Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет244/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Пайдалы өсімдіктер. (3-тоқсан, 6-тарау). 92-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім
бойынша, ... оның пікірінше, ... ,оның айтуынша, ..., кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып бағалау
4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтел, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелер), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

Жаңа сөздер

Жусан, сексеуіл, қоға, алабота, жою

Алдыңғы білім

Емен ағашы

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабаққа адам өміріне пайдаға жарайтын өсімдіктер мен
ағаштардың суретін алып келеді. Егер қолда бар заттар болса, оларды неден жасағанын анықтатуға болады. Мұндағы мақсат – табиғаттағы өсімдіктердің барлығының қандай да бір пайдасы болатынын сөз ету.

5 мин

Мұғалім- сынып




Негізгі бөлім

Мұғалім оқушыларға сурет арқылы жаңа сөздерді таныстырады. Мектептің
жаратылыстану, дүниетану пәндеріне қатысты гербарийлері болып жатса, оқушыларға көрсету арқылы Есіне сақтату жөн болады.
«Жаңа сөз үйренейік» – оқушылар суреттер арқылы жаңа сөздерді меңгереді.

5 мин

Топпен




«Оқиық» айдарымен оқушыларға оқылым тапсырмасы ұсынылады.
Оқушыларға ертегіні оқытуда мұғалім өзі басшылық етеді. Сынып оқушыларының тізбектеле оқуын ұйымдастырып, мәтін мазмұнын игертуге болады. Болмаса оқушылардың аса жоғары қабілетті болуын ескеріп, болжап оқу стратегиясын қолданып оқытуды жүзеге асыру да оңтайлы болып табылады. Оқылым барысында оқушылар қандай да бір сөздер мен тілдік құрылымдарды түсінбей қалмауы үшін мұғалім алдын ала түсініктеме беріп кетуіне болады. Мәтін бойында кездесетін сөздер мен грамматикалық құрылымдардың дені оқушылар үшін әбден таныс. Алайда қайталатып, санада жаңғыртудың еш артықтығы болмайды. Осы оқылым
барысында мұғалім оқушыларға мәтіннің жанры туралы сөз етеді. Ертегі туралы түсінік қалыптастырады. 4.3.3.1 оқу мақсаты жүзеге асады.

10 мин

Мұғалім-сынып

Оқылым

Оқулықтың «Оқиық және жауап берейік» тапсырмасы оқушылардың
оқыған мәтіндерін қаншалықты түсіне алғандықтарынан хабар береді. Бұл тапсырманы да түрлі бағытта түрлендіруге, тереңдетіп ұсынуға болады. Мысалы, мәтіннің бір бөлігін ғана таңдап алып, диалогке түсулерін ұйымдастыруға болады. Бұл тұста жаттанды емес мағынаны еркін жеткізе білуге ұмтылыс жасату да тиімді амал болып табылады.
Бұнда оқушылар арнайы «Балмұздақ таяқшаларына» сынып оқушыларының есімдерін алдын ала жазып, солардың бірін таңдап сұрау әдісін оздыра алады.

7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық




Оқулықтағы келесі тапсырма реттік сан есім туралы білімді игертуге бағытталған. «Есте сақтайық» деп берілген тапсырмада заттардың орналасу ретіне орай сандарды өзгертіп қолдануды оқушылар практикалық жаттығу арқылы үйренеді. Оқушылар үлгі ретінде ұсынылған жаттығуларды мұғалімнің қолдауымен орындап болған соң да пысықтау жаттығуларын
мұғалім тағы да ұсына алады.

8 мин







Қор. бөлім

Мұғалім өткізілген сабақты қорытындылап, нүктесін қою үшін «Ғажайып алаң» ойынын ұйымдастыра алады. Оқушылар ойынға қатыса отырып, сабақ барысында игерген бар білімін қолданысқа жаратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет