Қазақ тіл білімі кафедрасы бекітемін филология факультетінің деканы



бет25/55
Дата07.02.2022
өлшемі274,35 Kb.
#83304
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
Қазақ этнолнг.магистратура

Қаралатын мәселелер:
1. Этнография салсының зерттеу нысаын
2. Этнолингвистика және этнографияның ұштатасатын тұсы

Этнолингвистика және этнографияның жақындасатын тұсы этнос болмысының сүбелі саласы — заттық бағалықты (материальные ценности) зерделеуге байланысты. Бұл екеуіне де ортақ объект — «тіл әлеміне» тән көл-көсір мол дүние. Алайда осыған қарап, этнолингвистика мен этнографияны да бір-бірімен алмастыруға болмайтын сияқты. Олардың өзара сыбайластығымен қатар «ортақ» терінін пұшпағындай өз тәсілімен илейтін еншісі де жоқ емес. Бұл әсіресе тіл фактілерін пайдаланудан айқын көрінеді.


Зерттеушілердің көбі этнолингвистика мен этнографияны «мақсат-мүддесі ортақ, бағыт-бағдары бір, бір таяқтың екі басындай егіз ғылым» деп қарайды. Бүл пікірді кезінде өзіміз де қолдаған едік. Алайда «тіл әлемін» тәптіштеп зерттеу барысында бүл пікірге де сын көзбен қарау керектігіне көзіміз жеткен сияқты. Оның басты себебі: екеуіне ортақ объект — этнос тілі болғанымен, оны екеуінің зерттеу тәсілі мен тереңдік деңгейі бірдей емес. Мәселен, «Киіз үй» деген обьектіні алсақ, этнографтар да, этнолингвистер де оның құрамын (суйегін, киізін, бау-шуын), бөлшек-бөліктерін (шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық, узік, тундік, басқұр, белдеу, желбеу т. Б.), сондай-ақ оларды жасау технологиясын сөз етуге міндетті. Алайда киіз үйге қатысты тіліміздегі бұлардан басқа жүздеген атаулар мен мыңдаған қосымша үғым-түсініктерді тәптіштей жинап, этнос тұрғысынан талдап, тарату этнолингвистердің ғана міндеті болса керек. Мәселен, «шаңырағың биік болсын!», «керегең кең болсын!», «қара шаңырақ», «ақ босаға», «табалдырықты баспа!» сияқты көптеген танымдық сипаттағы тілдік бірліктердің табиғатына үңілу тек этнолингвистердің ғана құзыретінде. Қорыта келгенде, этнос болмысына қатысты тіл фактілерін этнографияға қарағанда этнолингвистика әлдеқайда ауқымды да кең пайдаланып, олардың тілдік мән-мағынасын жан-жақты да терең түсіндіруге тырысады.
Қоғамдық пәндермен этнолингвистиканың ара қатынасы осылай болса, лингвистикалық пәндермен болатын бұл қатынас сәл басқашалау. Олардың бір-екеуін қарастырып көрейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет