Тілдік міндеттер
|
Былтыр, тағы, табиғат оянады, жылғалардан су ағады
|
Алдыңғы білім
|
Халықтық болжам
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға көктем мезгіліне байланысты суреттер көрсетіледі. Мұғалім «миға шабуыл» ретінде оқушыларға сұрақ қояды: «Бұл қай мезгіл? Табиғаттағы қандай өзгерістерді байқадыңдар?» Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мұғалім оқушыларға тақырыпты болжатады. Мұғалім сабақтың тақырыбын және мақсатын айтады. Сондай-ақ оқулықтағы
«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада берілген сөйлемдерді оқушылар оқып шығады. Берілген сөйлемдердің көктем мезгіліне қатысты екендігін айтады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды. Мадақтау сөздерімен бағалайды.
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға суреттер арқылы жаңа сөздерді меңгертеді. Сөз тіркестері мен сөйлемдер
құрайды.
|
7 мин
|
Мұғалім-сынып
|
|
Негізгі бөлім
|
«Сөйлесейік» айдарында оқушыларға жұпта талқылау үшін сұрақтар беріледі. Оқушылар жұптасып сұрақтарға жауап береді, талқылайды.
Тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға негізделген.
Саған көктем мезгілі несімен ұнайды?
Көктем кезінде табиғат қалай өзгереді?
Көктем мезгілінде қараңғы ерте түсе ме?
Табиғаттың оянғанын қайдан білеміз?
Көктемде қар неліктен тез ериді?
Ең алғаш шығатын гүлді қалай атаймыз?
Мұғалім оқушылардың сөйлесімін тыңдайды. Кері байланыс орнатады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай және құрмалас сөйлем
құрастыру мақсатын жүзеге асырады.
|
8 мин
|
Жұптық жұмыс
|
|
|
«Тыңдайық» айдарында оқушылар Бота Бисенованың «Көктем келді» әнін 2 рет тыңдайды. Әнді тыңдамас бұрын мұғалім оқушыларға мұқият тыңдау керектігі туралы кеңес береді. Оқушылар әңді тыңдап болған соң, өлеңнің сөзі бойынша түсіп қалған сөздерді толықтырады, оқиды. Тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма топта орындалады. Әр оқушыға әннің сөздері таратылады. Оқушылар мұғаліммен бірге әнді орындайды. Бұл тапсырма оқушыларды сергітіп, көңіл күйлерін көтеруге ықпал етеді.
Тыңдалым мәтіні:
Әнді тыңда, толықтыр. (Дайын әнді салу. Соны тыңдап бос орындарды толтырады)
Көктем келді
|
Достарыңызбен бөлісу: |