Қазақ тіл білімі кафедрасы бекітемін филология факультетінің деканы



бет31/55
Дата07.02.2022
өлшемі274,35 Kb.
#83304
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
Қазақ этнолнг.магистратура

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998.
2. Қайдаров Ә. Этнолингвистика // Білім және еңбек. –1985. – №10. Б. 12.
3. Манкеева Ж. А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997.
4.Жанпейсов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. – Алматы, 1989. –288б

13


Таұырыбы: Фразеологизмдердің этнотанымдық сипаты
Мақсаты: Қазақ фразеологизмдерінің этнотанымдық сипаты саралау
Негізгі ұғымдар: этнолингвистика, қазақ этнолингвистикасы, этнолингвистика ғылымы, фразеологизмдер, таным


Қаралатын мәселелер:
1. Фразеологизмдер- этнолингвистикалық арна
2.Фразеологизмдердің танымдық сипаты

Тақырып, мағына, тұлға жағынан әртүрлі болып келетін тұракты тіркестердің үлкен бір саласы тілімізде (15 мыннан астам) — фразеологизмдер десек, олар да қандай ұғым-түсінікке қатысты болмысын, сайып келгенде, адамның іс-әрекетін, қалып-күйін, дүниетанымын өзіндік бояу-нақышымен бейнелейтін танымдык мәні зор көркем сөз бұлақтарына жатады. Оны мына мысалдардан да: шошқа тағалау, бастан құлақ садаға, ит терісін басына қаптау, шөп басын сындыру т. б. айқын көре аламыз. Бұлардың жасалуына ұйыткы болып тұрған «құлақ» (мал құлағы), «ит терісі», «шөп» тәрізді «тірек» компоненттердің, көріп отырғанымыздай, адамға тікелей катысы жоқ. Сондықтан да этнолингвистика үшін ең қиын мәселе — осы сияқты фразеологизмдердің ауыс мағынада колданылу мотивтерін түсіндіру.


Тұрақты теңеулер. Бұлар, әдетте, бір зат пен екінші бір затты (құбылысты) өзара салыстыру, ұқсату, бір-біріне балау, теңеу арқылы оларды анықтау, сипаттау, бағалау, бағамдау, өлшеу, болжалдау т. б. осы сияқты танымдық мақсаттан туындап тұрақталған (көпшілігі) тіркестер. Тілімізде мыңдап саналатын бұл тіркестер (штамптар) тақырыбы (объектісі, мағынасы, құрамы мен құрылымы, уәждік (мотивтік) негізгі және көркемдік ерекшеліктері жағынан сан түрлі. Бұлардың бәрі немен және нені қалай салыстырса да, айналып келіп, адамның іс-әрекетін, сын-сымбатын, қалып-күйін т.б. қасиеттерін сипаттауға бағышталады. Мына мысалдарды зерделеп көріңіздер: жерден жеті қоян тапқандай (қуану), екі иығына екі кісі мінгендей (дәу, үлкен) т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет