Қазақ тіл білімі кафедрасы бекітемін филология факультетінің деканы



бет23/55
Дата07.02.2022
өлшемі274,35 Kb.
#83304
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Қазақ этнолнг.магистратура

Қаралатын мәселелер:
1.Этнотаным, мәдениет, тіл
2:Этнолингвистика және мәдениеттану

Этносты танып-білуге тұс-тұсынан атсалысып, өзіндік үлесін қосушы қоғамдық ғылым салаларының бірі — мәдениеттану (культурология) десек, ол этнос болмысының ауқымды да маңызды саласымен шұғылданады. «Мәдениет» жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі үғым.


Этнос мәдениеті ғылыми тұрғыдан былай анықталып жүр: «Этнические культуры — эти особые исторически выработанные способы деятельности, благодаря которым обеспечивалась и обеспечивается адаптация народов к условиям окружающей их природной и социально-культурной среды». Бұл - мәдениет — әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс. Өмір-тіршілік салты да, ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология – осының бәрін біз этнос мәдениетінен таба аламыз. Ал, соның бәрін танып-білудің ең басты құралы — тіл екендігін мәдениеттанушы ғалымдардың бәрі мойыңдайды. «В языке народ выражает себя полнее и многостороннее, чем вчем-либо другом – не только в последнем своемположении, но и исторически. Все, что естьу народа в его быте и понятиях, и все, что народ хочет сохранить и своей памяти, выражается и сохраняется языком».**** Бұл пікірден біз этнолингвистикамен мәдениеттің тіл әлемінде айқын көреміз. Алайда осыған қарап олардың зерттеу объектісін біріктіріп жіберіп, бір ғылым депқарауға да, өзіндік ерекшеліктері бар этнолингвизмдер мен мәдени лексиканың арасына тепе тендік белгісін қоя салуға да болмайды. Оның басты себептері: біріншіден, этнолингвистика этнос болмысына қатысты «тіл әлемін» түгел қамтуға тырысса, мәдениеттану пәні өз міндетін «мәдениет» ұғымымен ғана шектеуге тиіс; демек, ол, қанша күрделі, ауқымды болса да, «бүтіннің бөлшегі іспетті дүние»; екіншіден, мәдениеттану мәдениет түрлерінің (әдебиет, жазу-сызу, қолөнер, ән-күй өнері т. б.) пайда болуын, қалыптасуын, дамуын, өзіндік ерекшеліктерін талдап, таратып айтуды негізгі міндетім деп санаса, этнолингвистика барша мәдени лексиканы іштей сала-салаға жіктеп, жүйелеп, мүмкін болғанынша толық жинап алып, тілдегі өзінің нақыш-өрнегімен сөйлете білу, сан алуан ұғым-түсініктердің мән-мағынасын ашып, номинация, дифиниция түрінде сипаттап, этностық таным-талғам тұрғысынан түсіндіруді мақсат етеді. Демек, бұл ортақ бір объектіні мәдениеттану мен этнолингвистика әр түрлі бағытта, деңгейде және мүдде-мақсатпен қарастырады деген сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет