3-тапсырма. Ұқсас сөйлем құрастыр.
Д оп
Қызыл доп
Қызыл доп алдым
Мен қызыл доп алдым
4-тапсырма. Жақшаны ашып қазақ тіліне аударып сөйле.
Менің (красный) добым бар.
Менің (синий) шелегім бар.
Менің (жёлтый) шарым бар.
ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая.
8-сабақ. Үзіліс
Сөздік
Үзіліс – перемена
Шықты – вышли
Қоңырау соғылды – зазвенел звонок.
1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Үзіліс
Бұл біздің сынып. Ол бірінші қабатта. Сыныпта үстел, парталар, орындықтар, тақта бар. Қазір қазақ тілі сабағы. Қоңырау соғылды. Сабақ аяқталды. Балалар үзіліске шықты.
2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
-Сынып нешінші қабатта?
-Сыныпта не бар?
-Қазір қандай сабақ?
-Балалар қайда шықты?
3 – тапсырма. Сөйлемдерді жаз.
Біздің сынып .... қабатта. Терезеде .... тұр.
Оқушылар .... шықты.
Керекті сөздер: гүл, үзіліске, бірінші.
9-сабақ. Жүр асханаға кеттік
Сөздік
Жүр, кеттік – пошли
Сорпа – бульон
Шырын – сок
1 – тапсырма. Мәнерлеп оқы.
Асхана
Мынау – асхана. Біз асханаға келдік. Орындықтарға отырдық. Мен сорпа, нан, шырын сатып алдым. Марат ботқа нан, сүт сатып алды. Сүт пайдалы тағам.
2 – тапсырма. Асханада қандай тамақтар бар? Сөйлесуді аяқта.
Мынау не? – Бұл ....
Ол қандай? – Ол таза, .....
Нешінші қабатта? .... қабатта
Асханада қандай тамақтар бар?
Асханада ...., ..., ..., ..., бар.
10-сабақ. Ас дәмді болсын!
Сөздік
Пышақ - нож
Қасық - ложка
Шанышқы - вилка
Ботқа - каша
Жу - мой, помой
1 – тапсырма.
Асханада
Мынау асхана. Бұл біздің асхана. Асханада үстел, орындықтар бар.
Үстелде пышақ, қасық, шанышқы жатыр. Мен ботқа жедім.
2 – тапсырма. Оқы, есіңе сақта.
Ас ішер алдында қолыңды жу.
Перед едой помой руки.
3 - тапсырма. Өлеңді оқы.
Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп,
Апам ылғи жүреді,
Жадырайды, күледі.
Он жетіге толамын
Мен де аспаз боламын.
11-сабақ. Мен сүт ішемін
Сөздік
Ішемін - пью
Жеймін – кушаю, ем.
Тұз –соль
1 – тапсырма. Сөйлесу.
-Бұл не?
- Бұл –азық-түліктер.
- Қандай азық-түліктер.
- Нан, май, шай, сүт.
- Оларды қайда сатады?
- Оларды дүкенде сатады.
- Сен не сатып аласың?
- Май, нан, кәмпит сатып аламын.
2– тапсырма. Сөйлеп үйрен.
Мынау – сүт. Мынау кәмпит.
Мен сүт ішемін. Мен кәмпит жеймін.
Мен сүтті жақсы көремін. Мен кәмпитті жақсы көремін.
3 – тапсырма. Оқы ойлап.
Жұмбақ.
Өзі ащы,
Бірақ,
дәмді етер асты.
12-сабақ. Қалада
Сөздік
кең – широки
алаң – площадь
ескерткіш – памятник
саябақта – в парке
көше – улица
1-тапсырма. Сөйлемдерді оқы, түсін.
Біз Павлодар қаласында тұрамыз. Павлодар – үлкен қала. Көшелері кең. Қалада алаңдар, ескерткіштер, кинотеатрлар, саябақтар бар. Біз қаламызды жақсы көреміз.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
- Сен қай қалада тұрасың?
- Қала қандай?
- Қалада не бар?
3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, жаз.
Павлодарда (3) кинотеатр бар. Қалада (42) мектеп бар. Бізде (2) университет және (1) инстутит бар.
4-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастыр.
Үлкен қала
Кең көше
Әдемі алаң
Көрікті ескерткіш
Достарыңызбен бөлісу: |