Көктем келді, көктем келді сағына, Бүршік атты алмаағаштар бағымда. Біздің үйге ұя салды, алақай!
Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.
Дала гүлге оранады, Түрлі түске боянады.
Нұрлы көктем келген кезде
Табиғат та оянады.
Көктем келді, көктем келді далама, Қуанып жүр ата-ана да, бала да.
Қар-мұз еріп, жылғалардан су ағып,
Үйрек-қаздар жайылып жүр жағада.
10 мин
Топтық жұмыс
Тыңдалым материалы.
«Көктем келді» әнінің сөзі
жазылған парақшалар
Аудиодиск
Оқушылар тыңдалым соңында тапсырманы жазбаша орындайды.
«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар
өлеңді қайталап тыңдап, болып кеткен іс-әрекетті және енді болатын іс-әрекетті білдіретін сөздерді табады, кестені толтырады.
Тапсырманы жұпта орындайды
Үлгі:Көктем келді. Дала гүлге оранады. ... ...
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану мақсатын жүзеге асырады.
5 мин
Жұптық жұмыс
Кесте
Қорытынды бөлім
«Жаттығайық»айдарында оқушылар септік жалғауларын қайталау мақсатында сөздерге септік жалғауларын дұрыс жалғап жазулары керек. Әр топқа бірнеше сөйлемдер беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, ортаға шығып сөйлемдерін оқиды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс орнатады.
Дала гүл... оранады.
Көктем... күн ұзарады.
Қаз бен үйректер өзен жағасы... жайылады.
Қардың асты... алғашқы бәйшешектер өсіп шығады.
Көктемде жылы жақ... құстар ұшып келеді.
Бұл кезде күн... нұры жерге көп түседі.
Ағаштар... бүршіктерінен жапырақ өсіп шығады.
Қыстағы қар еріп, жылғалар... су ағады.
Бақ... көшеттер отырғызамыз.
Көктемде қарлығаш... күтеміз.
Алмаағаш... гүлдері ақ болады.
Біз көктем... сағынамыз.
Аспан... үнемі ақ бұлттар жүзеді.
Дала... жасыл кілем төселеді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар
көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану мақсатын жүзеге асырады.
5 мин
Топтық жұмыс
«Жазайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушыларға әр абзацты жалғастырып, көктем мезгілін сипаттайды.