Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет66/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Еңбектің сыйы. (1-тоқсан, 2-тарау)
18-сабақ

Дағды

Оқылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі /жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Уәде, ұмыту, жауапты, құрмет

Алдыңғы білім

Мейірімділік – асыл қасиет

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Сабақтың барысы

С.кезең

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Бұл сабақта оқушылар алдыңғы сабақта таныс болған
«Мейірімді қыз» ертегісінің жалғасын оқитын болады.Оқулық бетінде берілген тапсырмаларды орындамас бұрын мұғалім оқушыларды сөзге тартып, өткен сабақты қайталатады. Оқушылар өткен сабақты еске түсірулері үшін «Сұрақтар
сандығы» әдісін қолдануға болады.

5 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

Негізгі бөлім

Мұғалім сандықтың ішіне ертегінің мазмұнына қатысты сұрақтарды жазып салып қояды. Кез келген оқушы сұрақтарды алып, жауап береді. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы ертегі мазмұнын қаншалықты меңгергенін байқауға болады.

  1. Ертегінің негізгі кейіпкері кім? Ол қандай?

  2. Ертегі кейіпкерінің достары кімдер?

  3. Ертегінің соңы қалай аяқталды?

  4. Ертегідегі қыз саған ұнады ма? Неге?

  5. Ертегіде кейіпкер кімдермен кездесті?

Сұрақтарға жауап беріп болған соң, мұғалім оқушыларды
«рөлдік ойынға» қатысуға шақырады. Топтар рөлдік ойындарға қатысады. Кейіпкерлердің рөлдерін өзара бөліп алады. Мұғалім кейбір білім деңгейі төмен оқушыларға тірек сөздер, сөз тіркестерін береді. Бұл тапсырма оқушының айтылым дағдысын
жетілдіреді.

7 мин

Мұғалім-оқушы

Сұрақтар салынған сандықша

Рөлдік ойынға арналған тірек сөздер.


Кейіпкерлерге арналған суреттер.




«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда оқушылар мұғалімнің жетелеуімен сурет арқылы ертегінің жалғасын болжайды. Одан әрі оқушылар суреттердің тұсында тұрған сөйлемдерді оқып, өз болжамдарының дұрыс болу мүмкіндігі
туралы ойланады.












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет