Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет78/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырмада оқушыларға сөздердің мағыналары беріледі және мысалдар келтіру арқылы түсіндіріледі. Оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында
бірнеше сөйлемдер құрастырылып айтылады.

5-7 мин

Мұғалім-сынып

Отбасы мүшеле- рінің суреттері







Мысалдар




борыш – міндет

Ата-ананы құрметтеу – менің борышым Адал азамат болып өсу – менің борышым

тірек – сүйеніш

Ағам – менің тірегім. Ол маған үнемі көмек береді.

мақсат –
жоспарлаған іс

Менің мақсатым – сабақты жақсы оқу

пікір – ой

Мен бұл пікірмен келіспеймін

Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырманы орындау үшін оқушылар ортаға шығады. «Пікірлер сызығы» әдісі бойынша оқушылар екіге бөлінеді. 1-топтағы оқушылар – осы пікірмен келісетіндер, 2-топтағы оқушылар – осы пікірмен келіспейтіндер. Сыныптың ортасына қызыл түсті ұзындау лента қойылады.
Оқушылар лентаның екі жағында тұрулары керек. Оқушылар айтылған пікірмен не үшін келісетінін, себебін үлгіні пайдаланып, мұғалімнің көмегімен айтады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы, өзін ортада еркін ұстауы, өз
пікірін білдіру қабілеті дамиды. Оқушылар келісемін/келіспеймін деп себебін түсіндіруге дағдыланады.
Үлгі: Мен бұл пікірмен келісемін, себебі.....
Мен бұл пікірмен келіспеймін, себебі....

  1. Туысқандарға үнемі қамқор болу керек.

  2. Ата-анаға қамқор болу – әр адамның борышы, міндеті.

  3. Нағыз азамат – ата-ананың тірегі, ол отбасын ешқашан ұмытпайды.

  4. Ақылды бала алдына мақсат қояды.

  5. Бала ата-анасының тірегі болуы керек.

  6. Ата-әжелерге, ата-аналарға ойыннан бос кезде көмектесу керек.

Осы тапсырманы орындау барысында 4.2.1.1 берілген сөздерге
қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану мақсаты қосымша жүзеге асады.

5 мин

Жеке

«Пікірлер
сызығы» әдісін өткізуге арналған қызыл түсті лента қиындысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет