Сабақтың тақырыбы
|
Қайталау. (2-тоқсан 4-тарау). 64-сабақ
|
Дағды
|
Айтылым және жазылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша
тілде қолдану
|
Лексикалық минимум
|
Алдыңғы сабақтарды түгел қайталау
|
Алдыңғы білім
|
Спортшы
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
«Мен саған сенемін» жаттығуы. Әуен ойнап тұрады. Оқушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың» деген сияқты сөйлемдермен жалғастырады.
Бұл сабақта оқушылар «Мамандықтар» бөлімі бойынша өткенді қайталайды, еске түсіреді. Өткен тақырыптарға байланысты 4 тапсырма берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр тапсырма бойынша жұмыс істейді.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Суреттер Оқулық
|
Негізгі бөлім
|
«Мамандық атауын білемін» айдарындағы 1-тапсырмада оқушылар алдыңғы білімдерін еске түсіріп, мамандық атауларының іс-әрекетін білдіретін сөйлемдерді суретпен сәйкестендіріп сипаттап айтады. Оқушылардың алдына сөйлемдері бар карточкалар беріледі. Әр шаршының ішінде мамандық иелерінің суреттері берілген.
Үлгі:
Оның қызметі – ғимараттардың жобасын жасау.
Оның қызметі – ағаш өңдеу.
«Кіммен? Немен?» сұрақтарына жауап беремін» айдарында 2- тапсырма. А) Бұл тапсырмада айтылым және жазылым дағдысы қалыптасады. Оқушылар алдыңғы білімдерін еске түсіріп, мамандық атауларының іс-әрекетін білдіретін сөздерге септік жалғауын жалғап, ауызша/жазбаша түрде қолданады.
«Кімге? Неге? Сұрақтарына жауап беремін» айдарында 3- тапсырмада сынып жұппен жұмыс жасайды. Оқушылар алдымен оқулықтағы берілген суретке назарын аударады. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы айтылым дағдысы қалыптасады. Мамандыққа қатысты құралдардың кімге тиесілі екенін тауып, құралдардың атауын жазады.
«Мамандыққа қатысты құралдарды білемін» 4-тапсырма. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Жұптарға 4-тапсырмада берілген мәтін бойынша суреттер беріледі. Сұрақтарға жауап бере отырып, сұхбаттасады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |