Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



бет7/40
Дата18.10.2023
өлшемі350,49 Kb.
#186308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
аза тіл білімі тарихы алматы, 2016

Әдебиет:

  1. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. -Алматы, 1998,

  2. Досмұхамедұлы Х. Жануарлар. І-бөлім. Сүйектілер хақында. -Ташкент, 1922.;

  3. Досмұхамедұлы Х. Жануарлар. П-бөлім. — Ташкент, 1922.

  4. Досмұхамедұлы Х. Жануарлар.Ш-бөлім. Ташкент, 1926.)

  5. Досмұхамедұлы Х. Адамның тән тірлігі.-Қызылорда, 1927)

  6. Досмұхамедұлы Х. Қазақ тіліндегі сингармонизм заң. –Ташкент, 1924

  7. Досмұхамедұлы Х.Қашқари М. Диуани лұғат ат-түрік. // Шолпан (№6-
    7-8)

  8. Қабдолов З. Көзқарас.-Алматы,1996. 89-97-б.

  9. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы, 1995

  10. Сыздықова Р. Халел шыңдары// Халел Досмұхамедұлы. Таңдамалы. — Алматы, 1998.11-26)

  11. Әнес Ғ. Халел шыңдары// Халел Досмұхамедұлы. Таңдамалы.-Алматы,1998, 11-26 б.

  12. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. -Алматы, 2002.247-б)

  13. Алаштың тілдік мұрасы, Алматы, 2009. Мақалалар жинағы. «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы.

 
Тапсырма:
 
Халел Досмұхамедұлы еңбектерінің қазіргі кездегі мәні.
Қазақ тілінің өміршеңдігі туралы Халел Досмұхамедұлы пікірлеріне ғылыми талдау жасау;
Еуропалық тілдерден енген сөздерді қазақ тілінде қолданудың Халел Досмұхамедұлы айтқан ғылыми пікірлеріне шолу;
Қазақ тіліндегі сингармонизмге қатысты ғылыми ойларына талдау жасау, дамыта ой қорыту.
 
 
 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
 
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығы – халықтың рухани қазынасы, әлемдік мәдениеттің байлығы. Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында да атқарған ғылыми қызметі мол. Ақынның “Педагогика” (1922), “Ана тілі” (1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Ересек шала-сауаттылар программасы” (1926) сияқты еңбектері оқу-ағарту мәселелеріне арналған.
Мағжан Жұмабаев 1922 жылы “Педагогика” атты ғылыми еңбегін жазады. Өз кезіндегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі, белгілі ғалым педагог-публицист М. Жолдыбаев зерттеудің беташарына былай деп жазады: “Заманға дәл кітап шыққанша малданып, одан кейін салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адасқан жерлерін тауып отыруға Мағжан Жұмабаев “Педагогикасы” іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал”.
Мағжан Жұмабаев өз еңбегінің бағыт-бағдарын былайша аңғартады: “Алдыма бір кітапты қойып алып желе бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше, қазақ қанына қабыстыруға ұмтылдым” (“Педагогика”, Алматы, 1992). Ақын осылайша ағынан жарылады, өз еңбегін толық аяқталған, жетілген дүние деуден де аулақ. Солай болса да, бұл зерттеу-еңбек қазақ ғылымында алғашқылардың бірі болып педагогика саласында түрен салған, елең еткізер туынды екені анық.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Автор тәрбие саласын былайша жіктейген: “дене тәрбиесі, жан тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі”. Расында да, адам баласының кемелденіп, дұрыс тәрбиеленуі үшін, ең алдымен денсаулығының жақсы болуы шарт. Ол үшін дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуының маңызы зор. “Жан тәрбиесі” деген атаудың өзінің мән-мағынасы терең. Адам жанының терең де таза болуы – болашағының жарқын болуының кепілі. Жан адалдығына аса мән берген ақын оның от басындағы, мектеп қабырғасындағы тәрбиелену жолдарына да ерекше ден қояды. Психологиядағы жан көріністері – ақыл, ішкі сезім дүниесі, қайрат туралы М. Жұмабаев толғана баяндайды.
Баланың әсерленуі, ойлануы, эмоциялық толғаныстарының өзіндік ерекшелігін, ересек адамның ойлануымен салыстыра отырып зерделейді. “…Баланың жан істері бір-бірімен берік байланған болады, бір-бірімен берік жүреді. Баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі. Сезімі мен қайраты бәрі бір іс қылады, бұлар бір-бірімен күресе білмейді, бірін-бірі тізгіндей білмейді”,- деген байлам жасайды автор. Жас сәбидің бір нәрсеге ұмтылуы оның ақылының, сезімінің, жанының, денесінің, қайратының бірдей күш жұмсауы арқылы болатынын айта келіп, бала шақта алынған әсердің өмір бойы естен шықпауының мәнісін ғылыми тұрғыда ашып береді.
Осылайша сәби жанының ерекше белгілері мен қасиеттерін анықтай отырып, тәрбиенің негізгі сипаттары мен мазмұнының қалай жүзеге асуы керек екенінің нақты жолдарын белгілейді. “Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қайтып алмақ” – деп түйін жасайды ақын-ғалым.
Мағжан Жұмабаев тәрбие түрлерінің осындай басты-басты маңызды сипаттарына тоқталып, олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын, жақындығын түсіндіреді. Егер адам баласына аталған тәрбие түрлерінің барлығы түгел берілсе, оның жалпы білімі мен тәрбиесі жақсы болатынын тәптіштей айтады. “Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сияқты тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын” – деп тілек етеді.
Қазақ баласының тәрбиесіне жоғары мән бере отырып, ақын Абай жолының үрдісімен баланы дәл өзіндей қылып шығару емес, заманына лайық азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етуді ұсынады. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жолындағы еңбегі ұшан-теңіз. “Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып келе жатқан соқпақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті”–, деп жазады ақын.
Мағжан Жұмабаев қазақ халқының бала тәрбиесі жөніндегі ұлттық менталитетке сай қалыптасқан тәрбие желісін қастерлей отырып, оны да заманның талабына сәйкес електен өткізуге, сөйтіп барып қабылдауға болатынын ескертеді. Қазақ аулында талай зиянды әдеттер барын да жасырмайды. Оқыған зиялы азамат ретінде бүгінгі бала тәрбиесіне ерекше мән бере отырып, оның ғылыми тұрғыда зерделеніп, педагогикалық шеберліктің ұшталу мәселелеріне ден қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет