Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998.
2. Қайдаров Ә. Этнолингвистика // Білім және еңбек. –1985. – №10. Б. 12.
3. Манкеева Ж. А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997.
4.Жанпейсов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. – Алматы, 1989. –288б
№12
Таұырыбы: Қазақ мақал-мәтелдерінің этнотанымдық сипаты
Мақсаты: . Қазақ мақал-мәтелдерінің этнотанымдық сипатын саралау
Негізгі ұғымдар: этнолингвистика, қазақ этнолингвистикасы, этнолингвистика ғылымы, мақал-мәтелдер, таным
Қаралатын мәселелер:
1. Мақал-мәтелдер - этнолингвистикалық арна
2. Мақал-мәтелдердің танымдық сипаты
Мақал-мәтелдер этнолингвистикалық арнаның ең құнарлы бұлақтарына жатады. Егер тіліміздегі 40 мыңнан астаммақал-мәтелді фразеологизмдер сияқты жинап, жүйелеп, белгілі бір «тірек» объектілеріне қатыстығын айқындап, мазмұнын ашып, этно-
лингвистика тұрғысынан түсіндіретін болсақ, этностың «тіл әлемі» 40 мың мағыналық бірлікпен толығып, байи түскен болар еді. Әрбір мақал мен мәтелдің бойына этнос болмысына, оның рухани заттық мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып,наным-сеніміне т.б. катысты бай информация жинақталғанын ескерсек, олардың этнос болмысынтанып-білуге косар үлесі зор. Фразеологизмдер сияқты, мұнда да күрделі мәселе-мақал-мәтелдердің тілде пайда болу факторлары мен дами келе, Адамға(оның сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, калып-күйіне т. б. қасиеттеріне) ауысу мотивтерін (уәждерін) тап басып,дәл айкындау, мән-жайын таратып, түсіндіру. Бір-ақ мысал: «Ұядане көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал «от басында қандайтәлім-тәрбие, үлгі-өнеге керсең, өсіп-жеткенде де соны істейсін» де-ген ауыс мағынада бүгінгі педагогикалық тұжырымдаманың (концепгцияның) негізіне айналып отыр. Этнолингвистика болса, міне,осындай құбылыстың мән-жайын түсіндіруте тырысады. Мәселен, осымақалдыңөзін алсак, ол — о баста қыран құстар өмірін байкаудантуып, саяткерлер лексиконында қолданылған жай тіркес болған.
Шынында да, бүркіт өз балапандарын құз-қиядағы ұясында түлеп,қара қанат болып ұшқанға (өз тамағын өзі тапқанға) дейін солтөңіректегі барлық аң-құстардың, мал төлінің етімен (кейде өлек-сесімен) қоректендіруге тырысқан. Бұл жәйт мақалада «отбасын-
дағы көрген тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі» мағынасына баланып отыр.
Ал бала бүркіттің өсіп, қыран болғанда иісін алып, дәмін татып, құштарлана жеген аң-құстарды көбірек ілетіні» ауыс мағынасында «баланың өскенде де отбасында (семьяда) көрген үлгі-өнегесін істейтін әдетіне» айналып отыр.
Міне, осы тәрізді мағыналық өзгерістерді біз кез келген мақал-мәтел табиғатынан байқаймыз. Осы сияқты өзгерістердің тілдік тетіктері мен мотивтерін айқындап, оларды «тірек» сөздер аркылы тақырыптық топтар жүйесіне енгізу, түсіндіру тағы да сол этнолингвистиканың ең бір күрделі міндетіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |