Қаралатын мәселелер:
Түркі халықтарының тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындық
Түркі халықтарына ортақ атаулардан қалыптасқан тұрақты тіркестер
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде өзінің тұтастығын, өзіне тән ұлттық ерекшелігін өз бойында көбірек сақтап келе жатқан тазалығын В.В.Радлов: «...қазақтардың тілі исламның бүлдірушілік сипатына ұшырамай, түпкі таза түбін, түркілік сипатын сақтап қалған» десе де, оны сөздік құрамында да түркі тілдеріне ортақ лексикалық бірліктердің болуы – бұл халықтардың генетикалық тығыз байланысты болуын білдіреді.
Түркі халықтарының тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындық пен дербестікті айқындайтын тілдік материал – тұрақты тіркестерден мағына, тұлға ортақтығын байқауға болады, әрі ол туыстық көрсеткіштерін айқындайтын дерек көз де. Мысалы, тілімізде жілік майы таусылу, жілігі татымау, делбе болған жылқыдай,алма – алма ағашынан алыс түспес, қазақ қайың сауды, қырғыз ғиссар ауды, т.б. тіркестер қалыптасқан. Жілігі татымау, жілігі үзілу, жілік майы таусылу тұрақты тіркестерінің ұйытқы сөзі – жілік. Осыған ұқсас қызғыздарда жилиги үзүлуү фразеологизмі бар. Кәнігі ат бапкерлері арыған тұлпарды күтімге алғанда, оның қасына басқа ат қосып, екеуін бірдей қарауға алған. Арыған сәйгүліктің бабы келді-ау, жіліншігіне май толды ау деген кезде, қосымша жарамдағы жылқыны сойып, жілігін шағып, ішіндегі құрамын қарап, жаратылатын жылқының жағдайын мөлшерлеген. Қоңданып, ет алған жылқының жілік сүйегі майға толы болады. Ат бапкерлері тұлпардың бәйгеге жарамды екенін айыратын болған. Демек жілік майытаусылу «арыған, бәйгеге жарамсыз, күтусіз» деген мағынаны білдіреді.
Жылқы малына қатыстыра айтылатын андызды жерде ат өлмес тұрақты тiркесiнiң түп тамыры терең тарихта екендiгiн М.Қашқаридың «аңдуз болса, ат өлмәс» тіркесінен көруге болады.
Түркi тiлдерiне‚ соның iшiнде қазақ тiлiне де ортақ өсiмдiк атауларын Б.Қалиев‚ М.Қашқаридың «Диванынан» және Кодекс Куманикустен ұшыратуға болатынын жазып‚ атап көрсетедi [22, 55]. Олар:алма /alma/‚ андыз /anduz /‚арпа /arpa/‚ бидай,/bugdaj/‚ жаңғақ /jagaq/‚ жуа /java/‚ жусан /japcan/‚ жекeн /jekan/‚ қайың /qajin/‚ қаңбақ /qamgad/‚ қамыс /qamis/‚қара от /qara ot/‚ тары /tarig /‚ терек /terak /‚/ши /cig/ т.б.
2. Төрт түлік атаулары – түркі тілдеріне ортақ атаулар
Түркi халықтарының тарихи даму жолындағы этностық және тiлдiк жақындық пен дербестiктi айқындайтын тiлдiк материал өсiмдiк атауларына да және олардың қатысуымен жасалған ТТ-ге де байланысты. Осыған қатысты бірнеше тақырыптық арналарда қарастыруға болады.
Ағаш атауына байланысты қалыптасқан ТТ : Ағаш-түрiк‚ қырғыз‚ ноғай‚ қазақ тiлдерiндегi беретiн мағынасы: 1. өсiмдiк. 2. ағаш‚ дiңi‚ бағана‚ бөрене. 3. құрылыс материалы. 4. ұзындық өлшемi (6-7 м.) [23, 72]. Ағаш сөзiнен туындаған ТТ.
М.Қашқарида куруғ jiғaч эгilmac, курмiш кiрiш tyгулма түрінде келетін тұрақты тіркес өзбекше қуруқ егач эгилмайды‚ қуриган кириш /новда/ боғланбайды‚ тугулмайды, қазақша Құрғақ ағаш иiлмейдi‚ қысқа жiп күрмелмейді болып келеді.М.Қашқари: Борiнiң ортақ, қузғунiң jiғaч башiнда
ұйғ.: Бөрiнiң-тәң-отақ‚ қағиниң дәрәх учида қаз.: Бөрiнiң /табысы/ ортақ‚ құзғындiкi ағаш басында. Бұл арада қасқыр табысын бiрден жеп кете алмайтындықтан‚ ол жүгiрген аң мен ұшқан құсқа ортақ‚ ал қарға болса‚ тапқанын тұмсығымен тiстеп алып‚ ешбiр жыртқыш жете алмайтын ағаштың басына қонып алып‚ өзi ғана жейдi деген мағынаны берiп тұрғаны белгiлi. Ұйғыр тiлiндегi ағаш деген түркiлiк сөздiң орнына дарақ деген парсы сөзiнiң, ал М.Қашқари сөздiгiнде йығач түрiнде келуi‚ қазақ тiлiнде ағаш вариантының сақталуы, В.Радловтың қазақ тiлi туралы айтқан пiкiрiнiң дұрыстығын көрсетедi. Сонымен қатар, «дарақ» сөзiне байланысты қалыптасқан ТТ қазақ тiлiне де тән. Мысалы, дарақ бiр жерде көгерер; шыбық өсiп‚ тал болады‚ тал өсiп дарақ болады (С. Бақбергенов).
Тұрақты тіркестердің түркi тiлiндегi ортақтығы мен тiлдiк сәйкестiгi белгiлi бiр заңдылыққа‚ тарихи дерекке қатысты. Себебi оған: түркi тiлдес этностардың көне заманнан берi бiрге жасап‚ көршi тұруы; олардың өмiр тiршiлiгiндегi‚ рухани мәдениетiндегi дүниетанымы мен пайымдауы; тiл төркiндестiгi‚ тектестiгi; бiр тiлде пайда болған тұрақты тiркестердi тiл заңдылығына ыңғайластыра қабылдауы әсер еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |