Сабақтың тақырыбы
|
Мейірімділік – асыл қасиет. (1-тоқсан, 2-тарау)
17-сабақ
|
Дағды
|
Оқылым және айтылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу
және сөйлеу барысында қолдану
|
Лексикалық минимум
|
Мейірімді, көрікті, қарапайым, еңбекқор, ыстық
|
Алдыңғы білім
|
Қайталау
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиеттік
|
Сабақтың барысы
|
С.кезең
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Мұғалім тарапынан берілетін алғашқы тапсырма сабаққа кіріспе ретінде қолданылады. Біріншіден, оқушыларға тақырыптың не жөнінде болатынын білдірсе, екіншіден оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға негізделеді. Мұғалім
«Миға шабуыл» әдісімен оқушыларға интерактивті тақтадан
«Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ» ертегісіне қатысты суреттерді көрсетеді. Оқушылар бұл ертегілермен бұрыннан таныс болғандықтан, «Бұл – ертегі», – деп бірден жауап береді. Мұғалім әр топқа «ертегі» сөзіне ассоциация құруға тапсырма береді. Оқушылар өз білгендері бойынша жауап береді.
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
«Мақта қыз бен мысық», «Бауыр- сақ» ертегілеріне қатысты суреттер
|
|
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға суреттер көрсетіледі. Оқушылар осы суреттерге қарай отырып, жаңа сөздерді меңгереді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Мұғалім оқушыларға үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді.
Бұл тапсырма көлемінде оқушылардың бұрыннан бар білімдерін жаңғырту да жүзеге асырылады. Мәселен, жаңа сөздерді үйренгенде ол сөздердің мағынасын ұғып, меңгеріп алулары үшін оқушыларға антоним сөздерді таптыру жұмысы зор пайдасын тигізеді. Бұл да жаңа сөздердің санада тұрақтап қалуына септігін тигізеді. Осы орайда 4.2.1.1 берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану оқу мақсаты орындалады.
|
5-6 мин
|
|
|
|
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада жаңа сөздермен жұмыс жанданады, яғни, оқушылар осы жаңа сөздерді қолданып, сөйлемдер құрастырады. Мұғалім оқушыларға бір үлгі көрсетеді. Оқушылар үлгіге қарап, басқа сөйлемдер құрастырады. Мысалы: Адамды мінезі көрікті етеді. Әлемді
мейірімді жандар құтқарады. Еңбекқор адам табысқа жетеді. т.б.
|
5 мин
|
|
|
Негізгі бөлім
|
«Ойланайық» айдарында берілген тапсырма оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар суретке қарай отырып, оның әрекетіне баға береді, қыздың қандай адам екенін болжап айтады.
Мұғалім оқушыларға болжам жасағанда «Попс» формуласын қолдануды ескертеді. Оқушылар өз ойын айту үшін міндетті түрде «менің ойымша», «себебі» сөздерін қолданып сөйлеуі керек. Бұл әдіс арқылы оқушының өз ойын нақты жеткізуі,
тұжырымдай білу дағдылары жетіледі, сөздік қоры молаяды.
|
5 мин
|
Жеке жұмыс
|
«Попс» формула- сына қатысты тіркестер жазылған қағаз
|
|
«Оқиық» айдарындағы тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар «Мейірімді қыз» ертегісін оқиды. Тапсырма оқушылардың ертегіні түсініп оқуына арналған. Ол үшін мұғалім алдымен ертегінің суреттеріне назар аударып, мазмұнын болжап көреді. Егер оқушылардың деңгейі тым төмен болып жатса, мұғалім өзі жетелейді. Одан соң мұғалім оқушыларға ертегіні алдымен іштей, содан кейін дауыстап оқуға тапсырма береді. Оқушылар ертегіні оқиды. Өз болжамдарымен салыстырады. Өздеріне- өздері баға береді. Бұл тұста 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен?, Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру оқу мақсаты орындалады.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Оқулық
|
«Ойланайық» тапсырмасы оқушылардың ойлануына бағытталған. Оқушылар ертегіні оқып болған соң, ертегідегі қарамен жазылған сөздерге назар аударады. Оқушылар жұмыс дәптерінде осы тапсырманы жазбаша орындауына да болады. Мұндай тапсырма орындатудағы мақсат – оқушыларға төменгі сыныпта білімін жетілдіріп, пысықтату. Сөздердің тұлғасына қарап грамматикалық белгілерін, яғни, мағынасын түсіну (яғни, табыс септігін қолданыстық тұрғыда қайталайды). Қарамен
жазылған сөздерге сұрақ қояды.
|
3-5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Оқулық
|
|
«Ізденейік» тапсырмасын орындауда оқушылар жаңа сөздермен жұмысты жандандырады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен ертегідегі кездескен жаңа сөздердің қарсы мәндерін (антонимдерін) табады.
Көрікті-көріксіз (ұсқынсыз, әдемі емес), мейірімді-қатал, еңбекқор-жалқау, ыстық-суық. 4.2.1.1 берілген сөздерге қарама- қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу
барысында қолдану оқу мақсаты орындалады.
|
5 мин
|
Жеке жұмыс
|
Оқулық
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |