Сабақтың тақырыбы
|
Мен дәрігер боламын. (2-тоқсан 4-тарау). 62-сабақ
|
Дағды
|
Тыңдалым және айтылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру
4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын
ауызша/жазбаша тілде қолдану
|
Лексикалық минимум
|
Ісіп кету, тамақты шаю, тамағым ауырады, құлағым шулайды, басым айналады
|
Алдыңғы білім
|
Киім дүкенінде
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Оқушылaрдың caбaққa дaйындығын текcеру. Көтерiңкi көңiл күй oрнaту үшiн «Көңіл күйім» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Кабинеттің төрт бұрышына смайликтер жапсырылады. Смайликтер түрлі көңіл күйді бейнелейді. Оқушылар өз көңіл күйіне сәйкес келетін смайликтің жанына барады.
«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Суреттер Оқулық
|
сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа
|
|
сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Қимыл, ым-ишара»
|
|
арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, сөз тіркестерін, сөйлемдер
|
|
құрастырады.
|
|
Жаңа сөздер: ісіп кету, тамақты шаю, тамағым ауырады, құлағым шулайды,
|
|
басым айналады
|
|
Негізгі бөлім
|
«Ойланайық» айдарымен ұсынылған тапсырма
Берілген тапсырма оқушылардың өлең шумақтарын түсініп оқуға негізделген. Мұғалім оқулықта берілген өлеңді сынып болып дауыстап бір мезетте оқуды тапсырады. Бір рет оқығаннан кейін өлең мазмұнын қаншалықты түсінгендерін жұппен талқылауды сұрайды. Әр жұп талқылау жүргізіп, пікірлерін ортаға салады. Мұғалім өлең мазмұнына сай оқушылардың жауап беруі үшін қолдау болатындай сұрақтар құрастырады:
Мысалы, қандай дәрігерлерді білесің?
|
7 мин
|
Топпен жұмыс
|
Суреттер
Оқулық
|
«Сен білесің бе?» айдарында оқушылар дәрігерлерге қажетті құралдардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар қай құралды білетінінң немесе білмейтіні туралы айтады, мұғалім бұл құралдардың не үшін керек екенін түсіндіреді.
|
|
|
|
|
«Тыңдайық және жауап берейік». Берілген тапсырма тыңдалым дағдысын жетілдіруге арналған. Сөздерді қайталау арқылы есте сақтау дағдысын жетілдіреді. Оқушылар оқулықтағы сөйлемдерді оқиды. Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша келесі тапсырмамәтінді тыңдайды. Тыңдаған мәтіндері бойынша оқулықта берілген сөйлемдердің иелерін анықтайды. Сұраққа жауап береді. Диалогті тағы да тыңдап және кестедегі үлгімен сәйкестендіреді.
Жауаптарды көрсету үшін оқушылар стикерді қолданады.
Тыңдалым мәтіні:
Тыңда және жауап бер. Диалогті тыңда. Сәйкестендір.
Дания: Апай, Айжан ауырып отыр. Мұғалім: Айжан, қай жерің ауырып тұр?
Айжан: Апай, менің тамағым, мұрным, басым ауырып тұр. Мұғалім: Дәрігерге бару керек. Құралдарыңды жина.
Ләйлім: Апай, Нұрым да ауырып отыр.
Мұғалім: Оған не болды екен (мейірлене айтады). Нұрым, айта ғой, қай жерің ауырып тұр?
Нұрым: Апай, ішім ауырып тұр. Құсқым келеді. Ләйлім: Нұрым, сыныптан тез шық енді.
Мұғалім: Дания, сен неге жазбай отырсың?
Дания: Мұғалім, мен тақтадағы жазуды көрмей отырмын. Мұғалім: Келе ғой, алға көш. Сабақтан кейін сен де дәрігерге бар.
Осы тапсырманы орындау арқылы тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2- 2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру
мақсаты жүзеге асырылады.
|
7 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Кесте
аудиодиск суреттер
|
«Сөйлесейік» тапсырмасы негізінде оқушылар аурудың белгілерін анықтай отырып, кестені пайдаланып, жұптарымен диалогке түсе алады. Тапсырманы жұппен рөлдік ойын ретінде орындай алады. Балалар қандай
дәрігерге барады? Мысалы, Айжан көз дәрігеріне барады.
|
7 мин
|
Мұғалім- сынып
|
Оқулық кесте
|
«Оқиық» айдарымен ұсынылған тапсырма «Рөлдік ойын» әдісі арқылы оқушылар берілген кейіпкерлердің эмоционалдық жақтарын көрсете отырып, рөлдер арқылы сахналап ойнайды. Оқушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі,
жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді).
Мұғалім рөлді өзі бөледі. Бұл әдістің артықшылығы сол – әрбір оқушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, тақырып бойынша дұрыс сөйлеуге ынталанады. Кейіпкерлер: көз дәрігері, терапевт, құлақ, тамақ дәрігері
«Оқиық және жауап берейік» айдары арқылы мұғалім ( «Болжау» стратегиясын қолданып) оқулықта берілген сұрақтарды көршісімен
бірге талқылайды. «Дәрігер сені қалай емдейді?» деген сұраққа жауап береді. Мен ауырсам, дәрігерді үйге шақырамын. Ол мені емдейді.
Мысалы, менің басым ауырса ...
Мұғалім ауызша комментарий береді: «Жақсы! Тамаша! Керемет!
|
7-8 мин
|
жеке жұмыс
|
Оқулық дәптер кесте
|
|
Соңғы тапсырма «Жазайық» айдарымен ұсынылады. Оқушы өзіне берілген жазылым үлгісімен оқып танысады, одан әрі өрбітіп жазады. Оқушының жазылым жұмысын оңай орындауына сабақтың алғашқы басқыштары арқау болады. Бұл тапсырманы ауызша орындатуға да
болады. Бұл – мұғалімнің өз таңдауына орай жүзеге асатын тапсырма.
|
4 мин
|
|
Оқулық дәптер
|
Мұғалім сабақтың мазмұнына орай сабаққа көңілдері толса дәрумен суретін, толмаса қызу өлшегіш құралды көрсетулеріне болады.
|
2 мин
|
Сынып- мұғалім
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |