Қаралатын мәселелер:
1. этимология салсының зерттеу нысаны
2. Этнолингвистика және этимология ғылымдарының сабақтастығы
Сөздер мен сөз тіркестерін төркіндете зерттеу этимологияның төл міндеті болса да, бұған кейде этнолингвистиканың да мұқтаж екендігін көреміз. Мұндай жағдайда, әсіресе, мағынасы күңгірттенген бірліктердін мәнін ашып, жасалу мотивтері мен қолданыс шеңберін айкындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне жүгінуіне тура келеді. Сөз төркінін айқындаудың тағы бір қажеттігі тіл практикасында мұндай фактілерді «халықтық этимология» (оны «жалған этимология» деп те атайды) тұрғысынан түсіндіру жиі кездеседі. Мұндай жағдайда бұл тәрізді «еркін» жоба-жорамалдарға дұрыс бағыт-бағдар беру қажет тәрізді.
Кейде этнолингвистикалык түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де этиимологиялык бір деректін өзі-ақ оны айқындай түсуі мүмін. Мысалы, көне де байырғы «бөрі» сөзінің эвфемистік баламасы деп көрсетілетін, қарышқыр сөзін үлкен ғылыми этимологияға бармай-ақ, кырғыз тілінде мойны мен жақ сүйектерінің қарысып қалуына байланысты «қарышқыр» деп аталуы арқылы түсіндіруге де болады.
Айта кету керек, этимологиялық зерттеулерде кейде этнолингвистикалық факторларды пайдалану да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда, керісінше, этнолингвистикалык деректер этимологияның негізгі үш— фонетикалық, семантикалық және морфологиялык, — принципіне қосымша дәйектеме ретінде пайдаланылып, этимология обьектісін уақыт-мезгіл кеңістігі мен тарихи дәлдігі түрғысынан айқындай түсуде өз үлесін қосып отырады.
Бұл — лингвистикалық пәндердің этнолингвистика аясында болатын өзара табиғи байланысы. Дәл осы тәрізді астарлас байланысты біз этнолингвистика мен қазақ диалектологиясы арасынан да айкын көреміз. Өйткені этнолингвистика әдеби тіл аукымымен ғана шектелмей, жалпыхалықтық тіл фактілерін мүмкін болғанша түгел қамтуды мақсат етеді. Міне, осыған байланысты этнолингвистика жергілікті (жанды, ауызекі, жаргон т. б.) тіл ерекшеліктерін зерттейтін диалектологиямен де мүдделес. Бұл — этнолингвист ғалымдар этнос болмысын танып-білуге қатысты жарияланған диалектологиялықматериалдарды да, өз тұсынан жинаған фактілерді де пайдаланады деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |