Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
|
|
Бүгін оқушылар нені үйренді?
|
|
Оқыту ортасы қандай болды?
|
|
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
|
|
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қорықта. (3-тоқсан, 6-тарау). 86-сабақ
|
Дағды
|
Тыңдалым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.1.1.1 *Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.1.3.1 *Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын
анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау
|
Лексикалық минимум
|
Қорық, мүйіз, еркін жүру, жайылу, қоршау
|
Алдыңғы білім
|
Табиғат – ортақ үйіміз
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Мұғалім сабақты жұмбақпен бастайды. Осылайша жаңа сабақ хабарланады.
Мүйiзiнен таралған,
Жанға шипа дәрi алған. (Марал)
Оқушыларды жаңа тақырыпқа енгізу үшін маралдың суретін тақтаға іліп, оны киіктен қалай ажыратуға болатыны туралы талқылау ұйымдастыруына болады. Осы тұста жануардың дене мүшелерінің атауын қоса қайталату артық болмайды. Осы кезде жаңа сөз ретінде «мүйіз», «жайылу», «қоршау»,
«қорық», «еркін жүру» сөздерінің таныстырылып кеткені жөн болады. Суретпен түсіндіруге келмейтін сөздерді қимылмен немесе бейнематериалдар көрсету арқылы ұғындыру қажет болады.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
|
Негізгі бөлім
|
Мұғалім оқушылардың назарын келесі кезекте оқулыққа аударады. Оқулықтың алғашқы тапсырмасы ретінде «Ізденейік» айдарымен ұсынылған тапсырма берілген. Аталған тапсырманы орындауда топтық жұмыс түрі оңтайлы болып келеді. Оқушылар тапқан мәліметтерімен бөлісіп, білімін толықтырады. Мұғалім бұл сабаққа арнайы сөздіктер мен энциклопедиялық кітаптарды алып келеді. Сонымен қатар сабақта ғаламторды қолдануға рұқсат етіледі.
|
7 мин
|
Топпен
|
|
Оқушыларға ұсынылатын оқулықтың келесі тапсырмасы тағы да ізденіске бастайды. Бұл тапсырма негізінен оқушының тыңдалым дағдысын дамытуға арналған. Алайда тапсырманы оқушының оңай орындай алуына қолдау көрсеткіміз келсе, алдымен таныс емес сөздерін анықтап алу мақсатымен тыңдату орынды болады. Осылайша оқушылар сөздіктің немесе ғаламтордағы дереккөздердің көмегіне жүгінеді. Одан әрі тыңдалым мәтіні қайта қосылып, оның жалпы мазмұнын ұғыну тапсырылады. Оқушыларға мейлінше қолдау көрсету мақсатымен тыңдау әрі жүргізіп оқу мүмкіндігі оқулықта қатар беріледі. Аталған тапсырманы орындату барысында 4.1.1.1 оқу мақсаты оңтайлы іске асады.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |