Қазақ тіл білімі кафедрасы бекітемін филология факультетінің деканы


Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі



бет11/55
Дата07.02.2022
өлшемі274,35 Kb.
#83304
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
Қазақ этнолнг.магистратура

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі






Автор, атауы, шыққан жылы

Ақпарат көзі

Бары (дана)

Кітапханада

Кафедрада

Негізгі әдебиеттер




1.Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері.-Алматы, 2014

кітап

2

-




2.Қайдаров Ә. Ғылымдағы ғұмыр. –Алматы, 2014

Мақалалар жинағы

5

-




3. Қазақстан Республикасындағы этнолингвистикалық жағдаят: Бүгіні мен келешегі.-Алматы, 2009

Зерттеу

1

-




4. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде. – Алматы, 2013

Этнолингвистикалық сөздік

1

-

Қосымша әдебиеттер




1.Манкеева Ж. А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997.

оқулық

-

1




2. Жанпейсов Е.
Этнокультурная лексика казахского языка. – Алматы, 1989

оқулық

1

-




3.Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. Алматы,1995

Оқулық

1

-




4. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998.

мақалалар жинағы

1

-




5.Атабаева М.С. Қазақ тілі диалектілік лексиканың этнолингвистикалық негізі.-Алматы, 2006

монография

3

-




6.Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері.-Алматы, 2008

мақалалар жинағы

30

-




7.Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері.-Алматы, 2013

мақалалар жинағы

1

-


Дәрістің қысқаша мазмұны

1


Тақырыбы: Этнолингвистика ғылымының зерттеу нысаны
Дәрістің мақсаты: Этнолингвистика ғылымының зерттеу нысаны мен мақсат-міндеттері туралы мағлұмат беру


Негізгі ұғымдар: Этнолингвистика, Этнолингвистика ғылымы, «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі»


Қаралатын мәселелер:
1.«Этнолингвистика» термині туралы түсінік
2.Этнолингвистика ғалымының зерттеу нысанын саралау
3.«Этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» және т.б. терминдерге қысқаша түсінік

Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Бірақ осыған қарап, этнолингвистиканы этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің жай қосындысы деп қарауға болмайды.


Этноним (грек - othos - халық, onyma - есім, атау) - ру, тайпа, ел, халық, ұлт аттары. Этнонимдер ұран, ту, таңба ретінде де жұмсалып ру, тайпа, ұлыс ел аттарымен де, солардың ішінен шыққан ру басылары мен би, ақсақал, батырлардың есімдерімен де аталған, жер-су аттары ретінде де қолданылған этнонимдер дербес мағыналы, көбінесе жинақсыз, көптік ұғымдарды білдіретін сөздер.
Ал этнонимика (грек othos -- тайпа, халық, onyma - ат, есім) - этнонимдердің шығуы мен таралуы, қолданылуын және құрылымын зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Этнолингвистиканың қалыптасу процесін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу объектісі мен өзіндік тәсілін осы салада істелген бірқатар жұмыстар ауқымы, бағыт-бағдары мен сипатын пайымдауға әбден болады [I, 2]. Қазіргі таңда қазақ этнолингвистикасы өзіндік бағыт-бағдары, ұстанатын қағидалары бар іргесі ғылым саласына айналып отыр.
Этнолингвистика - тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі және дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің саласы. Этнолингвистикаға қатысты еңбектердің көбісі сөздік түрінде болғанымен оған бағышталған ғылыми зерттеулер мен тақырыптық жинақтар да баршылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет