Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет142/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Жаңа сөз үйренейік» айдарымен берілген тапсырмада мұғалім жаңа сөздерді меңгерту үшін куеззинари таяқшасын қолдануына болады. Ол үшін мұғалім әр сөзді белгілі бір түсі бар таяқшамен белгілейді. Мысалы, сары түс – «мамандық» сөзіне, ал қызыл түс – «сахна» сөзіне, көк түс – «жеңімпаз» сөзіне, жасыл түсті таяқша – «жүлде» сөзіне телініп беріледі. Оқушыларға мұғалім алдымен әр таяқшаны көрсетіп тұрып, сол таяқшамен белгіленген сөзді бірнеше мәрте қайталатып жаттап алуына мүмкіндік туғызады. (Мұғалім сөздерді алдымен топта, одан соң жұпта, соңында жеке қайталатады). Соңына қарай оқушыларға мұғалім түрлі түсті таяқтарды араластырып тұрып, көрсеткен таяқшасына қатысты сөзді атап берулерін сұрайды. Осылайша оқушының ынтасын жықпай, бір ғана әдіс-амалмен жалықтырмай, қызықтыра отырып жаңа сөз мағынасын ұқтырады,
атауын жаттатады.

3 мин

Топтық жұмыс

Интербелсенді тақта

Негізгі бөлім

«Тыңдайық және жауап берейік» тапсырмасын орындау үшін оқушылар
мәтінді алдымен жалпы мағынасын түсіну мақсатымен тыңдайды. Келесі мәтін тыңдау барысында нақты тапсырма бойынша мәліметті тауып
белгілейді. Сұрақтардың жауабын тыңдалым мәтінінен табады. Бұл тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын, алған білімдерін бекітуге арналған.
Тыңдалатын мәтін келесідей болып келеді:
31 желтоқсан күні өнерлі балаларды байқауға шақырамыз. Биле, ән сал, өлең оқы. Сахна сені күтеді. Кел де өнер көрсет. Жеңімпаз бол, жүлдені ұтып ал.

6 мин

Жұптық жұмыс

Аудиодиск
Тыңдалым






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет