Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет170/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Спортшы. (2-тоқсан 4-тарау)
63-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын
анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау
4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау

Лексикалық минимум

Спортшы, жанкүйер, бапкер, түр

Алдыңғы білім

Мен дәрігер боламын

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Оқулықта берілген алғашқы екі тапсырма да ұйымдастыру бөліміне кетеді. Алғашқы өлең оқу арқылы оқушыларға сабақ тақырыбы хабарланады, одан кейінгі тапсырма тақырып аясында оқушылардың не білетінін бағамдау немесе білімдерін жаңғырту мақсатында берілген.
«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жұмбақ жасырылады. Оқушылар жұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.
«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада топтық жұмыс жасайды. Оқушыларға талқылау үшін сұрақтар беріледі:

  1. Саған қандай спорт түрі ұнайды?

  2. Қандай қазақстандық спортшылар ұнайды?

  3. Қазақстанда қандай спорт түрлері жақсы дамыған?

  4. Спортшыларды жаттықтыратын адамды не дейді? Ол қандай қызмет атқарады?

  5. Спортта төреші қандай қызмет атқарады?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, қолдау көрсетіп, кері байланыс орнатады.

7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

Негізгі бөлім

«Жаңа сөз үйренейік». Бұл сонымен қатар тыңдалым алды тапсырмасы да бола алады.
Оқушыларға спортқа қатысты суреттер ұсынылады. Мысалы: доп, теннис, қолғап, шиыршық, сондай-ақ, биіктікке секіруші адам, доп теуіп тұрған бала, теннис ойнап жатқан адам, мәнерлеп сырғанап келе жатқан қыз, шаңғы теуіп келе жатқан кісі, гір тасын көтеруші, жүгіріп келе жатқан адам т.б. және осыларға бағыт беріп тұрған, қолын көтеріп тұрған адамның суреті. Оқушылармен осы адамдардың кімдер екендері жайлы әңгімелесіп, тренер туралы түсіндіру немесе спорт сөзіне ассоциативті қатар құрғызу.

5 мин

топпен жұмыс

Суреттер
Оқулық

«Талдайық» айдарымен ұсынылған тапсырма бойынша берілген мәтінді тыңдайды, бос орынға сөз тіркестерін қояды.
Тыңдалым мәтіннің толық нұсқасы:


Бүгін өте қызық түс көрдім. Түсімде шаңғы теуіп келе жатырмын. Айнала тау, күн ашық екен. Шаңғым тоқтамай, сырғып келе жатыр. Құласам не болады деп ойлап келе жатырмын. Бірақ межеге жету керек, мен мықтымын деп өзіме-өзім айтып келе жатырмын. Бір кезде межеге бірінші болып жеттім. Сендер мені құттықтап жатырсыңдар. Керемет сезім! Барлық сынып жанкүйер болып айғайлап жатырсыңдар. Мен сол кезде болашақта спортшы боламын деп шештім.
Тыңдап болғаннан кейін тереңдету тапсырмасын беру керек. Мәселен құттықтап жатқан кімдер – жанкүйерлер, ойлап келе жатқан кім? – ол спортшы, шаңғышы дегендей нақтылау, грамматикаға жетелеу (оқушылар байқаусыз қолданады грамматиканы, бұл жерде кейін есте сақтауға келгенде мұғалім оқушыларға грамматикалық білім береді).
Осы тапсырманы орындау барысында бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну мақсаты
жүзеге асырылады.

10 мин

Мұғалім-сынып

Кесте
аудиодиск суреттер




«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге етістіктің осы шақ формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Оқушыларды мәтін бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы етістіктің шақ формаларын дұрыс жалғап айтуға жаттықтыруға болады. Мәселен, сөздерді үлгіге қарап өзгерт. Үлгі: құлау-құла-п жатыр-мын
Осы тапсырманы орындау барысында өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану мақсаты жүзеге асырылады.

8 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық


«Ойнайық» айдарының тапсырмасында мұғалім оқушыларға «Текше»
ойынын ойнатады. Мұғалім немесе әр топтан бір оқушы текшені
шиырады. Текше оқулықта берілген суреттің біріне түседі, ол суретке қатысты оқушы грамматикалық білімін қолданып сөйлем құрап айтады.

6 мин

жеке жұмыс

Оқулық дәптер кесте


Мұғалім сабақтың соңында оқушылармен бірлесіп, кері байланыс орнатады. Сабақтың қалай өткенін бағалайды, балалардың өз әрекеттерінің қалай жүзеге асқанын бағалатады. Мұндай жұмыс түрлері алдағы жоспар құруда маңызды рөл атқарады. Күрделі мәселелерді шешуге бастама болады, мұғалім мен оқушылардың өсуіне жетелейді.

4 мин

Сынып-мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет