Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет319/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Оқы және жауап берейік» тапсырмасы бойынша мәтіндегі үй туралы қандай ақпарат саған айрықша ұнады? Мәтіннің ұнаған тұсын оқып бер – деген сұрақтарға оқушыларды тарту арқылы неліктен мәтін ақылды үй аталғанын мұғалім түсіндіріп кетеді. Себебі:
Үлгі: Әр қабаттағы балкон үлкен алаңға ұқсас. Бұған ашық алаңқайға ұшатын көліктер келіп қонады. Бұнда әр тұс ескерілген. Сондықтан ақылды үй деп аталады.
Мұғалім оқушылардан материалды түсінгенін немесе түсінбегенін (мұғалім қандай да болмасын ұғым, ұстаным, үдеріс туралы түсіндіру барысында және т.б.) білдіретін белгіні көрсетуін сұрайды.
Мұғалім оқушылармен бұл белгілерді қолдану туралы алдын ала келісіп алуы тиіс:

  • Мен түсінемін және түсіндіре аламын (қолдың үлкен саусағы жоғары бағытталған)

  • Мен әлі де түсінбей отырмын (қолдың үлкен саусағы

жанға қарай бағытталған)

  • Мен сенімді емеспін (қолды бұлғау)

Мұғалім белгілерге қарап, әр топтың оқушыларынан сұрайды. Алынған жауаптардың қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайталап оқыту, бекіту немесе бағдарлама бойынша материалды қайта оқытуды жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Өте жақсы!»,
«Жақсы!» деген мадақтау сөздерімен бағалап отырады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық


Келесі «Ойланайық» тапсырмасында манағы мәтіндегі сары түспен ерекшеленген сөздермен берілген сөйлемдерді сәйкестендіру көзделеді. Мұнда жаңа сөздердің қолданыстағы орнын оқушылардың анықтай алуы ескерілген.

3 мин

Мұғалім- сынып




Келесі «Сен білесің бе?» тапсырмасында оқушылардың бүгінгі алған білімдеріне осы айдармен қосымша тың мәліметтер бере отырып, оқушылардың білім қорын молайту жүзеге асады. Бұнда ақылды үй қазірдің өзінде елімізде бар екені және олар төтенше жағдайлардың алдын алуға қауқарлы екенін мұғалім баса түсіндіріп кетеді.

5 мин

Жеке жұмыс Жұптық жұм.
Сынып






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет