түрлері көп. Жаңылтпаштардың өлең құрылысы шағын, қарапайым болып келеді. Онда өлеңдік үйлесім, кестелі ұйқастардан гөрі дыбыс ойнату, тіл оралымына қиын сөздерді айту басым.

Қызғалдақ сарғалдақтарға,

Қызыл дақтар сары дақтарға,

Сарғалдақ қызғалдақтарға,

Сары дақтар қызыл дақтарға ұқсай ма?

Қызғалдақтар сары дақтарға,

Қызыл дақтар да сарғалдақтарға,

Сарғалдақтар қызыл дақтарға,

Сары дақтар да қызғалдақтарға,

Қызыл дақтар сары дақтарға,

Сарғалдақ қызғалдақтарға,

Сары дақтар қызыл дақтарға ұқсамайды.

Қызғалдақтар қызғалдақтарға,

Қызыл дақтар қызыл дақтарға,

Сарғалдақтар сарғалдақтарға.

Сары дақтар сары дақтарға ұқсайды, уһ!

Жаңылтпаш сөздер мен дыбыстарды қиындата қайталау, айтқанда тіл мүдіретін сөйлемнің бөлігін шапшаң, жиі қайталау арқылы тіл ширатуға лайықтап құрылады.

Мысалы:

Ай, Тайқарбай, Тайқарбай



Қойыңды мақараға жай Тайқарбай,

Тайқарбай Майқарбайлар толып жатыр,

Ай, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай.

Өлең жаңылтпаштардың ырғақтамасы әрқилы, төрт буындысы да бес буындысы да, аралас буындылары да кездеседі. Неғұрлым қысқа буынды болса, соғұрлым жаңылтпаш балалардың жаттап айтуына ыңғайлы, оңтайлы.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. С. Мұқанов. Қазақтың XVIII-XIX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер, 1942 ж.

  2. Қ. Жұмалиев. Қазақ әдебиеті, 1949 ж.

  3. М. Әуезов пен Е. Ысайыловтың Қазақ ССР тарихына жазған XVIтарауы, 1957 ж.

  4. Қ. Жұмалиев. Қазақ әдебиеті. 1949 ж.,143-бет.

  5. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1 том,1948 ж., 23-бет

  6. В. Радлов. Образцы народной литературы тюркских племен. 4.3. спб., 1870 ж.

  7. М. Ибрагимов. Киргизские пословицы и загадки, собранные в киргизской степи сибирского ведомства //Тукестанские ведомости. 1871; этнографические очерки киргизского народа// Русский Туркестан.1872. вып. 11.

  8. Ы. Алтынсарин. Киргизская хрестоматия. Оренбург,1879.

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада жаңылтпаштың жасалу жолдары мен тәсілдері қарастырылған. Жаңылтпаштағы ұйқас, ырғақ, буын, бунақ, екпіннің рөлі сөз етіледі.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена рассмотрению путей и способов создания скороговорок. Также в ней речь идет о роли рифмы, интонации, слога, ударения в скороговорках.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет