Қазақ тілі № Тақырыбы: Сөйлем және сөз Мақсаты



бет5/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,17 Mb.
#4810
1   2   3   4   5   6   7

ҮІ. Бекіту. Бүгін не өттік? Сөз таптарына не жатады? 372-жаттығу ребусты шеш, сөйлем құр. «қызық». 373-жаттығу дәлелде.

ҮІІ. Үйге тапсырма:374-жаттығу,бағалау.

85. Тақырыбы: Зат есім ( 375-380 жаттығулар)



Мақсаты: 1.Зат есім туралы түсінік беру, жаттығулар орындай

отырып, білімдерін қалыптастыру

Міндеттері: 2.Білімге деген қызығушылығын, ойлауын дамыту.

3.Зейінді , ұқыпты болуға тәрбиелеу



Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Көрнекілігі: үлестірмелер, сөзжұмбақ

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 374- жаттығу

ІІІ. Өткенді пысықтау. Қандай сөз таптарын білесіңдер?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Зат есім.

Ү. Жаңа сабақ. 300-жаттығу сөзжұмбақ шешу, сұрақ қой. 375-жаттығу Кім ? Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу.

Ақыл- тозбайтын тон, Шешен сөз бастар

Білім – таусылмайтын кен Батыр қол бастар.

Ережені меңгерту.Хормен оқыту

ҮІ . Түсінгендерін тексеру.377-жаттығу не? сұрағына жауап беретін сөзді қойып жаз.

үреді. ұлиды. қарқылдайды.

378-жаттығу кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді топтастырып жаз.

Үлгі. Кім? – сатушы, ...

Не? - кітап, ...

ҮІ. Бекіту.Бүгін не өттік? Зат есім жегеніміз не? Зат есімнің сұрақтары? 379-жаттығу дәлелдеу, 380- жаттығу сөзжұмбақты шешу.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 380- жаттығу «Қыста»,бағалау.

86. Тақырыбы: Зат есімнің мағынасы туралы түсінік.

( 381-385 жаттығулар)

Мақсаты: 1. Кім?Кімдер? сұрағының тек адамға Не? Нелер? сұрағының жануарлар мен заттарға қойылатынын ұғындыру.

Міндеттері 2.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Үлестірмелер,

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 380- жаттығу.Оқу, талдау.

ІІІ. Өткенді қорыту.Зат есім деген не?Мысалдар келтіру.

ІҮ Мақсат қою кезеңі:тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа білімді меңгерту: Көркем жазу. Терме диктант. 381-жаттығу оқып, ат қой, не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді тап

ҮІ. Түсінгендерін тексеру . 382-жаттығу өлеңді жатқа жазу. Зат есімдердің астын сыз.383-жаттығу сөйлем құр.

ҮІІ. Бекіту:үлестірмелермен жұмыс.Бүгін не білдік? 384-жаттығу дәлелде.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:385-жаттығу.Бағалау.
87. Тақырыбы: Зат есімнің мағынасы. (308-311 жаттығулар)

Мақсаты: Зат есімнің мағынасы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Жаттығулар орындай отырып, зат есім туралы алған түсініктерін кеңейту Ой-өрісін, білімін дамыту. Сауатты көркем жазуға тірбиелеу.

Көрнекілігі:үлестірмелер

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсаты

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 385-жаттығу.

ІҮ. Білімді тексеру: Сөз таптарын ата? Зат есім деген не? Мысалдар келтіру

Ү. Бекіту.Көркем жазу Рр Рр Рр Рауғаш. 386-жаттығу көшір, зат есімді тап, Абайдың қандай өлеңін білесің айт. Өз бетінше 387-жаттығу кім? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жаз.388-жаттығу сөйлем құр талда, дәлелде

Үйге тапсырма:390 жаттығу,бағалау.
88. Тақырыбы: Жалқы және жалпы есім (391-395 жаттығулар)

Мақсаты: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру.

Міндеттері: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру. Сұрақ қоя білуге үйрету.

Сөздік қорларын молайту.

Ұқыпты, көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кестелер, үслетірмелер

Әдісі. Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:390- жаттығу.Оқу, талдау.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Зат есім деген не?Сұрақтары?Тест алу.

1. зат есімді тап а/қызыл, ә/ терезе б /бес

2. кім? Сұрағына жауап беретін сөзді тап а/ бор ә/ ұста б/ білім

3. жұрнақ жалғанған сөзді тап а/ оқушы ә/ үйге б/ терек



ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Жалпы және жалқы есім

Ү. Жаңа сабақ: 391 – жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу. Адам аты қандай әріптен бастап жазылған. Назар аудару.Ережені меңгерту.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 392-жаттығу жазу, кісі, жер-су аттарын астын сыз. Олар қалай жазылған? 393-жаттығу өз бетінше орындау.

ҮІІ. Бекіту: Бүгін не білдік? Жалқы есім деген не? Мысалдар келтіру. 394-жаттығу дәлелде. Үлестірмелермен жұмыс.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:395 жаттығу.Бағалау.
89. Тақырыбы: Жалқы және жалпы есім. (396-399 жаттығу)

Мақсаты: Жалпы және жалқы есім туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Жаттығулар орындай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту.Ұқыпты, көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрн: үлестірмелер

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:395- жаттығу.Оқу, талдау

ІҮ. Білімдерін тексеру: Терме диктант.Зат есім деген не? Сұрақтары? Жалқы есім деген ? Көркем жазу

Тт Тт Тт торсық 396-жаттығу көшіріп,жалқы есімдерді тап.



ҮІІ.Бекіту: 397-жаттығу жалқы есімдерді теріп жаз, қалған сөздер жайлы не айтасың? Жазылуын түсіндір. 398-жаттығу ребусты шеш, қатыстырып сөйлем құр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:399-жаттығу.Бағалау
90.Тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі. (400-405 жаттығулар)

Мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрі туралы түсінік беру.

Міндеттері: Жаттығулар орындай отырып зат есімнің жекеше және көпше түріне түсінік беру. Сөздік қорларын молайту.Ұқыпты, көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелер

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 399-жаттығу

ІІІ. Білімдерін тексеру: Зат есім дегеніміз не? Жалқы есім дегеніміз не? Жалпы есім ше?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 400-жаттығу. Суреттерге талдау, әр суреттегі заттардың саны. Айырмашылығы. 401-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің астын сызу. Ережені меңгерту.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру. 402-жаттығу. Сөздерге көптік жалғауын жалғап жазу. 404-жаттығу сөздер тауып жазып, дәлелде.

ҮІІ. Бекіту : Бүгін не білдік? Зат есімнің түрі?Сұрақтары? Көптік жалғауларды ата. 403-жаттығу ребусты шеш, сөйлем құр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 405-жаттығу,бағалау
91. Тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып зат есімнің жекеше және көпше түрі туралы түсініктерін пысықтау. Сөздік қорларын молайту.Ұқыпты, көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелер

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 405-жаттығу

ІҮ. Білімдерін тексеру: Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің сұрақтары Жалқы есім деген не? Көптік жалғаулары? Көркем жазу. Үү Үү Үү үкі 406-жаттығу оқы, зат есімдерді тап. 407-жаттығу берілген сөздерге кімдер? нелер? сұрағына жауап беру үшін қандай өзгеріске ұшырайды деп ойлайсың? Ережені меңгерту. Өз бетінше 408-жаттығуды орындау.

ҮІІ Бекіту: ҮІІІ. Үйге тапсырма: 408-жаттығу.Бағалау.

92. Тақырыбы: Зат есім туралы түсінікті пысықтау



Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып зат есім туралы алған білімдерін пысықтау.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелер, арнайы суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 408- жаттығу

ІҮ. Білімдерін тексеру:а/ көркем жазу. Өө Өө Өө. Сөздік диктант. 409-жаттығу кімдер? нелер? 410-жаттығу мәтінді оқы. Неше бөліктен тұратынын анықта, олар қалай жазылатынын айт. Екінші бөлігін көшіріп жазу.Зат есмідерге талдау жасау./Мәтін деген не?, мәтіннің түрлері/

Сабақты қорыту: шығармашылық жұмыс: (Кім?) балаларды оқытады. ( Не?) жапалақтап жауады. (Кім?) сурет салады. ( Не?) мөңірейді. Үйді (кімдер?) салады.(Кім?) егін егеді. (Кім?) балаларды емдейді.

Керекті сөздер: сиыр, дәрігер, қар, мұғалім, құрылысшылар, суретші, егінші.

Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып жаздыру.

Ү. Үйге тапсырма:1. ережелерді жаттау. бағалау.
93. Тақырыбы: Етістік (412-417 жаттығулар)

Мақсаты:Жаттығулар орындай отырып, етістік жайлы түсінік беружәне оны таба білуге үйрету.Тілін сөздік қорларын дамыту.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, арнайы суреттер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Етістік

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. а/ 412- жаттығу. Сурет бойынша балалардың, әженің не істеп жатқанын білдірентін қимыл атауын айту. Олар қандай сұраққа жауап беретінін айту. ә/ 413- жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздердің қандай сұраққа жауап беретінін айту. Өз бетінше 414-жаттығу. Күледі – қайтеді? 415-жаттығу сөйлем құру.Сергіту сәті.

ІҮ. Қорыту.Бүгін не өттік?Етістік деген не?Сұрақтары? 416-жаттығу дәлелдеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 417-жаттығу,бағалау.
94. Тақырыбы: Етістік . (418-422 жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, етістіктерді тауып, оларға сұрақ қоя білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, арнайы суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 417-жаттығу

ІҮ. Білімдерін тексеру: Етістік дегеніміз не? Мысалдар келтіру. Көркем жазу. а/ 418-жаттығу. Көшіріп жазу. Етістікті табу. Байланысын табу. ә/ 420-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Зат есімнің, етістіктің астын сызу.

б/ Сергіту сәті. в/ 421-жаттығу. Ұйқасын тап.



Ү.Қорыту.Бүгін не білдік?Етістік деген не?Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

ҮІ. Үйге тапсырма: 422-жаттығу.Бағалау.

95. Тақырыбы: Етістіктің зат есіммен байлынысы. (423-425 жаттығу)



Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, етістіктерді тауып, оларға дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.Тілін сөздік қорларын дамыту.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 422-жаттығу

ІҮ. Білімдерін тексеру. Оқулықпен жұмыс. а/ 423-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқы, етістіктерді тап, етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. 424- жаттығу өзгертіп жаз .(көрді- көреді, ...) Сергіту сәті. Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.Үйдің төбесінде бір мая шөп тұр.Тауық маядан шықты

Ол маяға ұя салыпты.Жүсіп үйдің төбесіне шықты.Ол ұядан жұмыртқа алды.



Ү.Бекіту.Етістік дегеніміз не?Етістіктің сұрақтары?Мысалдар келтіру.

ҮІ. Үйге тапсырма: 425-жаттығу,бағалау.
96. Тақырыбы: Етістіктің зат есіммен байланысы. (426-432-жаттығу)

Мақсаты:Жаттығулар орындай отырып, етістіктерді тауып, оларға дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.

Тілін сөздік қорларын дамыту

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:

. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 425-жаттығу

ІҮ. Өткенді пысықтау: Оқулықпен жұмыс.

а/ 426-жаттығу. Жұмбақты оқып, етістіктің не үшін керек екенін салыстыру арқылы түсіндір. ә/ топқа бөлініп:

1) 427-жаттығу мәтін құр. 2) 428-жаттығу етістікті тап, 3) 429-жаттығу көшіріп жаз.

б/Сергіту сәті. 430-жаттығу ребус шеш, сөйлем құр.



Ү. Қорыту. Бүгін не білдік? 431-жаттығу артық сөзді тап.

ҮІ. Үйге тапсырма: 432-жаттығу,бағалау
97. Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. (433-437 жаттығулар)

Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру.

Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету.

Тілін сөздік қорларын дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: оқулық, түрлі- түсті суреттер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 432-жаттығу

ІІІ. Өткенді пысықтау: Етістік деген не? Сұрақтары? Мысалдар келтіру.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Дара және күрделі етістік

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 433-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістердің астын сыз. Оларды өзара салыстыру. Не байқадың?

434-жаттығу күрделі етістікке айналдырып жаз.

Үлгі: Дара етістік Күрделі етістік

ұшты ұшып барады



... ...

Ережені оқу. Хормен оқу, талдау.



ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 435- жаттығу. Сөйлем құр,олардың қайсысы дара және күрделі етістік екенін айт. 436-жаттығу. Дара мен күрделі етістіктерді салыстырып, дәлелде, мағына ерекшеліктерін байқа.

ҮІІ. Бекіту.Дара етістік деген не?Күрделі етістік дегеніміз не?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:437-жаттығу,бағалау.

98. Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер (438-442-жаттығулар)



Мақсаты: Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету.Тілін сөздік қорларын дамыту.Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 437-жаттығу. Оқу, талдау.

ІҮ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу. а/ 439-жаттығу.Әңгімені оқу, етістіктерді қандай етістік екенін айту, әңгіменің мазмұнын айту. ә/ 438-жаттығу жұмбақты көшіріп жазу. Етістіктерді табу. б/ 440-жаттығу суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құр, сөйлем құра.(құйып жүр)

Ү. Бекіту:етістіктерді табу. 441-жаттығу салыстыр, түсіндір.

Оқыды –оқи бастады, оқып отыр, оқып болды.



ҮІ. Үйге тапсырма: 442-жаттығу « Сенбілік»,бағалау.
99 (1). Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. (443-452 жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, зат есім мен етістіктерді ажырата білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Дара және күрделі етістіктер

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:442-жаттығу.

ІҮ. Білімдерін тексеру: 443-жаттығу мәтінді оқу, етістіктерді табу, салыстыру. 444-жаттығу жатқа жаз. 445-жаттығу сөйлем құру. Күн күркіреді. Жаңбыр сіркіреді. Найзағай жарқылдады. Топқа бөлініп: 1)446,449-жаттығу 2) 447,450-жаттығу 3) 448,451-жаттығу. Ү. Бекіту: Етістік дегеніміз не? Дара етістік дегеніміз не? Күрделі етістікке сөйлем құрау.

ҮІ. Үйге тапсырма:1. 452-жаттығу 2. бағалау.
100(2) Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. (453-457 жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, зат есім мен етістіктерді ажырата білуге баулу.

Тілін, сөздік қорларын дамыту.

Төрт түлікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Дара және күрделі етістіктер

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:452-жаттығу.

ІҮ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу.

453-жаттығу мәтінді оқу, етістіктерді табу,

454-жаттығу сөзді тап. (демалады, жүреді, ұйықтайды...)

Ү. Бекіту: Етістік дегеніміз не?

Дара етістік дегеніміз не?

Күрделі етістікке сөйлем құрау.

Өздік жұмыс:

1.Көктем ... . 2.Қар ... . 3. Жер .. . 4.Жаңбыр ... .5.Найзағай ... . 6.Құстар туған жерге ... . 7.Арықтарда су ... . 8.Ағаштар ... .

Көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жазу.

ҮІ. Үйге тапсырма:1). 455-жаттығу 2). бағалау.

101 (1). Тақырыбы: Бақылау диктанты. «Сағыныш»



Мақсаты: Бақылау диктантын жаздыра отырып, оқушы білімін тексеру

Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы

Әдісі: түсындыру, өзіндік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Диктант Сағыныш

ІІІ.Білімдерін тексеру:Диктант тақырыбын тақтаға жазу.Ережелерді еске түсіру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
Сағыныш

Бірде апама еріп қалаға бардым. Қала маған қатты ұнады. Театрға,

саябаққа бардық. Бір апта солай өтті. Мен енді ауылды сағына бастадым. Ауылғы келдім. Мұнда маған бәрі ыстық боп көрінді. Достарыммен құшақтасып көрістім. Мен үшін туған ауылым – ең ыстық мекенім. ( 39сөз)

Тапсырма:



  1. 1-2 сөйлемінде етістіктің астын сыз.

2. «Туған ауылым» дауыссыз дыбыстарды тап.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.

102/2/ Тақырыбы: Қатемен жұмыс



Мақсаты: Диктантты талдау. Оқушылардың жазған бақылау диктанттарын талдау. Қатемен жұмыс жүргізу.Сауатын білімін дамыту. Ұқыпты , таза жазуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Қатемен жұмыс.

ІІІ. Білімдерін тексеру1.өткенді еске түсіру.2.ережелерді еске түсіру.3.дәптерлерін тарату.Тақтамен жұмыс.Оқушыларға жіберген қателерін талдату., тақтаға жазу.Тақтаға қиын сөздерді жазғызу. Диктанттар жинағымен жұмыс.

ІҮ.Қорыту.Бағалау.

Ү.Үйге тапсырма:қайталау.
103 Тақырыбы: Етістіктерді қайталау.

Мақсаты: Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету.

Тілін, сөздік қорын дамыту.

Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 455-жаттығу. Оқу, талдау.

ІҮ. Білімдерін тексеру:

Көркем жазу. а/456-жаттығу талда, Төле би туралы айт..



Ү. Бекіту:етістіктерді табу.

457-жаттығу ребусты шеш, « Бірлік түбі - тірлік» әңгіме құру.

Қорыту: Етістік дегеніміз не?

Дара етістік дегеніміз не?

Күрделі етістікке сөйлем құру.

ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

104.Тақырыбы:Етістіктерді қайталау сөйлеу мәдениеті.(Терме диктант)



Мақсаты: Етістіктерді тауып. ажырата білуге үйрету. Тілін, сөздік қорын дамыту. Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Етістік деген не? Сұрақтары? Мысалдар келтіру.

ІҮ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу. Терме диктант:

Қараторғай мен бұлбұл.

(Мысал)

Қараторғай оқитын сыныпқа бір күні Бұлбұл келіп қосылды. Бұлбұлды енді бүкіл сынып мақтады. Концерт қойса, Бұлбұл ән салады. Жиында Бұлбұл сөйлейді. Басқа мектептен біреулер келсе, Бұлбұлды құттықтайды. Жарыстарға Бұлбұл барады. Газет бетінен Бұлбұл түспейді. Қараторғай сабағын ғана білді. Тоқсан аяқталды. Оқу қорытындысы шықты. Жұрт Бұлбұлдың сырын сонда ұқты. Ол сабағын мүлде қойған еді. Көпшілік назары Қараторғайға ауды.



(С.Сарғасқаев)

Етістіктерді теріп жаздыру. Қорыту: Етістік дегеніміз не? Дара етістік дегеніміз не? Күрделі етістікке сөйлем құру.

ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

105. Тақырыбы: Сын есім (369-373-жаттығулар)



Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып сын есім туралы түсінік беру, сын есімді таба білуге үйрету.

Тілін, сөздік қорларын дамыту

Ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер бойынша

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет