Пайдаланатын әдебиеттер:
1 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998.
2 Қайдаров Ә. Т. Этнолингвистика // Білім және еңбек. –1985. – №10. Б. 12.
3 Манкеева Ж. А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997.
4 Жанпейсов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. – Алматы, 1989. –288б
5 Жалпы тіл білімі. – Алматы, 1983.
№6
Тақырыбы Этнолингвистикалық арналар
Дәрістің мақсаты: Қазақ этнолингвистикасының арналарын саралау
Негізгі ұғымдар: этнолингвистика, қазақ этнолингвистикасы, этнолингвистика ғылымы, этнолингвистикалық арна
Қаралатын мәселелер:
1.Этнолингвистикалық арна –халық ауыз әдебиеті үлгілері
2. Этнолингвистикалық арналардың топтары
Этнолингвистикаға тән тағы бір ерекшелік - оның тілдік обьектілер мен фактілерге жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып, саралай қарастыру, осы орайда ол тілдің ең басты, әрі негізгі тұлғасы жеке - дара сөздерді ғана емес, атау сипаттағы жай тіркестер мен көркемдік, бейнелік, астарлы да ауыс мәнге ие тұрақты тіркестерді де ( фразеологизм, теңеу – салыстыру, мақал- мәтелдер), тіпті, түсінік, ұғым, пікір, дерек мағлұмат беретін көркем жанрлық мәтіндерді негізгі нысан етіп қарастырады. Әртүрлі бұлақтардан бастау алып, тарамданып келіп, этнолингвистикалық кең арнаға құятын салаларға ауыз әдебиеті үлгілері де жатады. Бұларға жанры мен тақырыбы, құрамы мен кұрылымы, мазмұны мен мағынасы әр алуан болып келетін, халық жадында сақталып, рухани мұра болып, ұласып, ауысып келе жаткан: 1) авторы белгілі ақыл-накыл сездер; 2) салт-дәстүрге (әдет-ғұрып, наным-сенім, ырым-кәде, жөн-жоралғы т. б,) қатысты деректер; 3) той-томалақ, мереке-мейрамдарға байланысты рәсім-салтанат үлгілері; 4) көріпкел, сәуегейлілікке қатысты әңгімелер; 5) әзіл-оспак, артында зіл жоқ бірқақпайлар мен күлдіргі сөздер т.б. осы тәрізді «тұрмыстық жеңіл жанр» үлгілері жатады. Бұлардың бәрі этнолингвистиканың негізі арналарына жатады.
Бұлардың бәрі — этнос өмірінде туындап, соның өзіне ғана тән рухани, мәдени танымды бояу-накышымен тағы бір қырынан суреттеп, «тіл әлемінде» бейне бір зерде тас бөлшектеріндей жарқырап тұратын этнолингвизмдер. Этнолингвистикалық зерттеулерде олар тұлға, құрылым жағынан әр алуан — бірде жай сөз тіркесі, тұрақты тіркес, енді бірде шағын мәтін (текст), қысқа баяндау, өлең-жыр бөлшегі т. т.— болып келсе де, «тірек» сөз арқылы негізгі және туынды мағыналық бірліктерге (атауларға) қатысты әр түрлі такырыптық топтарда сипатталуға тиісті. Бір-ақ мысал: негізгі атауды «сүмбіле» десек, оған қатысты ел жадында сақталған «сүмбіле ұзын болса, көктем де ұзаққа созылады» деген болжам-мәлімет келтіріп, неге олай деуіміздің мән-жайы түсіндірілуі тиіс. Міне, «ауыз әдебиеті үлгілері» деп аталатын сала «тіл әлеміндегі» ең бір ауқымды да информативті байлыққа жатады.
Тілдің лексика-семантикалык қорын дамытудың, байытудың көздері орасан көп. «Негізгі және туынды мағыналық бірліктер» деп аталған бұл екі топты сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да байытып, оны этнос туралы небір құнды дерек-мағлұматтармен толыктырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән-мағынасын тереңдете түсетін тілдің басқа да көздері бар. Біз оларды «этнолингвистикалық арналар» деп атадық. Олар сан алуан бұлақтан бастау алып, «тіл әлеміне» келіп кұйылып жатқан 6 арнадан тұрады.
Олар мыналар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |